Об организации и обеспечении приписки граждан мужского пола, достигшим в 2012 году семнадцатилетнего возраста к призывному участку Сузакского района Қолданыста
Басқа 0
2012 жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды Созақ ауданының әскерге шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi «Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы» Заңының 17-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына сәйкес аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2012 жылдың қаңтар-наурызында Қазақстан Республикасының 1995 жылы туылған 2012 жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды Созақ аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесінде тіркеуі жүргізілсін.
2. 1995 жылы туылған жастарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу үшін мына құрамда тіркеу комиссиясы құрылсын:
Асанов Бауыржан Максутханович
міндетін уақытша атқарушы, комиссия төрағасы (келiсiм бойынша);
Сатыбалды Ағаділ Болатұлы
аудандық iшкi саясат бөлiмiнiң маманы комиссия төрағасының орынбасары;
комиссия мүшелерi:
Құрбанов Сапар
аудандық iшкi iстер бөлiмi бастығының орынбасары;
Қазбеков Мұхамеджан
аудандық емхана дәрiгер-терапевт, медициналық комиссияның төрағасы (келiсiм бойынша);
Байдуллаева Жанар
аудандық емхана мейiрбикесi, комиссия хатшысы (келiсiм бойынша).
Тармақ 3
3. Созақ аудандық емханасына (бас дәрігер Г.Аққозиева–келiсiм бойынша):
Тармақша 1
1) 1995 жылы туылған азаматтарды дәрігерлік тексеруден өткізуді ұйымдастыру мақсатында медициналық комиссиясын қажетті медициналық құрал-жабдықтар және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) тіркеу комиссиясының жолдамасы бойынша тіркелушілерді жедел түрде стационарлық тексеруден өткізуді қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) тіркелушілерді жалпы анализ тапсырудан, электрокордиологиялық және флюорографиялық тексеруден уақытылы және үзіліссіз өтуін қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Созақ аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне (бөлім бастығының міндетін уақытша атқарушы Б.Асанов-келiсiм бойынша):
Тармақша 1
1) тіркеуге алу кезінде Созақ аудандық білім бөлімімен бірлесіп, шақырылушы жастар арасында әскери-патриоттық мәселелер бойынша тәрбиелік және түсініктеме жұмыстарын ұйымдастырып, өткізу;
Тармақша 2
2) тіркеуді жүргізудің қорытындысы жөнінде және тіркеу комиссиясының атқарған жұмысы туралы аудан әкіміне 2012 жылдың 5 сәуіріне дейін ақпарат беру ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Созақ аудандық білім бөлімі (бөлім бастығы – Б.Жұмаділ) және ауыл округтерінің әкімдері:
Тармақша 1
1) шақырылушы жастардың тізімдерін және құжаттарын Созақ аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне уақытылы ұсынылуын қамтамасыз етсін, шақыру қағаздарын уақытылы тартылуын бақыласын;
Тармақша 2
2) бекітілген кестеге сәйкес тіркелушілерді белгіленген мерзімде шақыру учаскесіне алып келу және алып қайтуды бастапқы әскери дайындықты оқытушы-ұйымдастырушылары мен әскери есеп столының мамандары арқылы ұйымдастырсын.
Тармақ 6
6. Созақ аудандық iшкi iстер бөлiмiне (бөлім бастығы С.Қасымбеков-келiсiм бойынша):
Тармақша 1
1) тіркеуден жалтарғандарды іздестіру және шақыру пунктіне жеткізуге, сондай-ақ тіркеу уақытында шақыру пунктінде тәртіп сақтау үшін бір қызметкерді бөлуге көмек көрсету;
Тармақша 2
2) 2012 жылдың 1 сәуірінен кейін әскери міндеттерін орындаудан жалтарған азаматтарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асыру ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу комиссиясы мүшелерінің және медициналық қызметкерлердің шақыру учаскесінде жұмыс істеу уақытында жұмыс орны, қызметі және жалақысы сақталсын.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Б.Әлмағанбетке жүктелсiн.
Тармақ 9
9. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Созақ аудандық қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі бастығының
міндетін уақытша атқарушы
_______________Асанов Бауыржан Максутханович
«17» қаңтар 2012 жыл
Созақ аудандық ішкі істер
бөлімінің бастығы
_______________Қасымбеков Сарсен
«17» қаңтар 2012 жыл
Созақ аудандық емхананың
бас дәрігері
_______________Аққозиева Гүлжанат
«17» қаңтар 2012 жыл