Об организации и обеспечении приписки граждан к призывному участку в январе - марте 2012 года Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.01.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2012 жылдың қаңтар-наурызында азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» заңының 17, 18-баптарына сәйкес ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. 2012 жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу 2012 жылдың қаңтар-наурызында өткізілсін. Шақыру учаскесі «Бейнеу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (одан әрі – Қорғаныс бөлімі) базасында құрылсын.
Тармақ 2
2. Село, селолық округтер әкімдері: Қорғаныс бөліміне әскер жасына дейінгілердің сандық құрамын растайтын құжаттарды берсін; Қорғаныс бөліміне әскер жасына дейінгілерді әскери есепке алуда көмек көрсетсін.
Тармақ 3
3. Мыналарға ұсынылсын:
Тармақша 1
1) «Маңғыстау облысының ішкі істер департаменті Бейнеу ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы А.Борановқа: азаматтарды тіркеу кезеңінде Қорғаныс бөлімімен өзара іс-қимыл ұйымдастыру және шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету; әскер жасына дейінгілердің шақыру учаскесіне келуін бақылауды жүзеге асыру және олардың тіркеуден жалтару әрекетінің жолын кесу;
Тармақша 2
2) «Бейнеу орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры З.Нұржановаға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қаңтардағы №44 «Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидасын және әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережені бекіту туралы» қаулысымен айқындалған тәртіппен шақыру учаскесіне тіркелуге жататын азаматтарды медициналық комиссиядан өткізуді қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) Қорғаныс бөлімінің бастығы С.Қабиевқа: әскер жасына дейінгілерді шақыру учаскесіне тіркеуді толық қамтуға қол жеткізу және оларды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне қызмет етуге әзірлеуді ұйымдастыру; тіркеу кезінде әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеу жүргізу; 2012 жылдың 15 сәуіріне дейін шақыру учаскесіне тіркеу жөнінде аудан әкіміне ақпарат беру.
Тармақ 4
4. «Бейнеу аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы М.Нысанбаевқа азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуге байланысты шығыстарды қаржыландыруды жүзеге асыру тапсырылсын.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары К.Машырықовқа жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.