Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения Аршалынского района на 2012 год Қолданыста
Басқа 0
2012 жылғы Аршалы ауданындағы халықтың мақсатты топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабының 2 тармағына, 7 бабының 2 тармақшасына сәйкес, Аршалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2012 жылғы Аршалы ауданындағы халықтың мақсатты топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін:
Тармақша 1
1) тұлғалар, ұзақ уақыт жұмыс істемеген (үш ай және одан артық);
Тармақша 2
2) 21 жастан 29 жасқа дейінгі жастар;
Тармақша 3
3) маусымдық және уақытша жұмыстардан мерзімінің аяқталуына байланысты босатылған тұлғалар;
Тармақша 4
4) техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарын бітіруші түлектер санатындағы жастар;
Тармақша 5
5) адам ағзасындағы қорғаныс қабілеті жетіспейтін және қорғаныс қабілетінің төмендеуі салдарының қоздырғышын жұқтырғандар;
Тармақша 6
6) әлеуметтік-психологиялық оңалту курсынан өткен есірткіге тәуелді тұлғалар.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Аршалы ауданы әкімінің орынбасары Б.Т. Ақшинеевке жүктеледі.
Тармақ 3
3. Аршалы ауданы әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап өз күшіне енеді және арнайы жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.