Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года Қолданыста
Басқа 0
Азаматтарды 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңына, "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығына сәйкес Қарасу ауданының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. "Қостанай облысы Қарасу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі арқылы (келісім бойынша) 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасы республикалық Ұланына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне мерзімді әскери қызметке әскерге шақыруды жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
Тармақ 2
2. Қарасу селосында шақыру пункті ұйымдастырылсын.
Тармақ 3
3. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының Ішкі істер департаменті Қарасу ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттiк мекемесi (келісім бойынша) әскерге шақыруды өткізу және командаларды жөнелту кезеңінде:
Тармақша 1
1) өз құзыреті шегінде әскери міндеттілікті орындаудан жалтарған адамдарды iздестiруді жұзеге асыру;
Тармақша 2
2) әскерге шақыру пунктінде және әскерге шақырылушыларды "Қостанай облысы Қарасу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттiк мекемесiнен жөнелткен кезде қоғамдық тәртiптi сақтау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкiмiнiң орынбасары Б.Б. Уәлиевке жүктелсiн.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған іс-әрекеттерге таратылады.
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі Қостанай
облысы Ішкі істер департаменті
Қарасу ауданының ішкі істер бөлімі"
мемлекеттік мекемесiнің бастығы
________________ Е. Махмұтов
"Қостанай облысы Қарасу
ауданының қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі" мемлекеттік
мекемесiнің бастығы
_______________ А. Мұқашев