О предоставлении в 2012 году мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты района Қолданыста
Басқа 0
Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын 2012 жылы ұсыну туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнер-кәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 7-бабының 3-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысымен бекітілген ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну ережесінің 2-тармағына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау 2012 жылы ұсынылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық даму және заңдылық мәселелері бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Қостанай ауданы әкімдігінің
"Экономика және қаржы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
________ З. Кенжегарина
Қостанай ауданы әкімдігінің
"Ауыл шаруашылық бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
________ М. Сартов