Об организации оплачиваемых общественных работ в Узункольском районе на 2012 год Қолданыста
Басқа 0
2012 жылға арналған Ұзынкөл ауданында ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5) тармақшасына, 20-бабына сәйкес, Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Бекітілсін:
Тармақша 1
1) осы қаулының қосымшасына сәйкес 2012 жылға ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары;
Тармақша 2
2) аудандық бюджет қаражатынан ең төмен жалақының бір жарым мөлшерiнде қоғамдық жұмыстарда жұмыспен қамтылған азаматтардың еңбекақысы.
Тармақ 2
2. Жұмыссыздарды уақытша жұмысқа орналастыру үшін қоғамдық жұмыстар пайдаланылсын.
Тармақ 3
3. Қоғамдық жұмыстардың ұйымдастырылуы "Ұзынкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі және тізбеде белгіленген ұйымдар арасында, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жасалған қоғамдық жұмыстарды орындау шартында көрсетілген жағдайларда жүргізілсін.
Тармақ 4
4. "Ұзынкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттiк мекемесi:
Тармақша 1
1) қоғамдық жұмыстарды орындауға жұмыс берушілермен үлгілік шарттарды жасасын;
Тармақша 2
2) қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайларын есепке алсын;
Тармақша 3
3) ауданның бюджет қаражатынан қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбек ақысын өтеу, оның ішінде 2012 жылға белгіленген міндетті зейнетақы жарналарын, табыс салығын төлеу үшін, жұмыс берушілердің есеп айрысу шоттарына ақшалай қаражатты аударсын;
Тармақша 4
4) жұмыс берушілерге Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгiленген мөлшерде Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдарды төлеуге арналған шығындар, жалақыны аудару мен төлеу бойынша екiншi деңгейдегi банктердiң қызметi үшiн комиссиялық сыйақы төлеуге арналған шығындар шартпен белгiленген мөлшерде аудандық бюджеттен өтелсiн.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау ауданы әкімінің орынбасары Э.К. Күзенбаевқа жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛIСIЛДI:
Қостанай облысы әкімдігі денсаулық
сақтау басқармасының "Ұзынкөл
аудандық орталық ауруханасы"
коммуналдық мемлекеттік
кәсіпорнының бас дәрігері
__________________ Қ. Ержанов
Басқа 13
Әкімдіктің
2012 жылғы 1 наурыздағы № 90
қаулысына қосымша
2012 жылға ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың
түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары
№
Ұйым атауы
Жұмыс
түрлері
Жұмыс
көлемі
Нақты жағдайлары
1.
Қостанай облысы
әкімдігі денсаулық
сақтау
басқармасының
"Ұзынкөл
аудандық орталық
ауруханасы"
коммуналдық
мемлекеттік
кәсіпорны
Қызметкердің
алдын ала
кәсіптік
даярлаудан
өтуін талап
етпейтін
күнделікті
жұмыстарға
көмек: аумақты
жинау және
абаттандыруға
көмек; жөндеу
жұмыстарын
өткізудегі
көмек;
Қостанай
облысы
әкімдігі
денсаулық
сақтау
басқармасының
"Ұзынкөл
аудандық
орталық
ауруханасы"
коммуналдық
мемлекеттік
кәсіпорны,
Бауман, Ершов,
Киев, Киров,
Куйбышев,
Новопокров,
Петропавл,
Чапай,
Федоров,
Пресногорьков,
Россия,
Суворов,
Карлмаркс,
Ұзынкөл
селолық
округтерінің,
Троебрат,
Ұзынкөл, Ряжск
селоларының
аумағындағы
тұрған
объектілерін
жөндеуге және
абаттандыруға
қатысу.
151200
сағат
Қазақстан
Республикасының еңбек
заңнамасымен
қарастырылған
шектеулерді есепке
алып, қоғамдық
жұмыстарға бір
қатысушының жұмыс
уақытының ұзақтығы
аптасына 40 сағаттан
аспайтын, екі демалыс
күндерімен, бір
сағаттан кем емес түскі
үзіліс.