Об организации социальных рабочих мест в Жанааркинском районе на 2012 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.05.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2012 жылы Жаңаарқа ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 18-1 бабына және 4 бабының 2 тармағының 5) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 тамыздағы N 972 қаулысына сәйкес, нысаналы топқа жататын қатысушыларға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында Жаңаарқа ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Жаңаарқа ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ибраева Ш.Қ.) нысаналы топтардағы қатысушыларын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жүргізілсін.
Тармақ 2
2. "Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әкімдігінің "Жаңаарқа ауданының жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Жұмыспен қамту орталығы):
Тармақша 1
1) нысаналы топтардағы "Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының" қатысушыларын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жүргізілсін;
Тармақша 2
2) нысаналы топтардағы адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс берушілермен келісім-шарттар жасау бойынша жұмыс жүргізілсін.
Тармақ 3
3. алынып тасталды - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2012.05.29 N 20/02 (ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енеді) қаулысымен.
Тармақ 4
4. "Жаңаарқа ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (А. Жылқыбаев) әлеуметтік жұмыс орнына жіберілген нысаналы топтардағы жұмыссыздардың төлем ақысы республикалық трансферттен қарастырылған қаржы құралынан қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары Юржан Асанұлы Бекқожинге жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 9
Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы N 02/02 қаулысына қосымшасы 2012 жылға әлеуметтік жұмыс орындары ұсынылатын жұмыс берушілердің тізімі