Об организации и обеспечении проведения призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.04.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Азаматтарды 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңына, "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығына сәйкес Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Қостанай облысы Жітіқара ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) арқылы 2012 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында азаматтарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасы Республикалық ұланына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
Тармақ 2
2. "Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрлігі Қостанай облысының ішкі істер Департаменті Жітіқара қаласы және Жітіқара ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскерге шақыруды жүргізген және топтарды жіберген кезеңде аудандық әскерге шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.А. Жаулыбаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған қатынастарға таратылады. КЕЛІСІЛГЕН: "Қостанай облысы Жітіқара ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы ______________ Б. Берекетов "Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрлігі Қостанай облысының ішкі істер Департаменті Жітіқара қаласы және Жітіқара ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы ______________ Е. Дербисов