Об организации приписки граждан к призывному участку в 2012 году по Мангистаускому району Қолданыста
Басқа 0
Маңғыстау ауданы бойынша 2012 жылы азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 «Қазақстан Республикасындағы әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі жөніндегі Ережені бекіту туралы» Қаулысына сәйкес, Маңғыстау ауданы әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. 2012 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында «Маңғыстау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу жылы он жеті жасқа толатын 1995 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды тіркеу жүргізілсін.
Тармақ 2
2. «Маңғыстау аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры Ж.С.Нұрлыбаеваға (келісім бойынша) төмендегі қызметтерді іске асыру ұсынылсын:
Тармақша 1
1) азаматтардың денсаулығын медициналық куәландыру үшін шақыру учаскесіне тіркеу кезінде тәжірибесі мол маман-дәрігерлер мен медбикелерді қатыстыру;
Тармақша 2
2) 2012 жылдың қаңтар-наурыз айларында шақыру учаскесіне тіркеуге алынатын азаматтардың флюорографиядан, электрокардиограммадан өтуін, анализдер тапсыруын, қан құрамын айыруын қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) маман-дәрігерлерді қажетті дәрігерлік құрал-жабдықпен, рентгенпленкамен, флюорография,электрокардиограммаға арналған қағазбен қамтамасыз ету.
Тармақ 3
3. Меншік түріне қарамастан кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар және оқу орындарының басшыларына ұсынылсын:
Тармақша 1
1) тіркеуге жататын азаматтарға оларды аудандық шақыру учаскесіне шақырғаны туралы хабарлау және олардың уақытында келуін қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) әскерге шақыру жасына дейінгілерді әскери есепке қоюға байланысты міндеттерді орындау үшін қажетті уақытқа жұмыс (оқу) орны мен атқаратын қызметі сақтала отырып, жұмыстан (оқудан) босату.
Тармақ 4
4. «Маңғыстау аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы А.А.Досжановқа (келісім бойынша) азаматтардың тіркеу учаскесіне келуін бақылауды жүзеге асыру және олардың тіркеуден жалтару әрекеттерінің жолын кесу, шақыру учаскесінде реттілік пен тәртіпті қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Село және селолық округтер әкімдері шақыру учаскесіне тіркеуді өткізу кезінде әскер жасына дейінгілерді хабардар етуді ұйымдастырсын және уақытында келуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.А.Қылаңовқа жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
«Маңғыстау ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Шегебаев Самат Ұзақбайұлы
18 ақпан 2012 жыл
«Маңғыстау аудандық орталық
ауруханасы» мемлекеттік
коммуналдық қазыналық
кәсіпорны директоры
Нұрлыбаева Жанар Сайынқызы
18 ақпан 2012 жыл
«Маңғыстау аудандық ішкі
істер бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы
Досжанов Амангелді Асқарұлы
18 ақпан 2012 жыл