Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2012 год областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на здравоохранение Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.12.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы «2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңының 13-бабын және «2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1428 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі нысаналы ағымдағы трансферттердің бекітілген сомасын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне аударуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
Тармақша 1
1) нысаналы ағымдағы трансферттердің бөлінген сомасын уақтылы және нысаналы пайдалануды;
Тармақша 2
2) есепті айдан кейінгі айдың 15-күніне дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне нысаналы ағымдағы трансферттердің бөлінген сомасының пайдаланылуы туралы есептер беруді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 7. Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану қағидалары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 115 қаулысымен бекітілген Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына және «2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1428 қаулысын сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Қағидалар облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді мынадай республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша пайдалану тәртібін айқындайды: 010 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер»; 027 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін ұстауға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттер»; 038 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейде медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер».
Тармақ 3
3. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер:
Тармақша 1
1) аурулардың профилактикасына, салауатты өмір салтын насихаттау мен қалыптастыруға;
Тармақша 2
2) АИТВ ахуалына эпидемиологиялық қадағалау жүргізуге;
Тармақша 3
3) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.12.28 № 1725 Қаулысымен.
Тармақша 4
4) ересек адамдарда артериялық гипертензияның, жүректің ишемиялық ауруларының, қант диабетінің бар-жоғын тексеріп-қарауға;
Тармақша 5
5) балалардың, ересектердің нысаналы топтарына «В» және «С» гепатитін анықтауға скрининг жүргізуге;
Тармақша 6
6) жатыр мойының ісігін анықтау үшін скрининг жүргізуге;
Тармақша 7
7) колоректалдық қатерлі ісікке скрининг жүргізуге;
Тармақша 8
8) бастапқы медициналық-санитариялық көмек (бұдан әрі - БМСК) ұйымдарында әлеуметтік қызметкерлер институтын енгізуге;
Тармақша 9
9) БМСК ұйымдарын медициналық мейірбикелермен толықтыру үшін;
Тармақша 10
10) жылжымалы медициналық кешендердің жұмыс істеуіне;
Тармақша 11
11) наркологиялық диспансерлерде және оңалту орталықтарында, хоспистер мен мамандандырылған емдеу-профилактикалық кәсіпорындарында, санаторийлерде, мейірбикелік күтім ауруханаларында науқастарды емдеуге;
Тармақша 12
12) онкологиялық аурулармен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсетуге;
Тармақша 13
13) тіс-жақ аномалияларын жоюға арналған аппаратты пайдалана отырып, туа біткен жақ-бет мүшелерінің патологиясы бар балаларға ортодонттық көмек (ортодонттық пластинка) көрсетуге;
Тармақша 14
14) БМСК ұйымдары көрсететін медициналық көмек сапасының нәтижелерін ескеретін БМСК тарифіне қосымша компонентті төлеуге (БМСК тарифіне ынталандыратын құрамдас бөлік);
Тармақша 14-1
14-1) қуықасты безінің обырын скринингтік зерттеуге;
Тармақша 15
15) дәрілік заттарды, вакциналар мен басқа да иммундық-биологиялық препараттарды, диабетке қарсы препараттарды; туберкулезге қарсы препараттарды; гематологиялық науқастарға арналған химиялық препараттарды, гемофилиямен ауыратын ересек науқастарға қан ұйыту факторларын; жіті миокард инфаркты бар науқастар үшін тромболитикалық препараттарды; «В» және «С» вирустық гепатиттерімен ауыратын балаларды және ересектерді емдеуге арналған препараттарды; АИТВ инфекциясын жұқтырғандарды емдеуге және байланыста болғаннан кейінгі профилактикасына арналған ретровирусқа қарсы препараттарды, миастениямен ауыратын науқастарды; реналдық анемиясы бар бүйрек функциясының созылмалы жетіспеушілігімен ауыратын науқастарды емдеуге арналған препараттарды; муковисцидозбен; мукополисахаридозбен; Гоше ауруымен ауыратын балаларды емдеуге арналған препараттарды; ұмытшақ склерозы бар науқастарға препараттарды, амбулаториялық деңгейде онкологиялық науқастарды дәрілік заттарды (таргенттік препараттар); Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен бекітілген аурулар (жүректің ишемиялық ауруы, артериялық гипертензия, созылмалы жүрек жетіспеушілігі, аритмия, пневмония, өкпенің созылмалы обструктивтік ауруы, асқазан мен ұлтабардың ойық жарасы) түрлері бойынша азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесіне сәйкес дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдарды 0,5-тен 1,0-ге дейін мөлшерінде өтеу коэффициентіне жеткізуге пайдаланылады.
Тарау 2. 2. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге республикалық бюджеттен берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану тәртібі
2. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге республикалық бюджеттен берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану тәртібі
Тармақ 4
4. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге: наркологиялық диспансерлерде және оңалту орталықтарында, хоспистер мен мамандандырылған емдеу-профилактикалық кәсіпорындарында, санаторийлерде, мейірбикелік күтім ауруханаларында науқастарды емдеуге стационарлық және стационарды алмастыратын көмекке; онкологиялық науқастарға медициналық көмек көрсету (2011 жылғы желтоқсандағы шот-тізілімге енбеген ТМКК аясында медициналық қызмет көрсету оқиғалары үшін және сапа мен көлемді бақылау бойынша оқиғаларды қосқандағы төлем); аурулардың профилактикасына, салауатты өмір салтын насихаттау мен қалыптастыруға; тіс-жақ аномалияларын жоюға арналған аппаратты пайдалана отырып, туа біткен жақ-бет мүшелерінің патологиясы бар балаларға ортодонттық көмек (ортодонттық пластинка) көрсетуге медициналық қызметтерді сатып алуды облыстардың, Астана және Алматы қалаларының мемлекеттік денсаулық сақтау басқармаларының жергілікті органдары жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз ету және кеңейту жөніндегі іс-шараларды іске асыру шеңберінде:
Тармақша 1
1) аурулардың профилактикасына, салауатты өмір салтын насихаттау мен қалыптастыруды;
Тармақша 2
2) АИТВ ахуалына эпидемиологиялық қадағалау жүргізуді;
Тармақша 3
3) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.12.28 № 1725 Қаулысымен.
Тармақша 4
4) ересек адамдарда артериялық гипертензияның, жүректің ишемиялық ауруларының, қант диабетінің бар-жоғын тексеріп-қарауды;
Тармақша 5
5) ересектердің, балалардың нысаналы топтарына «В» және «С» гепатитін анықтауға скрининг жүргізуді;
Тармақша 6
6) жатыр мойының ісігін анықтау үшін скрининг жүргізуді;
Тармақша 7
7) колоректалдық қатерлі ісікке скрининг жүргізуді;
Тармақша 8
8) БМСК ұйымдарында әлеуметтік қызметкерлер институтын енгізуді;
Тармақша 9
9) БМСК ұйымдарын медициналық мейірбикелермен толықтыруды;
Тармақша 10
10) жылжымалы медициналық кешендерінің жұмыс істеуін;
Тармақша 11
11) наркологиялық диспансерлерде және оңалту орталықтарында, хоспистер мен мамандандырылған емдеу-профилактикалық кәсіпорындарында, санаторийлерде, мейірбикелік күтім ауруханаларында науқастарды емдеуге;
Тармақша 12
12) онкологиялық аурулармен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсетуді;
Тармақша 13
13) тіс-жақ аномалияларын жоюға арналған аппаратты пайдалана отырып, туа біткен жақ-бет мүшелерінің патологиясы бар балаларға ортодонттық көмек (ортодонттық пластинка) көрсетуді;
Тармақша 14
14) БМСК ұйымдары көрсететін медициналық көмек сапасының нәтижелерін ескеретін БМСК тарифіне қосымша компонента төлеуді (БМСК тарифіне ынталандыратын құрамдас бөлік);
Тармақша 15
15) қуықасты безінің обырын скринингтік зерттеуді қамтамасыз етеді.
Тарау 3. 3. Дәрілік заттарды, вакциналарды және басқа да иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуға республикалық бюджеттен берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану тәртібі
3. Дәрілік заттарды, вакциналарды және басқа да иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуға республикалық бюджеттен берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану тәртібі
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу және олармен қамтамасыз ету жөніндегі бірыңғай дистрибьютор вакциналар мен басқа да медициналық иммундық-биологиялық препараттарды, диабетке қарсы препараттарды; туберкулезге қарсы препараттарды; амбулаториялық деңгейде онкологиялық науқастар, онкогематологиялық науқастар үшін дәрілік заттарды (таргеттік препараттар); гемофилиямен ауыратын ересек науқастарға қан ұйыту факторларын; жіті миокард инфаркты бар науқастар үшін тромболитикалық препараттарды; «В» және «С» вирустық гепатиттерімен ауыратын балаларды, ересектерді емдеуге арналған препараттарды; АИТВ инфекциясын жұқтырғандарды емдеуге және байланыстан болғаннан кейінгі профилактикасына арналған ретровирусқа қарсы препараттарды, миастениямен ауыратын науқастарды; реналдық анемиясы бар бүйрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігімен ауыратын науқастарды емдеуге арналған препараттарды; муковисцидозбен; мукополисахаридозбен; Гоше ауруымен ауыратын балаларды емдеуге арналған препараттарды; ұмытшақ склерозы бар науқастарға препараттарды сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы болып табылады.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі:
Тармақша 1
1) амбулаториялық деңгейде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесін бекітеді;
Тармақша 2
2) өңірлер бойынша 2012 жылы нысаналы ағымдағы трансферттердің есебінен бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік заттардың, вакциналар мен басқа да медициналық иммундық-биологиялық препараттардың тізбесі мен көлемін айқындайды.
Тармақ 8
8. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
Тармақша 1
1) амбулаториялық деңгейде дәрілік заттармен қамтамасыз етілетін науқастардың электрондық тіркелімін қалыптастыруды;
Тармақша 2
2) республикалық бюджеттен нысаналы ағымдағы трансферттердің есебінен сатып алынатын дәрілік заттардың пайдалануына мониториг жүргізуді;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен бекітілген дәрілік заттардың тізбесіне сәйкес жүректің ишемиялық ауруы, артериялық гипертензия, созылмалы жүрек жетіспеушілігі, аритмия, пневмония, өкпенің созылмалы обструктивтік ауруы, асқазанның және ұлтабардың ойық жарасы аурулар түрлері бойынша азаматтардың жекелеген санаттары үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу үшін нысаналы ағымдағы трансферттердің есебінен республикалық бюджеттен бөлінетін қаражатқа тең көлемде жергілікті бюджеттен қаражаттың бөлінуін қамтамасыз етеді.
Тарау 4. 4. Жергілікті деңгейде медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға және жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін ұстауға республикалық бюджеттен берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану тәртібі
4. Жергілікті деңгейде медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға және жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін ұстауға республикалық бюджеттен берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану тәртібі
Тармақ 9
9. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейде медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер медициналық жабдықтар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен мамандандырылған автокөлік сатып алуға пайдаланылады.
Тармақ 10
10. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарымен денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника стандарттарының шеңберінде жергілікті деңгейдегі медициналық ұйымдарға арналған медициналық техниканың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың, сондай-ақ мамандандырылған автокөліктің тізбесін келіседі.
Тармақ 11
11. Осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастыруды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген заңды тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 12
12. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға енгізілмеген медициналық техниканы және мамандандырылған автокөлікті сатып алуды облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары жүзеге асырады.
Тармақ 13
13. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің медициналық ұйымдарының арасында медициналық техниканы, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен мамандандырылған автокөлікті бөлуді ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын пайдалану бағыттарына сәйкес облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары жүзеге асырады.
Тармақ 13-1
13-1. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін ұстауға ағымдағы нысаналы трансферттерді аудару нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келiсiмнiң, белгiленген тәртiппен бекiтiлген төлемдер бойынша тиiстi бюджеттiк бағдарламаны қаржыландырудың жеке жоспарының негiзiнде мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісі болған кезде жүзеге асырылады. Күрделі сипаттағы шығыстарды қоспағанда, ағымдағы нысаналы трансферттер жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін ұстауға байланысты ағымдағы шығыстарға пайдаланылады.
Тарау 5. 5. Нысаналы ағымдағы трансферттер бойынша үнемдеу қаражатын пайдалану, есептілік
5. Нысаналы ағымдағы трансферттер бойынша үнемдеу қаражатын пайдалану, есептілік
Тармақ 14
14. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі облыстық бюджеттердің ағымдағы мақсатты трансферттерге, Астана және Алматы қалалары бюджеттеріне нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісім негізінде төлемдер жөнінде бюджеттік бағдарламаға сәйкес қаржыландырудың жеке жоспарына, онкологиялық ауруларға медициналық көмек көрсетуге нысаналы ағымдағы трансферттер аударымына, сондай-ақ мақсатты міндеттердің көлемі және сапасының нәтижелері есепке алынып аударымдар жүргізіледі.
Тармақ 15
15. Нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану кезінде үнемдеу пайда болған жағдайда облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің келісімімен үнемделген соманы нысаналы ағымдағы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісіммен айқындалған нәтижелер көрсеткіштерін жақсартуға пайдаланады.
Тармақ 16
16. Қандай да бір облыс бөлінген қаражатты толығымен игермеген жағдайда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен өңірлер бойынша нысаналы трансферттердің сомасын қайта бөлу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізеді.
Тармақ 17
17. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары жартыжылдықтың және бір жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне Нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімдерге сәйкес бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есеп береді.
Тармақ 18
18. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне есептілікті ұсынады.
Басқа 1. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейде медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер шеңберінде 2012 жылы сатып алынатын медициналық техниканың тізбесі
Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану қағидаларына 1-қосымша Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейде медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер шеңберінде 2012 жылы сатып алынатын медициналық техниканың тізбесі Р/с № Ата­уы 1 2 1. Қа­ла­лық және об­лы­стық ау­ру­ха­на­лар үшін уре­те­ро­пи­е­ло­ско­пы бар кон­так­ты­лы ла­зер­лік ли­то­т­рип­тер 2. Қа­ла­лық ем­ха­на­лар үшін цифр­лық ра­дио­ло­ги­я­лық жүйе 3. Қа­ла­лық және об­лы­стық ау­ру­ха­на­лар үшін ла­па­ро­ско­пи­я­лық хи­рур­ги­я­ға ар­нал­ған бей­не­эн­до­ско­пи­я­лық ке­шен 4. Босан­ды­ру ұй­ым­да­ры үшін дат­чик­тер жи­на­ғы және прин­те­рі бар УДЗ ап­па­ра­ты 5. Гла­у­ко­ма­лық ка­би­нет­тер үшін құ­рам­да­сты­ры­л­ған ла­зер­лік қон­дыр­ғы 6. Қа­ла­лық және об­лы­стық ау­ру­ха­на­лар үшін дат­чик­тер жин­тығы мен бас­қа­ру па­не­лі бар УДЗ ап­па­ра­ты 7. Қа­ла­лық ем­ха­на­лар үшін рент­ген­дік флю­о­ро­гра­фи­я­лық ста­ци­о­нар­лық цифр­лық ап­па­рат 8. Қа­ла­лық және об­лы­стық ау­ру­ха­на­лар үшін С-до­ға­сы бар жы­л­жы­ма­лы рен­ге­но­хи­рур­ги­я­лық қон­дыр­ғы 9. Он­ко­ло­ги­я­лық дис­пан­сер­лер үшін сұй­ық ци­то­ло­гия ап­па­ра­ты 10. Ту­бер­ку­лез­ге қар­сы ұй­ым­дар үшін жы­л­жы­ма­лы рент­ген­дік флю­о­ро­гра­фи­я­лық цифр­лық ке­шен 11. С-до­ға тү­рі бой­ын­ша хи­рур­ги­я­лық рент­ген­дік жүйе–ұт­қыр ап­па­рат (те­ле­ви­зи­я­лық жүй­е­ні цифр­лық кү­шейт­кі­ші бар) 12. Гла­у­ко­ма­лық ка­би­нет­тер үшін ре­ти­нал­дық то­мо­граф 13. Қа­ла­лық және об­лы­стық ау­ру­ха­на­лар үшін С-тә­р­із­дес шта­ти­ві бар рент­ген ап­па­ра­ты 14. Пе­ри­на­тал­дық ор­та­лық­тар/ме­ди­ци­на­лық-ге­не­ти­ка­лық бө­лім­ше­лер үшін бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз еті­л­ген және дат­чик­тер жи­на­ғы бар УДЗ ап­па­ра­ты 15. Аудан­дық ем­ха­на­лар үшін рент­ген­дік ста­ци­о­нар­лық цифр­лық мам­мо­граф 16. Қа­ла­лық ем­ха­на­лар үшін рент­ген­дік ста­ци­о­нар­лық цифр­лық мам­мо­граф 17. Қа­ла­лық және об­лы­стық ау­ру­ха­на­лар үшін 2 жұ­мыс ор­ны­на ар­нал­ған рент­ген­ди­а­гно­сти­ка­лық ке­шен 18. Қа­ла­лық және об­лы­стық ау­ру­ха­на­лар үшін то­лық эн­до­скоп­тар сызығы бар эн­до­ско­пи­я­лық бей­не­та­ған 19. Ту­бер­ку­лез­ге қар­сы ұй­ым­дар үшін жұ­мыс стан­ци­я­сы және 3 жұ­мыс ор­ны­на ар­нал­ған оциф­ров­щи­гі бар рент­ген­дік ди­а­гно­сти­ка­лық ста­ци­о­нар­лық цифр­лық ап­па­рат 20. Аудан­дық ем­ха­на­лар үшін рент­ген­дік ди­а­гно­сти­ка­лық ста­ци­о­нар­лық цифр­лық ап­па­рат 21. Қа­ла­лық ем­ха­на­лар үшін рент­ген­дік ди­а­гно­сти­ка­лық ста­ци­о­нар­лық цифр­лық ап­па­рат 22. Ба­ла­лар ұй­ым­да­ры үшін рент­ген­дік ди­а­гно­сти­ка­лық ста­ци­о­нар­лық цифр­лық ап­па­рат 23. Қа­ла­лық және об­лы­стық ау­ру­ха­на­лар үшін рент­ген­дік ди­а­гно­сти­ка­лық ста­ци­о­нар­лық цифр­лық ап­па­рат 24. Аудан­дық ем­ха­на­лар үшін рент­ген­дік цифр­лық жы­л­жы­ма­лы мам­мо­граф 25. Кар­дио­ло­ги­я­лық қыз­мет үшін ан­гио­граф 26. Ком­пью­тер­лік то­мо­граф 27. Маг­нит­тік-ре­зо­нан­стық то­мо­граф 28. Кар­дио­ло­ги­я­лық қыз­мет үшін би­жос­пар­лық ба­ла­лар ан­гио­гра­фы 29. Гла­у­ко­ма­лық ка­би­нет­тер үшін оф­таль­мо­скоп 30. Гла­у­ко­ма­лық ка­би­нет­тер үшін кон­так­ты­сыз то­но­метр 31. Гла­у­ко­ма­лық ка­би­нет­тер үшін ком­пью­тер­лік пе­ри­метр 32. Гла­у­ко­ма­лық ка­би­нет­тер үшін са­ңы­ла­у­лы ша­мы бар, ал­дың­ғы бө­лік­ке ар­нал­ған оп­ти­ка­лық ко­ге­рент­тік то­мо­граф 33. Кар­дио­ло­ги­я­лық кө­мек көр­се­те­тін ме­ди­ци­на­лық ұй­ым­дар үшін жү­рек пен та­мыр­лар­ды УДЗ ди­а­гно­сти­ка­ла­у­ға ар­нал­ған ап­па­рат
Басқа 2. 2012 жылы облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің жергілікті деңгейде денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттердің сомасын пайдалану бағыттары
Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану қағидаларына 2-қосымша 2012 жылы облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің жергілікті деңгейде денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттердің сомасын пайдалану бағыттары мың теңге Р/с № Өңір­лер­дің ата­уы БМСК ұй­ым­да­рын жа­рақ­тан­ды­ру Же­дел ме­ди­ци­на­лық жәр­дем қыз­ме­тін жа­рақ­тан­ды­ру Ту­бер­ку­лез­ге қар­сы ұй­ым­дар­ды жа­рақ­тан­ды­ру Ба­ла­лар мен босан­ды­ру ұй­ым­да­рын жа­рақ­тан­ды­ру Аудан­дық, қа­ла­лық және об­лы­стық ау­ру­ха­на­лар­ды жа­рақ­тан­ды­ру Он­ко­ло­ги­я­лық ұй­ым­дар­ды жа­рақ­тан­ды­ру Маг­нит­ті-ре­зо­нан­сты және ком­пью­тер­лік то­мо­граф­тар­мен жа­рақ­тан­ды­ру 1 2 3 4 5 6 7 8 9 1. Ақ­мо­ла об­лы­сы 37 454 4 686 30 730 196 965 146 997 - - 2. Ақ­тө­бе об­лы­сы 1 135 7 762 30 720 82 558 60 440 30 000 - 3. Ал­ма­ты об­лы­сы 307 374 37800 - 123 455 26 532 30 000 - 4. Аты­рау об­лы­сы 67 155 25 220 30 730 152 777 26 760 30 000 - 5. Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­сы 119 422 12 610 30 730 234 193 26 500 30 000 - 6. Жам­был об­лы­сы 72 647 12 200 - 115 632 56 539 - 499 565 7. Ба­тыс Қа­зақ­стан об­лы­сы 61 219 - - 217 188 29 346 30 000 - 8. Қа­ра­ған­ды об­лы­сы 75 996 - 30 720 115 724 7106 30 000 - 9. Қо­ста­най об­лы­сы 98 325 12 610 - 193 442 83 909 - - 10. Қы­зы­лор­да об­лы­сы 42 765 25 222 - 287 001 7 100 30 000 255 674 11. Маң­ғы­стау об­лы­сы 39 125 25 222 - 235 784 7 109 30 000 - 12. Пав­ло­дар об­лы­сы 35 092 25 222 - 214 380 89 549 - - 13. Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы 41 100 25 200 - 139 632 28 090 30 000 - 14. Оң­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы 60 934 - 55 999 356 841 6 958 30 000 - 15. Ал­ма­ты қа­ла­сы 73 365 - - 74 641 7 109 30 000 - 16. Аста­на қа­ла­сы 25 300 - - 194 474 7 106 30 000 - Жиы­ны: 1 158 408 213 754 209 629 2 934 687 617 150 360 000 755 239 мың теңге Р/с № Өңір­лер­дің ата­уы Кар­дио­ло­ги­я­лық кө­мек көр­се­те­тін ме­ди­ци­на­лық ұй­ым­дар­ды жа­рақ­тан­ды­ру Кар­дио-хи­рур­ги­я­лық, кар­дио­ло­ги­я­лық ор­та­лық­тар­ды (бө­лім­ше­лер­ді) жа­рақ­тан­ды­ру Ме­ди­ци­на­лық жы­л­жы­ма­лы ке­шен­дер­мен жа­рақ­тан­ды­ру Бар­лы­ғы 1 2 10 11 12 13 1. Ақ­мо­ла об­лы­сы 255 500 65 948 - 738 280 2. Ақ­тө­бе об­лы­сы 254 600 73 780 - 540 995 3. Ал­ма­ты об­лы­сы - 73 784 - 598 945 4. Аты­рау об­лы­сы 255 500 71 460 - 659 602 5. Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­сы 254 600 73 740 128 250 910 045 6. Жам­был об­лы­сы - 62 360 - 818 943 7. Ба­тыс Қа­зақ­стан об­лы­сы 255 500 73 768 - 667 021 8. Қа­ра­ған­ды об­лы­сы 255 500 110 703 - 625 749 9. Қо­ста­най об­лы­сы 255 700 68 786 - 712 772 10. Қы­зы­лор­да об­лы­сы - 73 794 - 721 556 11. Маң­ғы­стау об­лы­сы 255 730 36 905 - 629 875 12. Пав­ло­дар об­лы­сы 255 700 73 802 - 693 745 13. Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы 255 500 66 696 - 586 218 14. Оң­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы - 73 786 - 584 518 15. Ал­ма­ты қа­ла­сы 510 000 73 810 - 768 925 16. Аста­на қа­ла­сы - 73 709 - 330 589 Жиы­ны: 3 063 830 1 146 831 128 250 10 587 778