Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения в Карасуском районе на 2012 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.03.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қарасу ауданында 2012 жылға арналған халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін анықтау туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес Қарасу ауданында 2012 жылға арналған халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тiзбесi анықталсын.
Тармақ 2
2. "Қарасу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша шараларды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкімінің орынбасары Б.Б. Уәлиевке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. КЕЛІСІЛДІ: "Қарасу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы ____________________ А. Ерменова
Басқа 5
Әкімдіктің 2012 жылғы 5 наурыздағы № 77 қаулысына қосымша Қарасу ауданында 2012 жылға арналған халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тiзбесi
Тармақ 1
1. Жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар.
Тармақ 2
2. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар.
Тармақ 3
3. Елу жастан асқан жұмыссыз тұлғалар.
Тармақ 4
4. Үш ай және одан көп ай жұмыс iстемеген жұмыссыз тұлғалар.