О дополнительных мерах по социальной защите граждан Лебяжинского района в сфере занятости населения в 2012 году Қолданыста
Басқа 0
2012 жылы Лебяжі ауданы азаматтарын жұмыспен қамту саласында әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес, тұрғындардың мақсатты тобындағы жұмыссыздарды жұмыспен қамтуға көмек көрсету және әлеуметтік қорғау мақсатында Лебяжі ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2012 жылға халықтың нысаналық тобына жататын қосымша тұлғалар тізбесі белгіленсін:
Тармақша 1
1) 29 жасқа дейінгі жастар;
Тармақша 2
2) 50 жастан асқан тұлғалар;
Тармақша 3
3) дәрігерлік-кеңестік комиссияның анықтамасы бойынша еңбекке шектеуі бар тұлғалар;
Тармақша 4
4) бірде-бір жұмыс істейтін отбасы мүшесі жоқ жұмыссыздар;
Тармақша 5
5) мамандығы және еңбек өтілі жоқ тұлғалар;
Тармақша 6
6) ұзақ уақыт (бір жылдан аса) жұмыс істемеген тұлғалар.
Тармақ 2
2. Азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шара ретінде халықтың нысаналы тобындағы жұмыссыздар үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруын белгілеу және жұмыс берушінің шығынына ішінара өтемақы төлеу үшін аудандық және республикалық бюджеттерден субсидия беру түрінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруды және жұмыс берушілермен жасалынған келісім-шартқа сәйкес қаржыландыруды іске асырсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Ө. Сағандықовқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.