Об утверждении Правил кредитования областных бюджетов, бюджетов городов Астаны и Алматы на проведение ремонта общего имущества объектов кондоминиума на 2012 год Қолданыста
Басқа 0
Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне жөндеу жүргізуге 2012 жылға кредит беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» 2011 жылғы 30 сәуірдегі № 473, «2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1428 қаулыларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне жөндеу жүргізуге 2012 жылға кредит беру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарымен кредиттік шарттар жасасуды;
Тармақша 2
2) кредиттік шарттар талаптарының орындалуын бақылауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі заңнамада белгіленген тәртіппен бюджеттік кредиттердің нысаналы және тиімді пайдаланылуын, өтелуін және оларға қызмет көрсетуді бақылау мен мониторингілеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне кредиттерді игеру туралы ақпарат берсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне жөндеу жүргізуге 2012 жылға кредит беру қағидалары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 17 сәуірдегі
№ 475 қаулысымен
бекітілген
Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне жөндеу жүргізуге 2012 жылға кредит беру қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне жөндеу жүргізуге 2012 жылға кредит беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» 2011 жылғы 30 сәуірдегі № 473, «2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1428 қаулыларына сәйкес әзірленді және облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне жөндеу жүргізуге 2012 жылға кредит беру тәртібін белгілейді.
Тарау 2. 2. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне жөндеу жүргізуге 2012 жылға кредит беру тәртібі
2. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне жөндеу жүргізуге 2012 жылға кредит беру тәртібі
Тармақ 2
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – қарыз алушылар) тиісті мәслихаттар 2012 жылға арналған облыстық бюджеттерде, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінде тиісті түсімдерді көздейтін шешімдер қабылдағаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне (бұдан әрі – кредитор) мәслихаттардың көрсетілген шешімдерін ұсынады.
Тармақ 3
3. Кредитор Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Қағидалардың 2-тармағы орындалғаннан кейін «2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1428 қаулысының 31-қосымшасына сәйкес қарыз алушыларға кредиттік шарттар жасасу арқылы жалпы сомасы 8000000000 (сегіз миллиард) теңгеге бюджеттік кредиттер (бұдан әрі – кредиттер) береді.
Тармақ 4
4. Қарыз алушыларға кредиттер беру үшін мынадай негізгі шарттар белгіленеді:
Тармақша 1
1) кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне жөндеу жүргізуге 2012 жылға кредиттер қарыз алушыларға 7 (жеті) жыл мерзімге 0,1% сыйақы ставкасы бойынша теңгемен беріледі;
Тармақша 2
2) кредиттерді игеру кезеңі кредитордың шотынан кредиттер аударылған сәттен бастап есептеледі және 2012 жылғы 25 желтоқсанда аяқталады.
Тармақ 5
5. Кредиттерді беру, өтеу және қызмет көрсету жөніндегі қосымша шарттар Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне сәйкес кредиттік шартта белгіленеді.