Об организации общественных работ в Аулиекольском районе в 2012 году Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.04.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әулиекөл ауданында 2012 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7, 20-баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру Ережелеріне сәйкес, Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Кәсіпорындардың қажеттілігіне сәйкес қоса беріліп отырған, 2012 жылы жұмыссыздар үшін ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемдері мен жағдайлары, кәсіпорындардың Тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. "Әулиекөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жолдауда осы қаулыны басшылыққа алсын.
Тармақ 3
3. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі 2012 жылға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген еңбекақының ең төменгі бір жарым айлық мөлшерінде төленетін жыл сайынғы еңбек демалысының пайдаланбаған күндеріне қосылған құнның салығына және өтемақылық төлемдердің, әлеуметтік салық, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды ескере отырып орындалған жұмыстардың (қызметтердің) актісі негізінде қоғамдық жұмыстардың жұмысшыларының еңбегін төлеуге шығындарын өтесін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М. Қалиевке жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының "Әулиекөл аудандық орталық ауруханасы" шаруашылықты жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас дәрігері __________ Шульгин С.В.
Басқа 6
Әкiмдіктің 2012 жылғы 2 сәуірінде № 111 қаулысымен бекітілген 2012 жылы жұмыссыздар үшін ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемдері мен жағдайлары, кәсіпорындардың тізбесі № Кәсіпорынның атауы Жұмыс түрлері Жұмыс көлемі (сағаттар) Жұмыс жағдайлары 1 Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының "Әулиекөл аудандық орталық ауруханасы" шаруашылықты жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Ауруханалық кешеннің аумағын көркейту, алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейді: ауруханалық кешеннің аумағын тазарту – 43848 шаршы метр; ағаштарды және көшеттерді қию – 1000 дана, ағаштарды ақтау – 200 дана; қоршауды сырлау – 400 шаршы метр. Аманқарағай селосын көркейту, алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейді: Жамбыл, Приэлеваторная, Гагарин, Пацаев, Ленин, Кустанайская, Советская, Приозерная көшелерінің аумақтарын тазарту – 145500 шаршы метр; орталық алаңды тазарту – 9000 шаршы метр; село орталығындағы ағаштарды және көшеттерді қию – 170 дана; Пацаев, Қостанай көшелерінде ағаштарды отырғызу – 1300 дана; село орталығында гүлбақтар отырғызу, үнемі суару және шөп жұлу – 50 шаршы метр; село орталығындағы ескерткішті ақтау – 60 шаршы метр; Алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығын ақтауға, сырлауға қатысу – 1390 шаршы метр. Диевка селосын көркейту, алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейді: Абай, Мир, Ленин, Майлин, Комсомол, Баймағамбетов, Рысқұлов көшелері аумақтарын тазарту – 160000 шаршы метр; Мәдениет үйіне іргелес шағын гүлбақты, аумақты тазарту – 10400 шаршы метр; Абай, Мир, Ленин көшелері бойындағы қоршауды және жиектасты ақтау – 180 шаршы метр; ағаштар отырғызу – 100 дана; ағаштарды және көшеттерді қию – 500 дана; ағаштарды ақтау – 500 дана, бағандарды бояу – 60 дана; село орталығында гүлбақтар отырғызу, үнемі суару және шөп жұлу – 80 шаршы метр; отырғызған шағын гүлбақтарды үнемі суару және шөп жұлу – 180 шаршы метр; село орталығындағы ескерткішті ақтау – 63 шаршы метр. Октябрь селосын көркейту, алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейді: Баймағамбетов, Ленин, Әуезов, Қазақстанның 60 жылдығы көшелерінің аумақтарын тазарту – 17000 шаршы метр; орталық алаңды және Мәдениет үйіне, дәрігерлік амбулаторияға іргелес аумақтарды тазарту – 7000 шаршы метр, ағаштар мен көшеттерді қию – 450 дана; Баймағамбетов, Ленин көшелері бойында ағаштар отырғызу – 300 дана; село орталығында гүлбақтар отырғызу, үнемі суару және шөп жұлу – 16 шаршы метр; село орталығын- дағы ескерткішті ақтау, сырлау – 50 шаршы метр; шағын гүлбақтарды тазарту -2000 шаршы метр Кітапхана ғимаратын ақтауға, сырлауға қатысу – 60 шаршы метр. Қосағал селосын көркейту, алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейді: Қазақ, Комсомольская, Новая көшелерінің аумақтарын тазарту – 12000 шаршы метр; шағын гүлбақтарды тазарту – 1200 шаршы метр, ағаштар мен көшеттерді қию – 300 дана, қоқыс тиеу – 2 тонна; село орталығында ағаштар отырғызу – 300 дана; село орталығын- дағы ескерткішті ақтау, сырлау – 120 шаршы метр; Мир, 20 лет Целины, Қазақ көшелерін жинау, оған іргелес аумақтарын тазарту – 168 шаршы метр, құрылыс қоқыстарын тиеу – 9 тонна. Мектеп, дәрігерлік пункт үй-жайларын ақтауға, сырлауға қатысу – 1350 шаршы метр. Москалевка селосын көркейту, алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейді: Карпов, Наметов, Апрельская көшелері аумақтарын тазарту – 20800 шаршы метр; село орталығын- дағы шағын гүлбақтарды тазарту – 17500 шаршы метр, ағаштарды және көшеттерді қию – 550 дана, қоқыс шығару – 8 тонна; село орталығында ағаштар отырғызу – 200 дана; стадион аумағын жинау – 27200 шаршы метр; село орталығын- дағы ескерткішті ақтау, сырлау– 30 шаршы метр; Восточная көшесін жинау, оған іргелес аумақтарын тазарту – 800 шаршы метр, құрылыс қоқыстарын тиеу – 7 тонна. Дәрігерлік амбулаторияны, орталық кеңсені, Мәдениет Үйін ақтауға, сырлауға қатысу – 2640 шаршы метр. Новонежинка селосын көркейту, алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейді: Комсомольская, Студенческая, Терешкова, Восточная, Западная көшелерінің аумақтарын, автобус аялдамаларын тазарту – 57500 шаршы метр; орталық алаңды, саябақты тазарту – 6000 шаршы метр; село орталығында ағаштар отырғызу – 200 дана; село орталығын- дағы ескерткішті, Пришкольная, Жданов көшелері бойынша Бауырластар зираттарын сылау, ақтау, сырлау – 60 шаршы метр; село орталығында гүлбақтарды отырғызу, үнемі суару және шөп жұлу – 30 шаршы метр. Дәрігерлік амбулаторияны, мектеп үй-жайларын ақтауға, сырлауға қатысу – 400 шаршы метр. Новоселовка селосын көркейту, алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейді: Ленин, Баймағамбетов, Комсомольская, КСРО-ның 60 жылдығы, Мир, Гагарин, Подстанционная көшелерінің аумақтарын тазарту – 32000 шаршы метр; Мектеп үй-жайын ақтауға, сырлауға қатысу – 933 шаршы метр. Соснов селосын көркейту, алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейді: көше аумақтарын тазарту – 30000 шаршы метр; мектеп үй-жайларын ақтауға, сырлауға қатысу – 1360 шаршы метр. Қырғуыз селосын көркейту, алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейді: село көшелерін тазарту – 12000 шаршы метр. Мектеп үй-жайларын ақтауға, сырлауға қатысу – 880 шаршы метр. Аққұдық селосын көркейту, алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейді: село көшелерін тазарту – 16000 шаршы метр. Мектеп үй-жайларын ақтауға, сырлауға қатысу – 1360 шаршы метр. Юльевка селосын көркейту, алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейді: Баймағамбетов, Ленин, Панфилов, Комсомольская көшелерінің аумақтарын тазарту – 21000 шаршы метр; демалыс саябағының аумағын тазарту – 15930 шаршы метр; село орталығын- дағы қоршауды ақтау – 200 шаршы метр; село орталығында гүлбақтарды отырғызу, үнемі оны суару және шөп жұлу – 85 шаршы метр. Тимофеевка селосын көркейту, алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейді: Нечипуренко, Школьная, Тұрғымбаев көшелерінің аумақтарын тазарту – 24500 шаршы метр; ағаштар мен көшеттерді қию – 750 дана; село орталығын гүлбақтарға бөлу, үнемі суару және шөп жұлу – 36 шаршы метр; орталық саябақ пен сквер аумағын тазарту – 12500 шаршы метр; Дәрігерлік амбулатория үй-жайын ақтауға, сырлауға қатысу – 250 шаршы метр. Мектеп үй-жайын ақтауға, сырлауға қатысу – 2500 шаршы метр. Қ. Тұрғынбаев атындағы селоны көркейту, алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейді: Абай, Больничная, Школьная, Алтынсарин, Молодежная көшелерінің аумақтарын тазарту – 72000 шаршы метр; село орталығында ағаштар отырғызу – 500 дана; село орталығын- дағы ескерткішті ақтау, сырлау – 40 шаршы метр; село орталығындағы саябақтың аумағын тазарту – 12000 шаршы метр; село орталығын гүлбақтарға бөлу, үнемі оны суару және шөп жұлу – 20 шаршы метр; Абай, Школьная, Больничная, Молодежная көшелерін жинау, оған іргелес аумақтарын тазарту – 10500 шаршы метр, құрылыс қоқыстарын тиеу – 60 тонна. Черниговка селосын көркейту, алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейді: Ленин, Резниченко, Комсомольская, Абай, Черкашин, Школьная көшелерінің аумақтарын тазарту – 69000 шаршы метр; орталық алаң аумағын тазарту – 5500 шаршы метр; село орталығындағы ағаштар мен көшеттерді қию – 400 дана; село орталығында ағаштар отырғызу – 200 дана; село орталығын- дағы ескерткішті ақтау, сырлау – 100 шаршы метр. Первомайское селосын көркейту, алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейді: Советская, Гагарин, Школьная, Комсомольская, Уәлиханов көшелерінің аумақтарын тазарту – 32000 шаршы метр; село орталығындағы ағаштар мен көшеттерді қию – 200 дана; село орталығында ағаштар отырғызу – 150 дана; село орталығындағы қоршауды ақтау – 700 шаршы метр; село орталығында гүлбақтарды отырғызу, үнемі оны суару және шөп жұлу – 250 шаршы метр; село орталығындағы ескерткішті ақтау, сырлау – 100 шаршы метр. Көктал селосын көркейту, алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейді: орталық көшенің аумағын тазарту – 10800 шаршы метр; фельдшерлік пункт, мектеп, Мәдениет үйіне іргелес аумақтарын тазарту – 3600 шаршы метр; ағаштарды қию – 210 дана; село орталығында ағаштар отырғызу – 100 дана; село орталығында гүлбақтарды отырғызу, үнемі оны суару және шөп жұлу – 40 шаршы метр. 11696 384 96 48216 2520 56 320 840 16 352 54000 2400 48 32 160 80 840 1680 16 4800 2400 96 840 16 40 16 3528 80 64 32 176 384 6000 4400 48 64 8 648 704 16128 528 64 32 864 112 8064 256 6720 360 2016 240 1344 360 5040 1408 48 840 7056 240 840 2520 64 640 20160 144 8 2520 672 8400 19152 1008 128 48 24 10800 64 40 160 2016 24 3024 1008 48 40 840 Қоғамдық жұмыстардың бір қатысушының жұмыс уақытының ұзақтылығы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен қарастырылған шектеулерді ескере отырып, екі демалыс күнімен, бір сағаттан кем емес түскі үзіліспен, аптасына 40 сағаттан артық емес. 2 Жеке кәсіпкер "Галепа Вячеслав Николаевич" Құсмұрын поселкесін көркейту, алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейді: Ленин, Карл Маркс, Кәукетаев, Степная, Серіков, Калинин көшелерінің аумақтарын тазарту – 152300 шаршы метр; поселке орталығындағы алаңдарды тазарту – 1000 шаршы метр, ағаштар мен көшеттерді қию – 300 дана, ағаштарды ақтау – 100 дана; мәдениет саябағының аумағын тазарту – 8000 шаршы метр, ағаштар мен көшеттерді қию – 300 дана, ағаштарды ақтау – 150 дана, қоқыс тиеу – 2 тонна; поселке ауруханасына іргелес аумақтарын тазарту – 25000 шаршы метр, ағаштар мен көшеттерді қию – 100 дана, қоқыс шығару – 2 тонна; Ленин – 20 дана, Калинин – 20 дана, Карл Маркс – 40 дана, Горький – 10 дана, орталық саябақтың аумағындағы көшелеріне ағаштарды отырғызу – 20 дана; поселке орталығындағы ескерткішті ақтау – 50 шаршы метр. 50568 96 1600 3640 32 24 Қоғамдық жұмыстардың бір қатысушының жұмыс уақытының ұзақтылығы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен қарастырылған шектеулерді ескере отырып, екі демалыс күнімен, бір сағаттан кем емес түскі үзіліспен, аптасына 40 сағаттан артық емес. 3 Жеке кәсіпкер "Емельянова Марина Петровна" Әулиекөл селосын көркейту, алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейді: Байтұрсынов, Алтынсарин, Октябрь, Ленин, Сиянов, Баймағамбетов, Пушкин, Еркімбаев, Островский, Юбилейная көшелері бойындағы ағаштарын және жол жиектемелерін ақтау – 500 дана; Байтұрсынов, Ленин, Алтынсарин, Сиянов, Уәлиханов, Юбилейная көшелері бойында ағаштарды және көшеттерді кесу– 1000 дана; Степная, Омаров көшелері бойында ағаштарды және көшеттерді отырғызу – 1000 дана; Алтынсарин, Байтұрсынов көшелері бойында көшеттерді күту– 680 дана; Алтынсарин, Байтұрсынов, 1 Май, Октябрь, Баймағамбетов, Тұрғымбаев, Пролетарская, Кустанайская, Ленин, Юбилейная, Еркімбаев, Мамедов, Сиянов, Тургайская, Островский, Жемелей, 9 Пятилетка, Амангелді, Гагарин, Дорожная көшелерінің аумақтарын тазарту – 540000 шаршы метр; Комсомольское, Купальное, Учительское, Пожарное, Больничное көлдеріне іргелес аумақтарды тазарту – 15500 шаршы метр; Сиянов, Ленин, Байтұрсынов, Октябрьская көшесінің аумағын, саяжайлар мен оған қосылатын аумақтарды тазарту – 15200 шаршы метр; спорт кешені аумағын тазарту – 40000 шаршы метр; Дорожная, Строительная, көшелерінің аумағын тазарту, тазартуға жататын аумақ – 500 шаршы метр, құрылыстық қо­қы­стар­ды жүк­теу – 17 тонна. 200 200 256 10080 181104 64 5376 12936 440 Қоғамдық жұмыстардың бір қатысушының жұмыс уақытының ұзақтылығы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен қарастырылған шектеулерді ескере отырып, екі демалыс күнімен, бір сағаттан кем емес түскі үзіліспен, аптасына 40 сағаттан артық емес.