О повышении ставок платы за эмиссию в окружающую среду на 2012 год
Қолданыста
Өзге акт
№ 3-5
21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О повышении ставок платы за эмиссию в окружающую среду на 2012 год
- Атауы (қаз.)
- 2012 жылға арналған қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақылар ставкаларын арттыру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 3-5
- Қабылданған күні
- 29.03.2012
- Қолданысқа енгізілген күні
- 25.04.2012
- Көрсетілген редакция
- 29.03.2012 64497_168935.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.03.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12G0001808
- ЭКБ идентификаторы
- 64497
- Редакция идентификаторы
- 64497_168935
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:41
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.03.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
2012 жылға арналған қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақылар ставкаларын
арттыру туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексiнiң 495 бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексiнiң 495 бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. 2012 жылға арналған қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақы ставкалары қосымшаға сәйкес арттырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау бесінші шақырылған облыстық мәслихаттың экономика, қаржы, бюджет және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешiм әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Жамбыл облыстық мәслихатының
2012 жылғы 29 наурыздағы
№ 3-5 шешіміне қосымша
2012 жылға арналған қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақылар ставкалары
1. Тұрақты көздерден ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы ставкалары
Реттік № | Ластағыш заттардың түрлері | 1 тонна үшін төлемақы ставкалары (айлық есептік көрсеткіш) | 1 килограмм үшін төлемақы ставкалары (айлық есептік көрсеткіш) |
1 | күкірт тотықтары | 15 | |
2 | азот тотықтары | 15 | |
3 | шаң және күл | 7,5 | |
4 | қорғасын және оның қосындылары | 2989,5 | |
5 | күкіртті сутек | 93 | |
6 | фенолдар | 249 | |
7 | көмір сутектер | 0,24 | |
8 | формальдегид | 249 | |
9 | көміртегі тотықтары | 0,24 | |
10 | метан | 0,015 | |
11 | күйе | 18 | |
12 | темір тотықтары | 22,5 | |
13 | аммиак | 18 | |
14 | алты валентті хром | 598,5 | |
15 | мыс тотықтары | 448,5 | |
16 | бенз(а)пирен | 747,45 |
2. Алауларда ілеспе және (немесе) табиғи газды жағудан ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы ставкалары
Реттік № | Ластағыш заттардың түрлері | 1 тонна үшін төлемақы ставкалары (айлық есептік көрсеткіш) |
1 | көмірсутектер | 3,345 |
2 | көміртегі тотықтары | 1,095 |
3 | метан | 0,06 |
4 | күкірт диоксиды | 15 |
5 | азот диоксиды | 15 |
6 | күл | 18 |
7 | күкіртті сутек | 93 |
8 | меркаптан | 14949 |
3. Қозғалмалы көздерден атмосфералық ауаға ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы ставкалары
Реттік № | Отын түрлері | Пайдаланылған отынның 1 тоннасы үшін ставка (айлық есептік көрсеткіш) |
1 | Этилденбеген бензин үшін | 0,495 |
2 | Дизель отыны үшін | 0,675 |
3 | Сұйытылған, сығылған газ үшін | 0,36 |
4. Ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы ставкалары
Реттік № | Ластағыш заттардың түрлері | 1 тонна үшін төлемақы ставкалары (айлық есептік көрсеткіш) |
1 | нитриттар | 670 |
2 | мырыш | 1340 |
3 | мыс | 13402 |
4 | оттегіне биологиялық сұраныс | 4 |
5 | тұзды аммоний | 34 |
6 | мұнай өнімдері | 268 |
7 | нитраттар | 1 |
8 | жалпы темір | 134 |
9 | сульфаттар (анион) | 0,4 |
10 | өлшенген заттар | 1 |
11 | синтетикалық бетүсті-белсенді заттар | 27 |
12 | хлоридтер (анион) | 0,1 |
13 | алюминий | 27 |
5. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін төлемақы ставкалары
Реттік саны | Қалдықтардың түрлері | Төлемақы ставкалары (айлық есептік көрсеткіш) | |
1 тонна үшін | 1 гигабеккерель үшін | ||
1 | Өндіріс пен тұтынудың қалдықтарын полигондарға, жинақтауыштарға, санкцияланған үйінділерге және арнайы берілген орындарды орналастырғаны үшін: | ||
1.1. | Коммуналдық қалдықтар (тұрмыстық қатты қалдықтар, тазарту құрылғыларының кәріздік тұнбасы) | 0,285 | |
1.2. | Қауіптілік деңгейін ескере отырып, өнеркәсіптік қалдықтар | ||
1.2.1. | "қызыл" тізім | 10,5 | |
1.2.2. | "янтарь" тізім | 6 | |
1.2.3. | "жасыл" тізім | 1,5 | |
1.2.4. | жіктелмегендер | 0,675 | |
1.3. | Бұдан басқа: | ||
1.3.1 | аршынды жыныстар | 0,003 | |
1.3.2 | жанас таужыныстары | 0,0195 | |
1.3.3 | байыту қалдықтары | 0,015 | |
1.3.4 | шлактар, шламдар | 0,0285 | |
1.3.5 | күл мен күлшлактар | 0,495 | |
1.3.6 | ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары | 0,0135 | |
2 | Радиоактивтік қалдықтарды орналастырғаны үшін, гигабеккерельмен | ||
2.1. | Трансуранды | 0,57 | |
2.2. | Альфа-радиоактивті | 0,285 | |
2.3. | Бета-радиоактивті | 0,03 | |
2.4. | Шынақты радиоактивті көздер | 0,285 | |
5-1. Күкіртті орналастырғаны үшін төлемақы ставкалары бір тонна үшін 5,655 айлық есептік көрсеткішті құрайды.
6. Мынадай коэффициенттер:
1) коммуналдық қызметтер көрсету кезінде түзілетін эмиссия көлемі үшін табиғи монополия субъектілері мен Қазақстан Республикасының энергия өндіруші ұйымдары үшін осы белгіленген төлемақы ставкаларына:
1 – тармақта – 0,3;
4 – тармақта – 0,43;
5 – тармақтың 1.3.5.- жолында – 0,05;
4 – тармақта – 0,43;
5 – тармақтың 1.3.5.- жолында – 0,05;