Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения, на 2012 год Қолданыста
Басқа 0
2012 жылға арналған халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 13)-тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабының 2 тармағына сәйкес, Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін 2012 жылға арналған, халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
Тармақша 1
1) ұзақ (бір жыл және одан да көп) уақыт жұмыс істемейтін тұлғалар;
Тармақша 2
2) қырық бес жастан асқан тұлғалар;
Тармақша 3
3) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның жолдамасы бойынша кәсіптік оқуды бітірген жұмыссыздар;
Тармақша 4
4) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
Тармақша 5
5) маусымдық және уақытша жұмыстардың мерзімі аяқталуына байланысты жұмыстан босатылған жұмыссыздар;
Тармақша 6
6) бұрын жұмыс істемеген жұмыссыздар (жұмыс өтілі жоқтар).
Тармақ 2
2. "Жітіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жоғарыда аталған тұлғаларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шараларды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Ә. Жаулыбаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.