Об определении оптимальных сроков сева по видам субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур на 2012 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.04.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2012 жылға арналған субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының түрлерi бойынша егiстiктiң оңтайлы себу мерзiмдерiн айқындау туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31 бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 "Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергiлiктi бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекiту туралы" қаулысына сәйкес, Сарыағаш ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Сарыағаш ауданы бойынша 2012 жылға арналған субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының түрлерi бойынша егiстiктің оңтайлы себу мерзiмдерi қосымшаға сәйкес айқындалсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Н.Тілеуовке жүктелсiн.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 4. Сарыағаш ауданы бойынша 2012 жылға арналған субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының түрлерi бойынша егiстiктің оңтайлы себу мерзiмдерi
Сарыағаш ауданы әкiмдiгiнiң 2012 жылғы 27 қаңтардағы № 59 қаулысына қосымша Сарыағаш ауданы бойынша 2012 жылға арналған субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының түрлерi бойынша егiстiктің оңтайлы себу мерзiмдерi № Дақылдар түрi Оңтайлы мерзiмдерi Ескерту басталуы аяқталуы 1 Жаздық бидай 15.02.2012 25.03.2012 Тәлімі жер 2 Көкөніс 01.03.2012 20.05.2012 Суармалы жер 3 Мақта 10.04.2012 15.05.2012 Суармалы жер 4 Жүгері 10.04.2012 10.05.2012 Суармалы жер 5 Мақсары 01.03.2012 30.03.2012 Тәлімі жер 6 Жоңышқа 01.03.2012 01.04.2012 Тәлімі және суармалы жер