Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения, на 2012 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.03.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2012 жылға арналған халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабына, 7-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес Сарыкөл ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін 2012 жылға арналған халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін: жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар; алған мамандығы бойынша еңбек өтілі мен тәжірбиесі жоқ техникалық және кәсіптік білім, орта білімнен кейінгі ұйымдардың бітірушілері; ұзаққа созылған (он екі және одан көп айлар) жұмыссыздықты бастан кешірген адамдар; елу жастан асқан адамдар; жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның жолдамасы бойынша кәсіптік оқуды бітірген жұмыссыздар.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары С.М. Дүтпаевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.