О мерах по организации социальных рабочих мест в Абайском районе на 2012 год Қолданыста
Басқа 0
2012 жылға Абай ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы N 2162 "2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы "Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекіту туралы" N 316 қаулысына сәйкес, нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (З. Шакентаев), "Абай ауданының жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (С.А. Ақсанов):
Тармақша 1
1) алынып тасталды - Қарағанды облысы Абай ауданы әкімдігінің 2012.10.02 N 28/03 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген тәртіпте Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркелген, әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істеуге ниет білдірген нысаналы топтардағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа қабылдау және жіберу бойынша жұмыс жүргізсін;
Тармақша 3
3) осы санаттағы азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс берушілермен келісімшарт жасау туралы жұмыс жүргізсін;
Тармақша 4
4) әлеуметтік жұмыс орындарының ұйымдастырылуының тиімділігін бақылау, жасалған шарттардың орындалуы бойынша жұмыс жүргізсін;
Тармақша 5
5) әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру мониторингін жүргізсін.
Тармақ 2
2. Ауданның ұйымдары, кәсіпорындары, мекемелері нысаналы топтардағы жұмыссыз азаматтарды уақытша жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ашсын.
Тармақ 3
3. Жұмыс берушілер әлеуметтік жұмыс орындарға орналыстырған азаматтарға ақы төлеуін келесі мөлшерде жүргізсін:
Тармақша 1
1) алғашқы алты айда аудандық немесе республикалық бюджеттің қаражаты есебінен еңбекақыдан 50 пайызы мөлшерінде және жұмыс берушінің қаражаты есебінен 50 пайызы аз емес мөлшерінде;
Тармақша 2
2) келесі үш айда республикалық бюджеттің қаражаты есебінен еңбекақыдан 30 пайызы мөлшерінде және жұмыс берушінің қаражаты есебінен 70 пайызы аз емес мөлшерінде;
Тармақша 3
3) соңғы үш айда республикалық бюджеттің қаражаты есебінен еңбекақыдан 15 пайызы мөлшерінде және жұмыс берушінің қаражаты есебінен 85 пайызы аз емес мөлшерінде.
Тармақ 4
4. Абай ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 28 желтоқсандағы N 30/28 "2011 жылға Абай ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне N 8-9-99 тіркелген, 2011 жылғы 21 қаңтардағы N 3 "Абай-Ақиқат" аудандық газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай ауданы әкімінің орынбасары Әсем Айтжанқызы Жүніспековаға жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін әрекет етеді.
Басқа 15
Абай ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
N 32/10 қаулысына
қосымша
Әлеуметтік жұмыс орындары құрылатын ауданның ұйымдары, кәсіпорындары және мекемелерінің тізімі
Реттік N
Кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер
Жоспарланатын жұмыс орындарының саны
Жоспарланатын жұмыстардың ұзақтығы (ай)
Айлық еңбекақы мөлшері, теңге
Жоспарланатын өтемақы мөлшері, теңге
1.
"Агро-Арна" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
10
6
17439
8719,5
2.
"Огороды" фермерлік шаруашылығы
7
6
17439
8719,5
3.
"Мечта" пәтер иелерінің тұтыну кооперативі
4
6
17439
8719,5
4.
"Гелло" пәтер иелерінің кооперативі
3
6
17439
8719,5
5.
"Фортуна-Абай" пәтер иелерінің кооперативі
2
6
17439
8719,5
6.
"Вера" пәтер иелерінің тұтыну кооперативі
2
6
17439
8719,5
7.
"Асар" пәтер иелерінің кооперативі
2
6
17439
8719,5
8.
Жеке кәсіпкер Гайсина Л.В.
5
Алғашқы 6 ай
30000
15000
Келесі 3 ай
30000
9000
Соңғы 3 ай
30000
4500
9.
"ХАТУУ" ауыл шаруашылығы
10
Алғашқы 6 ай
52000
26000
Келесі 3 ай
52000
15600
Соңғы 3 ай
52000
7800
10.
"Геракл" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
6
Алғашқы 6 ай
52000
26000
Келесі 3 ай
52000
15600
Соңғы 3 ай
52000
7800
11.
""EURO-Business" микрокредиттік ұйымы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
1
Алғашқы 6 ай
52000
26000
Келесі 3 ай
52000
15600
Соңғы 3 ай
52000
7800
12.
"Агрофирма Құрма" жауапкершілігі шектеулі серіктестік
1
Алғашқы 6 ай
52000
26000
Келесі 3 ай
52000
15600
Соңғы 3 ай
52000
7800
Барлығы
53