Об определении целевых групп населения, проживающих на административной территории Алтынсаринского района на 2012 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.04.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2012 жылға Алтынсарин ауданының әкімшілік аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5 бабына, 7 бабының 2) тармақшасына сәйкес Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2012 жылға Алтынсарин ауданының әкімшілік аумағында тұратын халықтың нысаналы топтары осы қаулының қосымшасы бойынша анықталсын.
Тармақ 2
2. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі тұрғындардың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.С. Қазыбаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Әкімдіктің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 371 қаулысына қосымша 2012 жылға Алтынсарин ауданының әкімшілік аумағында тұратын халықтың нысаналы топтары
Тармақ 1
1. Табысы аз адамдар.
Тармақ 2
2. Жиырма бір жасқа дейінгі жастар.
Тармақ 3
3. Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар.
Тармақ 4
4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар.
Тармақ 6
6. Зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған).
Тармақ 7
7. Мүгедектер.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар.
Тармақ 9
9. Бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар.
Тармақ 10
10. Оралмандар.
Тармақ 11
11. Жоғарғы және оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер.
Тармақ 12
12. Жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар.
Тармақ 13
13. Техникалық және кәсіптік, орта білім білімнен кейінгі ұйымдарды бітірушілер.
Тармақ 14
14. Ұзақ уақыт (бір жыл және одан әрі) жұмыс істемейтін адамдар.
Тармақ 15
15. Елу жастан үлкен адамдар.
Тармақ 16
16. Жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар.
Тармақ 17
17. Уәкілетті органның жіберу бойынша кәсіптік даярлау және (немесе) қайта даярлауды, біліктілігін арттыруды аяқтаған адамдар.
Тармақ 18
18. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар.