Құжат мәтініне өту

Об очередном призыве граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года по Кордайскому району

Қаулы · № 205 · қабылданған 18.04.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2012-ekb-64852/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об очередном призыве граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года по Кордайскому району Күшін жойған Қаулы ·№ 205 ·18.04.2012
15.11.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.11.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об очередном призыве граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года по Кордайскому району

Күшін жойған Қаулы ·№ 205 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об очередном призыве граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года по Кордайскому району
Атауы (қаз.)
2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қордай ауданы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
205
Қабылданған күні
18.04.2012
Қолданысқа енгізілген күні
21.04.2012
Көрсетілген редакция
15.11.2013 AI64852_2.kaz
Соңғы өзгеріс
15.11.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12GE000142
ЭКБ идентификаторы
64852
Редакция идентификаторы
AI64852_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:26

0 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қордай ауданы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 27 бабына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығына және «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 326 Қаулысына сәйкес Қордай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткермеген азаматтарды 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізілсін.

2 2. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу үшін аудандық шақыру комиссиясы келесі құрамда құрылсын:

Үйсімбаев Еркін Құлымбайұлы
-
Қордай ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;
Джанабердиев Бауыржан Советұлы
-
«Жамбыл облысы Қордай ауданының Қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы, төраға орынбасары (келісім бойынша);
Комиссия мүшелері:
Тойбаев Ринат Еділбекұлы
-
«Жамбыл облысы Iшкi iстер Департаментiнің Қордай аудандық iшкi iстер бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi бастығының орынбасары, комиссия мүшесі (келісім бойынша);
Қадірбекова Зауреш Қалқаманқызы
-
«Жамбыл облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасы Қордай аудандық орталық ауруханасы» шаруашылығы жүргізу құқығындағы мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорны бас-дәрігерінің орынбасары, медициналық комиссия төрайымы (келісім бойынша);
Илимбаева Гүлнара Тастыбайқызы
-
«Жамбыл облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасы Қордай аудандық орталық ауруханасы» шаруашылығы жүргізу құқығындағы мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорнының медбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша).

3 3. «Жамбыл облысы Iшкi iстер Департаментiнің Қордай аудандық iшкi iстер бөлiмi» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) өздерінің құзыреті шегінде қызметке шақырудан жалтарған адамдарды жеткізуді қамтамасыз ету ұсынылсын.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қордай ауданы әкімінің орынбасары Еркін Құлымбайұлы Үйсімбаевқа жүктелсін.

5 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оны алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

«Келісілді»:
«Жамбыл облысы Қордай ауданының
Қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi»
мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы
Б.С.Джанабердиев
2012 жыл
«Жамбыл облысы Iшкi iстер Департаментiнің
Қордай аудандық iшкi iстер бөлiмi»
мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы
М.Ө.Қырғызбаев
2012 жыл
«Жамбыл облысы әкiмдiгiнiң денсаулық
сақтау басқармасы Қордай аудандық
орталық ауруханасы» шаруашылығы
жүргізу құқығындағы мемлекеттiк коммуналдық
кәсiпорнының бас дәрiгерi
Э.Ф.Заманов
2012 жыл

Қолданыстағы