О предоставлении в 2012 году подъемного пособия и социальной поддержки для приобретения жилья специалистам сфер здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Мактааральского района Қолданыста
Басқа 0
Мақтаарал ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс iстеу және тұру үшiн
келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет
және спорт салаларының мамандарына 2012 жылы көтерме жәрдемақы және
тұрғын үй сатып алу үшiн әлеуметтiк қолдауды ұсыну туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысымен бекітілген Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну ережесiнің 2-тармағына және аудан әкiмiнiң мәлiмдемесiне сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТI:
Тармақ 1
1. Мақтаарал ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт салаларының мамандарына қажеттiлiктi ескере отырып, 2012 жылы бiр маманға жетпiс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақысы және тұрғын үй сатып алу үшiн бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада әлеуметтік қолдау ұсынылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiлсiн.