Об организации и финансировании социальных рабочих мест на 2012 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации и финансировании социальных рабочих мест на 2012 год
- Атауы (қаз.)
- 2012 жылға әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 25-қ
- Қабылданған күні
- 13.02.2012
- Көрсетілген редакция
- 20.04.2012 63919_207263.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.04.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12MG000112
- ЭКБ идентификаторы
- 63919
- Редакция идентификаторы
- 63919_207263
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 03:05
0 2012 жылға әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 27 тамыздағы № 972 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы», 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекіту туралы» қаулыларына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 2012 жылға халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын беруші немесе құрушы шаруашылық субъектілерінің тізімі және еңбек ақы мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2 2. «Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» (әрі қарай - уәкілетті орган) мемлекеттік мекемесі жұмыс орындарын құру туралы жұмыс берушілермен келісім шарт жасасын.
3 3. Уәкілетті органның жолдамасына сәйкес келісім шарт жасаған ұйым және кәсіпорын басшылары әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасуды қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Асауовқа жүктелсін.
5 5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Тұманбаева Жаңыл Кемелқызы
«Мұнайлы аудандық жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы
13 ақпан 2012 ж.
Толыбаева Алмагүл Мұхамедиқызы
«Мұнайлы аудандық экономика
және қаржы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
13 ақпан 2012 ж.
6 Мұнайлы ауданы әкімдігінің
13 ақпан 2012 ж
№ 25-қ қаулысына қосымша
2012 жылға халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын беруші немесе құрушы шаруашылық субъектілерінің тізімі және еңбек ақы мөлшері
№
Шаруашылық субъектілер атауы
Кәсіптердің (лауазымдар) атауы
Әлеуметтік жұмыс орындарының саны (адам)
Бір адамға төлене-тін еңбек ақы мөлшері(теңге)
Жұмыс мерзі-мі
Қаржылан-дыру көзі
1
«Мұнайлы-Қызмет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Аула тазалаушы
77
17 439
12 ай
Жергілікті бюджет
2
Жеке кәсіпкер «Шишов»
Суретші әрлеуші
3
17 439
12 ай
Жергілікті бюджет
Барлығы:
80
7 Мұнайлы ауданы әкімдігінің
13 ақпан 2012 ж
№ 25-қ қаулысына қосымша 2
2012 жылға халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын беруші немесе құрушы шаруашылық субъектілерінің тізімі және еңбек ақы мөлшері
№
Шаруашылық субъектілер атауы
Кәсіп-тердің (лауазымдар) атауы
Әлеуметтік жұмыс орындарының саны (адам)
Бір адамға төленетін еңбек ақы мөлшері(теңге)
Жұмыс мерзі-мі
Қаржылан-дыру көзі
1
«Казпочта» акционерлік қоғамының Маңғыстау облыстық филиалы
Хат тасушы
6
17 439
12 ай
Жергілікті бюджет
2
Маңғыстау Жылу» мемлекеттік комуналдық кәсіпорны
Есепші көмекші-сі
1
17 439
12 ай
Жергілікті бюджет
3
«Мұнайлы Қызмет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Аула тазалау-шы
13
17 439
12 ай
Жергілікті бюджет
Барлығы
20