Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения в Узункольском районе на 2012 год Қолданыста
Басқа 0
Ұзынкөл ауданында 2012 жылға арналған халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабына, 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қосымшасына сәйкес Ұзынкөл ауданында 2012 жылға арналған халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың тiзбесi белгіленсін.
Тармақ 2
2. "Ұзынкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөнiндегі шараларды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
"Ұзынкөл ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
___________________ Г. Асқарова
Басқа 4
Әкімдіктің
2012 жылғы 23 қаңтардағы
№ 42 қаулысына қосымша
Ұзынкөл ауданында 2012 жылға арналған халықтың
нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тiзбесі
Тармақ 1
1. Жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастағы жастар.
Тармақ 2
2. Елу жастан асқан адамдар.
Тармақ 3
3. Ұзақ уақыт жұмыс істемейтін азаматтар (он екі және одан артық айлар).