Уәлиханов ауданының аймағында 2012 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасының азаматтарын кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.03.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Уәлиханов ауданының аймағында 2012 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасының азаматтарын кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV Заңының 27-бабының 3-тармағына, 28-бабының 1-тармағына, 31-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қантардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2012 жылдың сәуір–маусым және қазан–желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі арқылы ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. 1, 2-қосымшаларына сәйкес әскери қызметке қоса берілген азаматтардың шақырылу кестелері бекітілсін.
Тармақ 3
3. Селолық округтерінің әкімдері азаматтарды әскери қызметке шақыру кезеңінде ауданның әскери басқару жергілікті органға шақырылушылардың уақытылы жеткізілуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі аудандық бюджет есебінен әскери қызметке азаматтарды шақыру бойынша шараларына шығындарының уақытылы қаржыландыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Аудан әкімінің аппарат басшысы шақырудың өткізу кезеңінде 2 бірлік санымен техникалық қызметкерлерді және қызмет көрсететін персоналды жұмысқа қабылдасын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Ш. Махатовқа жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 1 сәуірдегі пайда болған құқықтық қатынастарға таралады. Келісілді: «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Қанат Жаңабайұлы Омаров (СҚО УА ҚІЖБ) 2012 жылы 26 наурыз
Басқа 8
«Бекітілген» Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 26 наурыздағы № 93 қаулысымен № 1-қосымша 2012 жылдың сәуiр-маусымында азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткiзу КЕСТЕСI № Селолық округінің атауы Комиссия өту күндері сәуір-маусым 02. 04. 2012 03. 04. 2012 04. 04. 2012 05. 04. 2012 06. 04. 2012 07. 04. 2012 11. 04. 2012 18. 04. 2012 25. 04. 2012 1 Ақтүйесай 15 2 Амангелды 1 3 Бидайық 13 4 Көктерек 22 5 Қаратерек 17 6 Қарасу 2 7 Қайрат 7 8 Қулыкөл 17 9 Телжан 10 10 Ақбұлақ 6 11 Кішкенекөл 17 17 16 кестенің жалғасы 02.05. 2012 16.05. 2012 23.05. 2012 30.05. 2012 06.06. 2012 13.06. 2012 20.06. 2012 27.06 2012 Ескерту: шақыру комиссияны өтпеген азаматтар үшін шақыру комиссиясының отырысы аптасына бір рет сәрсенбі күндері, күзгі шақыруда 2012 жылдың 30 желтоқсанға дейін өткізіледі.
Басқа 9
«Бекітілген» Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 26 наурыздағы № 93 қаулысымен № 2-қосымша 2012 жылдың қазан-желтоқсанда азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткiзу КЕСТЕСI № Селолық округінің атауы Комиссия өту күндері қазан-желтоқсан 01. 10. 2012 02. 10. 2012 03. 04. 2012 04. 10. 2012 05. 10. 2012 10. 10. 2012 17. 10. 2012 24.10. 2012 1 Ақтүйесай 13 2 Амангелды 1 3 Бидайық 15 4 Көктерек 18 5 Қаратерек 15 6 Қарасу 2 7 Қайрат 10 8 Қулыкөл 14 9 Телжан 12 10 Ақбұлақ 10 11 Кішкенекөл 17 17 16 кестенің жалғасы 31.10.2012 07.11.2012 14.11. 2012 21.11.2012 28.11. 2012 05.12. 2012 12.12. 2012 19.12. 2012 28.12 2012 Ескерту: шақыру комиссияны өтпеген азаматтар үшін шақыру комиссиясының отырысы аптасына бір рет сәрсенбі күндері, күзгі шақыруда 2012 жылдың 30 желтоқсанға дейін өткізіледі.