Об организации призыва граждан на срочную воинскую службу на территории Акжарского района в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года Қолданыста
Басқа 0
2012 жылғы сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Ақжар ауданы аумағындағы азаматтарды шұғыл әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-4 Заңының 28, 29, 31-баптарына, 27-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 31-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай–ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2012 жылдың сәуір–маусымында және қазан–желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара Қызметіне, Қазақстан Республикасының Республикалық ұланына, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министірлігіне шұғыл әскери қызметке шақыруды, «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі арқылы ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізудің қоса берілген кестесі бекітілсін.
Тармақ 3
3. Селолық округінің әкімдері медициналық куәландыруды өткізу үшін және әскери қызметті өту үшін әскерге шақырушылардың кетуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. «Ақжар аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі жергілікті бюджет қаражатынан шұғыл әскери қызметке азаматтарды шақыру жөніндегі іс-шараларға шығындардың уақытында қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Аудан әкімі аппаратының басшысы әскерге шақыру кезіеңіне 2 бірлік көлемінде қызмет көрсететін адамдарды және техникалық жұмысшыларды уақытша жұмысқа қабылдасын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелері жөніндегі орынбасары Ғ.Қ. Айтмұхаметовқа жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
КЕЛІСІЛГЕН:
Басқа 8
2012 жылғы 19 наурыздағы № 71
аудан әкімдігінің қаулысымен
бекітілген
2012 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында шұғыл әскери қызметке азаматтарды шақыруды өткізудің кестесі
№
Селолық округтің атауы
мөлшері
Комиссияны өту күндері
02.04
2012ж
03.04
2012ж
04.04
2012ж
1
Ленинград селолық округі
43
2
Талшық селолық округі
45
3
Ақжарқын селолық округі
5
4
Алқатерек селолық округі
2
5
Восход селолық округі
6
Құлыкөл селолық округі
7
Айсары селолық округі
1
8
Новосел селолық округі
9
Май селолық округі
10
Ұялы селолық округі
11
Кенащы селолық округі
1
12
Кішіқарой селолық округі
10
Барлығы:
150
46
45
16
кестенің жалғасы
05.04
2012ж
06.04
2012ж
бар
лығы
01.10
2012ж
02.10
2012ж
03.10
2012ж
04.10.
2012ж
05.10.
2012ж.
30
40
9
5
5
5
15
6
3
10
13
5
3
8
13
5
8
15
28
140
38
40
22
18
22
Ескерту: шақыру комиссияны өтпеген азаматтар бойынша шақыру комиссияның отырысы аптасына бір рет сәрсенбі, көктемгі шақыруда 2012 жылдың 30 маусымға дейін, күзгі шақыруда 2012 жылдың 30 желтоқсанға дейін өтіледі.