Об организации оплачиваемых общественных работ на 2012 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.01.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2012 жылға арналған ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7, 20-баптарына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес, сондай-ақ жұмыссыз тұлғаларды уақытша жұмыспен қамту мақсатында Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Бекітілсін:
Тармақша 1
1) қоса беріліп отырған 2012 жылы ұйымдардың тізбесі, жұмыссыздар үшін ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары;
Тармақша 2
2) аудандық бюджет қаражатынан айына ең төменгі айлық жалақының бір жарым мөлшерінде қоғамдық жұмыстарға қатысатын азаматтардың еңбек ақысын төлеу көлемі.
Тармақ 2
2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруда анықталсын:
Тармақша 1
1) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, әлеуметтік салық және қосылған құн салығы аудандық бюджеттен өтеледі және жұмыс берушінің есеп айырысу шотына аударылады;
Тармақша 2
2) жалақыны есептеу және төлеу бойынша екінші деңгейдегі банк қызметтері үшін комиссиялық сыйақы төлеу шығындары шартпен белгіленген мөлшерде аудандық бюджеттен жұмыс берушінің есеп айырысу шотына өтеледі.
Тармақ 3
3. "Таран ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі 2012 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру кезінде осы қаулыны басшылыққа алсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: "Таран ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ бастығы _________________ Л. Өтешева
Басқа 9
Аудан әкімдігінің 2012 жылғы 23 қаңтардағы № 40 қаулысымен бекітілді 2012 жылы ұйымдардың тізбесі, жұмыссыздар үшін ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары № Кәсіпорын атауы Жұмыстардың түрлері Жұмыстардың көлемі (сағат) Жұмыстардың нақты жағдайлары 1 "Содружество 2008" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қызметкердің алдын-ала кәсіби даярлығын талап етпейтін, Таран селолық округінің аймағын жинауда және абаттандыруда көмек көрсету. 69540 Қоғамдық жұмыстарға бір қатысушының жұмыс күнінің ұзақтығы- аптасына 40 сағаттан көп емес, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында қарастырылған шектеулерді ескере келіп, екі демалыс күнімен, бір сағаттан кем емес түскі үзіліспен. Қызметкердің алдын-ала кәсіби даярлығын талап етпейтін, Асенкритов селолық округінің аймағын жинауда және абаттандыруда көмек көрсету. 8928 Қызметкердің алдын-ала кәсіби даярлығын талап етпейтін, Евгенов селосының аймағын жинауда және абаттандыруда көмек көрсету. 7280 Қызметкердің алдын-ала кәсіби даярлығын талап етпейтін, Павлов селолық округінің аймағын жинауда және абаттандыруда көмек көрсету. 14448 Қызметкердің алдын-ала кәсіби даярлығын талап етпейтін, Нелюбин селолық округінің аймағын жинауда және абаттандыруда көмек көрсету. 6696 Қызметкердің алдын-ала кәсіби даярлығын талап етпейтін, Приозерное селосының аймағын жинауда және абаттандыруда көмек көрсету. 7608 Қызметкердің алдын-ала кәсіби даярлығын талап етпейтін, Новоильинов селолық округінің аймағын жинауда және абаттандыруда көмек көрсету. 16421 Қызметкердің алдын-ала кәсіби даярлығын талап етпейтін, Красносельск селолық округінің аймағын жинауда және абаттандыруда көмек көрсету. 13568 Қызметкердің алдын-ала кәсіби даярлығын талап етпейтін, Май селолық округінің аймағын жинауда және абаттандыруда көмек көрсету. 15632 Қызметкердің алдын-ала кәсіби даярлығын талап етпейтін, Қайранкөл селолық округінің аймағын жинауда және абаттандыруда көмек көрсету. 14272 Қызметкердің алдын-ала кәсіби даярлығын талап етпейтін, Смайыл селосының аймағын жинауда және абаттандыруда көмек көрсету. 11456 Қызметкердің алдын-ала кәсіби даярлығын талап етпейтін, Белинский селолық округінің аймағын жинауда және абаттандыруда көмек көрсету. 8112 Қызметкердің алдын-ала кәсіби даярлығын талап етпейтін, Юбилейный селосының аймағын жинауда және абаттандыруда көмек көрсету. 8136 Қызметкердің алдын-ала кәсіби даярлығын талап етпейтін, Набережный селолық округінің аймағын жинауда және абаттандыруда көмек көрсету. 9696 Қызметкердің алдын-ала кәсіби даярлығын талап етпейтін, Калинин селолық округінің аймағын жинауда және абаттандыруда көмек көрсету. 9504 Қызметкердің алдын-ала кәсіби даярлығын талап етпейтін, Тобыл кентінің аймағын жинауда және абаттандыруда көмек көрсету. 55096