О предоставлении в 2012 году мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты города Туркестан Қолданыста
Басқа 0
Түркістан қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2012 жылы әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерiн және ережесiн бекiту туралы" Қаулысының 2-тармағына және қала әкiмiнiң мәлімдемесіне сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШТI:
Тармақ 1
1. Түркістан қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына қажеттiлiктi ескере отырып, 2012 жылы бiр маманға жетпiс есептiк айлық көрсеткiшке тең сомада көтерме жәрдемақысы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау-бір мың бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомада бюджеттік кредиті ұсынылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiлсiн.