Об организации общественных работ на 2012 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.01.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2012 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20 бабына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысымен бекітілген «Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесіне» сәйкес, жұмыссыздар үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында, Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес ұйымдардың тізбелері, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері бекітілсін, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс айқындалсын.
Тармақ 2
2. «Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (Г.Олжабаева) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 1 қаңтарынан туындайтын қатынастарға таралады.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Жақсылық Мырзабекұлы Сапаралиевке қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Басқа 5
Тараз қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 7 қаулысына қосымша 2012 жылға арналған қала ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және нақты жағдайлары, қаржыландыру көздері, сұраныс пен ұсыныс № Ұй­ым­дар­дың ата­уы Қо­ғам­дық жұ­мыстар­дың түр­ле­рі Қо­ғам­дық жұ­мыстар­дың кө­ле­мі мен нақ­ты жағ­дай­ла­ры Қа­ты­су­шы­лар­дың ең­бе­гіне тө­ле­не­тін ақы­ның мөл­ше­рі және олар­ды қар­жы­лан­ды­ру (тең­ге) Сұ­ра­ныс Ұсы­ныс 1. Та­раз қа­ла­сы әкім­ді­гі­нің тұр­ғын жай-ком­му­нал­дық ша­ру­а­шы­лық, жо­ла­у­шы кө­лі­гі және ав­то­мо­биль жол­да­ры бө­лі­мі­нің» «Жа­сыл Та­раз» ма­ман­дан­ды­ры­л­ған кә­сі­по­рын» ша­ру­а­шы­лық жүр­гі­зу құқы­ғын­да­ғы мем­ле­кет­тік ком­му­нал­дық кә­сі­по­ры­ны Қа­ла­ны са­ни­тар­лық та­за­лау, көр­кей­ту және кө­гал­дан­ды­ру То­лық емес жұ­мыс кү­ні жағ­дай­ын­да және икем­ді кесте бой­ын­ша 32000 жер­гі­лік­ті бюд­жет 300 250 2 Та­раз қа­ла­сы әкім­ді­гі­нің тұр­ғын жай-ком­му­нал­дық ша­ру­а­шы­лық, жо­ла­у­шы кө­лі­гі және ав­то­мо­биль жол­да­ры бө­лі­мі» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі­нің ша­ру­а­шы­лық жүр­гі­зу құқы­ғын­да­ғы «Тұр­ғын үй» мем­ле­кет­тік ком­му­нал­дық кә­сі­по­ры­ны Бе­кі­ті­л­ген учас­ке­ле­рін­де са­ни­тар­лық та­за­лау То­лық емес жұ­мыс кү­ні жағ­дай­ын­да және икем­ді кесте бой­ын­ша 30000 жер­гі­лік­ті бюд­жет 15 10 Барлығы 315 260