Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам, проживающим на территории Сандыктауского района на 2012 год Қолданыста
Басқа 0
Сандықтау ауданының аумағында тұратын, нысаналы топтарға жататын тұлғалардың 2012 жылға арналған қосымша тізбесін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабына және 7 бабының 2 тармақшасына сәйкес, Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Сандықтау ауданының аумағында тұратын, нысаналы топтарға жататын тұлғалардың 2012 жылға арналған қосымша тізбесі белгіленсін:
Тармақша 1
1) ұзақ уақыт жұмыс істемейтіндер (бір жылдан астам);
Тармақша 2
2) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастағы жастар.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ә.Қ.Қазизоваға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.