Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов, выделенных бюджету города Алматы на 2012 год на субсидирование пассажирских перевозок метрополитеном Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.03.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Метрополитенмен жолаушылар тасымалдарын субсидиялауға Алматы қаласының бюджетіне 2012 жылға бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы "2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңының 13-бабының 17) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Метрополитенмен жолаушылар тасымалдарын субсидиялауға Алматы қаласының бюджетіне 2012 жылға бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 0. Метрополитенмен жолаушылар тасымалдарын субсидиялауға Алматы қаласының бюджетіне 2012 жылға бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 наурыздағы № 347 қаулысымен бекітілген Метрополитенмен жолаушылар тасымалдарын субсидиялауға Алматы қаласының бюджетіне 2012 жылға бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Метрополитенмен жолаушылар тасымалдарын субсидиялауға Алматы қаласының бюджетіне 2012 жылға бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "2012 –2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңының 13-бабының 17) тармақшасына сәйкес әзірленген және метрополитенмен жолаушылар тасымалдарын субсидиялауға Алматы қаласының бюджетіне бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібін анықтайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) метрополитен– қалалық көлік түрі, жолаушыларды тасымалдауға арналған көшеден тыс электрлендірілген темір жол;
Тармақша 2
2) маршрут – көлік құралының бастапқы және соңғы пункті арасындағы жүру жолы;
Тармақша 3
3) жолаушы – метрополитен қызметін пайдаланатын жеке тұлға;
Тармақша 4
4) тасымалдаушы– метрополитенде жолаушыларды тасымалдау бойынша тікелей реттеу қызметін жүзеге асыратын заңды тұлға;
Тармақша 5
5) тасымалдаушының есептеу тарифі – бір жолаушыны тасымалдаудың өзіндік құны. Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге ұғымдар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген.
Тармақ 3
3. Субсидиялауға метрополитенде жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыны жатады.
Тармақ 4
4. Тасымалдаушының тарифін (жолаушының жол жүру ақысы) жергілікті атқарушы орган бекітеді.
Тармақ 5
5. Тасымалдаушының залалдарын субсидиялау республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер негізінде жергілікті бюджеттен жүргізіледі. Бюджеттік субсидиялар республикалық бюджет туралы заңда белгіленген сомалар шегінде беріледі.
Тарау 2. 2. Субсидияларды төлеу тәртібі және шарттары
2. Субсидияларды төлеу тәртібі және шарттары
Тармақ 6
6. Тасымалдаушының залалын субсидиялау үшін жергілікті атқарушы орган мен жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын ұйым арасында осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Жолаушыларды метрополитенде тасымалдау шарты (бұдан әрі – Шарт) жасалады.
Тармақ 7
7. Тасымалдаушы Шарт жасасқаннан кейін жергілікті атқарушы органға күнтізбелік он бес күн ішінде кірістер мен шығыстардың ай бойынша бөлінген жылдық жоспарының жобасын бекіту үшін ұсынады. Жергілікті атқарушы орган кірістер мен шығыстардың жылдық жоспарының жобасын ай бойынша бөле отырып, ол түскен күнінен бастап отыз күн ішінде бекітеді.
Тармақ 8
8. Тасымалдаушы ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 20-күніне дейінгі мерзімде Тапсырыс берушіге мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес орындалған жұмыстар актісі;
Тармақша 2
2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес кірістер туралы есеп;
Тармақша 3
3) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес шығыстар туралы есеп. Бұл ретте көрсетілген құжаттарды ұйымның бірінші басшысы, бас бухгалтері және мөрімен растайды.
Тармақ 9
9. Жергілікті атқарушы орган ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексереді, тасымалдаушының залалдарын субсидиялар сомасын анықтайды және төлем үшін осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес үшін ведомость жасайды.
Тармақ 10
10. Жергілікті атқарушы орган тасымалдаушының ағымдағы шотына тиесілі соманы аудару үшін төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына және көрсетілген бюджеттік бағдарламаға сәйкес аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлеуге екі данада шот ұсынады.
Тармақ 11
11. Тасымалдаушы тасымалдаушының есептеу тарифін қалыптастыру кезінде ескерілетін кірістер мен шығыстардың бөлек есебін жүргізеді. Тасымалдаушының залалдарын субсидиялауға жіберілетін соманың көлемін анықтау мынадай көрсеткіштер негізінде жүргізіледі:
Тармақша 1
1) орындалған жолаушылар тасымалының кірістері:
Тармақша 2
2) жолаушылар тасымалын орындауға кететін шығыстары.
Тармақ 12
12. Жолаушылар тасымалының шығыстарына мыналар кіреді:
Тармақша 1
1) жұмысшылардың еңбекақы қоры;
Тармақша 2
2) салықтар және өзге де мiндеттi төлемдер;
Тармақша 3
3) электр энергиясына кететін шығындар;
Тармақша 4
4) майлау материалдарына кететін шығындар;
Тармақша 5
5) доңғалақ жұптарын пайдалану шығыстары;
Тармақша 6
6) жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жүргізуге кететін шығындар;
Тармақша 7
7) негізгі қорлардың амортизациялық аударымдары;
Тармақша 8
8) почталық-телеграф шығыстары, телефон станцияларын күтіп ұстау және пайдалану шығыстары, диспетчерлік, радио және байланыстың басқа түрлерін орнату;
Тармақша 9
9) есептеу техникасын пайдалану және күтіп ұстау шығыстары;
Тармақша 10
10) баспахана жұмыстарына шығыстар;
Тармақша 11
11) ғимараттарды, құрылыстарды және үй-жайларды күтіп ұстау және пайдалану (жылыту, жарықтандыру, энергиямен жабдықтау, сумен жабдықтау, кәріз және тазалықта ұстау) шығыстары, сондай-ақ жерге ақы төлеуге байланысты шығыстар;
Тармақша 12
12) аудиторлық қызметтер төлемі;
Тармақша 13
13) банк қызметі төлемі;
Тармақша 14
14) міндетті сақтандыру бойынша төлемдер;
Тармақша 15
15) кадрлар даярлау;
Тармақша 16
16) еңбекті қорғау шығыстары;
Тармақша 17
17) әскери авариялық-құтқару қызметін күтіп ұстау бойынша шығыстар.
Тармақ 13
13. Бір жолаушыны жол жүруге тасымалдаудың өзіндік құны (есептеу тарифі) қаржы қаражатын тасымалдауға жоспарланған жолаушылар санына бөлу арқылы анықталады.
Тармақ 14
14. Қызмет көрсетудің өзіндік құнына кіргізілетін шығыстар құрамын анықтау Қазақстан Республикасының заңнамасына және бухгалтерлік есеп саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 15
15. Шығыстарға қолданыстағы нормалар мен реттелетін кезең алдындағы кезеңнің деректерін талдауды ескере отырып, материалдық, еңбек және қаржы шығындарының нормативтерін негізге алып, кәсіпорынның барлық қызметтерінің (энергия шаруашылығы, жолды күтіп ұстау және оны жөндеу, қозғалыс қызметі, аварияның-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, автоматика және байланыс қызметі және т.б.) шығыны жатады. Шығыстардың жекелеген баптары бойынша нормативтер болмаған кезде есеп айырысу өнеркәсіп салалары бойынша бағалар өзгерісінің болжамды индексін ескере отырып, өткен кезеңге нақты деректерге сүйене отырып жүргізіледі.
Тармақ 16
16. Соңғы күнтізбелік айға бюджеттік субсидиялар төлеу келесі айдың 20-күнінен кешіктірілмей нақты деректер бойынша жасалған есепті кейіннен беру арқылы болжамды деректер бойынша 20 желтоқсаннан кешіктірілмей жасалып, ұсынылған тасымалдау жөніндегі есеп негізінде жүзеге асырылады. Мәлімделген болжамды деректер нақты деректерден асқан жағдайда тиісті бюджетке қайтарылуға жатады.
Басқа 1. Метрополитенде жолаушыларды тасымалдау шарты № _____
Метрополитенмен жолаушылар тасымалдарын субсидиялауға Алматы қаласының бюджетіне 2012 жылға бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларына 1-қосымша Метрополитенде жолаушыларды тасымалдау шарты № _____ Алматы қаласы 2012 жылғы "__" ____________ Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын ___________________________________________________________ атынан (жергілікті атқарушы органның атауы) ________________________________________ бір тараптан және бұдан әрі (басшының Т.А.Ә., лауазымы) Орындаушы деп аталатын ______________________________________ атынан (тасымалдаушының атауы) ____________________________________________________ екінші тараптан (басшының Т.А.Ә., лауазымы) жолаушыларды метрополитенде тасымалдауды орындау кезінде пайда болатын залалдарды субсидиялау туралы осы шартты жасасты (бұдан әрі – Шарт) және төмендегілер туралы келісімге келді. 1. Тапсырыс беруші өзіне Орындаушының залалдарын жабу үшін субсидиялар төлеу бойынша міндеттеме алады, ал Орындаушы жолаушыларды метрополитенде тасымалдауды жүзеге асыру кезіндегі кірістер мен шығыстар туралы деректер беру бойынша міндеттеме алады. 2. Субсидиялау сомасы_________________________________құрайды. (сомасы цифрмен және жазумен, теңгемен) 3. Орындаушы есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-күніне дейінгі мерзімде жергілікті атқарушы органға кірістер және шығыстар туралы ай сайынғы есепті жібереді. Қажет болған кезде тасымалдаушы пайдалану шығыстарын растайтын құжаттарды ұсынады. 4. Шығыны мол маршрут бойынша жергілікті бюджеттен субсидиялар төлеуді бюджетті атқару жөніндегі жергілікті атқарушы орган ай сайын міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына, тасымалдаушы мен жергілікті атқарушы орган арасындағы субсидиялау туралы шартқа сәйкес жүргізеді. 5. Жылдың желтоқсан айына субсидиялар төлеу оның кірістері мен шығыстарының 20 желтоқсаннан кешіктірілмей берілген деректері негізінде қалыптасқан тасымалдаушының болжанған шығыны негізінде жүргізіледі. Ңақты деректер бойынша жасалған есеп келесі айдың 20-күнінен кешіктірілмей ұсынылады. 6. Осы маршрут бойынша субсидиялар төлеу: 1) Орындаушы осы маршрут бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыруды тоқтатқан; 2) маршрут бойынша кірістер мен шығыстар туралы есепті бермеген жағдайда жүргізілмейді. 7. Орындаушы Тапсырыс берушінің сұратуы бойынша тасымалдау үдерісін ұйымдастыру және тасымалдаудың қаржылық нәтижелері бойынша қажет мәліметтерді ұсынуға міндетті. 8. Орындаушы электр қуатына және шығындарын басқа құрамдас бөлігіне бағалар күрт өзгерген кезде ағымдағы бюджетті нақтылау және тасымалдарға тарифтерді өзгерту, жолаушыларға қызмет көрсетуді жетілдіруге бағытталған және басқа шаралар бойынша ұсыныстар енгізуге құқылы. 9. Осы шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және осы шарттың талаптарына сәйкес жауапты болады. 10. Тараптар шартты: 1) маршрутты пайдалану құқығы жойылған, сондай-ақ форс-мажор жағдайлары туындаған кезде; 2) тараптар осы шарт бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайда шартты бұза алады. 11. Осы шарт Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшесінде Тапсырыс беруші оны тіркегеннен кейін күшіне енеді және жылдың соңына дейін қолданылады. 12. Тараптардың заңды мекен жайы: Тапсырыс беруші: Орындаушы: СТН СТН БСН БСН Банктік деректемелер: Банктік деректемелер: ___________________________ ___________________________ (басшының қолы, Т.А.Ә.) (басшының қолы, Т.А.Ә.) ___________________________ ___________________________ (бас бухгалтердің қолы, Т.А.Ә.) (бас бухгалтердің қолы, Т.А.Ә.)
Басқа 2. Орындалған жұмыстардың актісі
Метрополитенмен жолаушылар тасымалдарын субсидиялауға Алматы қаласының бюджетіне 2012 жылға бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларына 2-қосымша Орындалған жұмыстардың актісі Алматы қаласы 2012 жылғы "___" ______ Біз төменде қол қойған Тапсырыс берушінің өкілі ____________________________________________________________________ (ұйымның атауы) ____________________________________________________________________ (басшының қолы, Т.А.Ә.) бір тараптан және Орындаушының өкілі________________________________ (ұйымның атауы) ____________________________________________________________________ (басшының, бас бухгалтердің қолы, Т.А.Ә.) екінші тараптан 201__ жылғы бір ай ішінде метрополитенде жолаушыларды тасымалдау бойынша орындалған жұмыстар шарттың талаптарын қанағаттандыратыны туралы осы актіні жасадық. Орындалған жұмыстардың кіріс сомасы _________________________ құрайды (сомасы цифрмен және жазумен теңгеде) Орындалған жұмыстардың шығыс сомасы ________________________ құрайды (сомасы цифрмен және жазумен теңгеде) Субсидиялау сомасы __________________________________________құрайды (сомасы цифрмен және жазумен теңгеде) Тараптардың заңды мекенжайы: Тапсырыс беруші: Орындаушы: СТН СТН БСН БСН Банктік деректемелер: Банктік деректемелер: ___________________________ ___________________________ (басшының қолы, Т.А.Ә.) (басшының қолы, Т.А.Ә.) ___________________________ ___________________________ (бас бухгалтердің қолы, Т.А.Ә.) (бас бухгалтердің қолы, Т.А.Ә.)
Басқа 3. Кірістер туралы есеп _________20__ ж.
Метрополитенмен жолаушылар тасымалдарын субсидиялауға Алматы қаласының бюджетіне 2012 жылға бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларына 3-қосымша Кірістер туралы есеп _________20__ ж. теңге Кі­рі­стер бап­та­ры Жос­пар Нақ­ты Ауыт­қу Ес­керт­пе Жо­ла­у­шы­лар­ды та­сы­мал­да­удан түс­кен та­быст­ар Басшы_______________________ (Т.А.Ә., қолы) Бас бухгалтер_______________ (Т.А.Ә., қолы) МО
Басқа 4. Шығыстар туралы есеп _________ 201_______ ж.
Метрополитенмен жолаушылар тасымалдарын субсидиялауға Алматы қаласының бюджетіне 2012 жылға бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларына 4-қосымша Шығыстар туралы есеп _________ 201_______ ж. теңге Шы­ғы­стар бап­та­ры Жос­пар Нақ­ты Ауыт­қу Ес­керт­пе Басшы_______________________ (Т.А.Ә., қолы) Бас бухгалтер_________________ (Т.А.Ә., қолы) МО
Басқа 5. Бюджеттік субсидияларды 20 жылғы "__" _____дан "____"______дейінгі кезеңге төлеу ведомосы
Метрополитенмен жолаушылар тасымалдарын субсидиялауға Алматы қаласының бюджетіне 2012 жылға бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларына 5-қосымша Бекітемін _________________ (Т.А.Ә., қолы, мөрі) "____" ___ 20___жыл Бюджеттік субсидияларды 20 жылғы "__" _____дан "____"______дейінгі кезеңге төлеу ведомосы Ата­уы Нақ­ты та­сы­мал­дан­ған жо­ла­у­шы кө­ле­мі, адам Бел­гі­лен­ген та­риф Есеп­тік та­риф Бюд­жет­тік суб­си­ди­я­лар­дың жыл ба­сы­нан ти­е­сі­лі со­ма­сы, тең­ге Жыл ба­сы­нан тө­лен­ді, тең­ге Бюд­жет­тік суб­си­ди­я­ла­рың ти­е­сі­лі со­ма­сы­ның қал­ды­ғы, тең­ге "__"___ 20__­жы­л­ға тө­ле­у­ге жа­та­ды, тең­ге Жыл ба­сы­нан 20 жы­л­ғы "__"___­дан "____"___ ара­ла­ғын­да­ғы ке­зең 1 2 3 4 5 6 7 8 9 Жиы­ны: Басшы___________________ (Т.А.Ә. қолы)