Об определении целевых групп в 2012 году Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.03.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2012 жылы халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5, 7-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2012 жылы халықтың нысаналы топтары болып мынадай санаттар анықталсын:
Тармақша 1
1) табысы аз адамдар;
Тармақша 2
2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
Тармақша 3
3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
Тармақша 4
4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
Тармақша 6
6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
Тармақша 7
7) мүгедектер;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
Тармақша 9
9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
Тармақша 10
10) оралмандар;
Тармақша 11
11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
Тармақша 12
12) жұмыс беруші - заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
Тармақша 13
13) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;
Тармақша 14
14) ұзақ уақыт жұмыспен қамтылмағандар (он екі айдан астам);
Тармақша 15
15) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
Тармақша 16
16) жұмыссыздар ретінде жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органында тіркелген елу жастан асқан адамдар.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Ә. Закаринге жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: "Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ бастығы ___________________ Ә. Сансызбаев