Об организации и обеспечении проведения призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года Қолданыста
Басқа 0
Азаматтарды 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
"Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 27-бабына, "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығына сәйкес Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткермеген азаматтарды 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке "Қостанай облысы Лисаковск қаласының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) арқылы шақыруды жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
Тармақ 2
2. "Қостанай облысы Лисаковск қаласының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) өзінің құзыреті шегінде "Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақыру бойынша іс-шаралар жүргізуді қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Октябрь кентінің, Красногор селосының әкімдері:
әскерге шақырылушыларды "Қостанай облысы Лисаковск қаласының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) шақырылатыны туралы хабардар етсін;
азаматтарды мерзімді әскери қызметке әскери шақыруды жүргізу кезінде "Қостанай облысы Лисаковск қаласының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) шақырылушыларды жеткізуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының ішкі істер департаменті Лисаков қаласының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскери міндеттілікті орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді жүзеге асыру ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің орынбасары Ә.С. Сапароваға жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігі Қостанай облысының ішкі
істер департаменті Лисаков қаласының
ішкі істер бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің (ММ) бастығы
________________ Т. Айсин
"Қостанай облысы Лисаковск қаласының
Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі"
ММ бастығы
________________ А. Никифоров