Об организации общественных работ на 2012 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2012 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 20 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2012 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұсынатын ұйымдардың тізбесі, жұмыстардың түрлері мен көлемдері, қаржыландыру көздері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтардың еңбекақысы айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының ең төменгі мөлшері көлемінде бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Айтбековке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 26 қаңтардағы № 14 қаулысымен бекітілген 2012 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұсынатын ұйымдардың тізбесі, жұмыстардың түрлері мен көлемдері, қаржыландыру көздері Р/с Мекеменің атауы Адам саны Жұмыстардың түрлері Айлық жалақы Көлемі 1 Ауыл округі әкімдері аппараттары, Бәйдібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 50 Әлеуметтік маңызы бар және басқа да жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу 17439 1 ай 2 Ауыл округі әкімдері аппараттары, Бәйдібек аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 208 Аймақты экологиялық сауықтыруға, көріктендіруге қатысу 17439 1 ай 3 Ауыл округі әкімдері аппараттары, Бәйдібек аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 12 Аймақты экологиялық сауықтыруға, көріктендіруге қатысу 8814 16 күн 4 Ауыл округі әкімдері аппараттары, Бәйдібек аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 180 Аулаларды көгалдандыру, ағаш отырғызу 17439 1 ай 5 Ауыл округі әкімдері аппараттары 15 Әлеуметтік-мәдени маңызы бар объектілерді салуға және жөндеуге қатысу 17439 1 ай 6 Ауыл округі әкімдері аппараттары 35 Қоғамдық тәртіпті сақтауға көмектесу 17439 1 ай Барлығы 500