Об очередном призыве граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.03.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағының 8)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 27–бабының 3-тармағына, 28-бабының 1-тармағына, 31-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы N 274 "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы N 274 Жарлығын іске асыру туралы" N 326 Қаулысына сәйкес, Көксу ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Кент, ауылдық округ әкімдеріне Алматы облысы, Ескелді ауданы, Қарабұлақ кенті, Строителей көшесі 13 үй мекен-жайында орналасқан шақыру учаскесінде "Ескелді аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі шақыру учаскесі арқылы әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ, он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша белгіленген әскери қызмет мерзімдерін өткермеген азаматтар 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
Тармақ 2
2. Азаматтарды әскери қызметке жүргізу үшін әскерге шақыруды өткізу кезеңіне аудандық шақыру комиссиясы 1-қосымшаға сәйкес құрылсын.
Тармақ 3
3. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 4
4. Кент, ауылдық округ әкімдері 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында өтетін шақыру мерзімінде әскер қатарына шақырылғандарды, олардың шақыру учаскесіне шақырылғандығы туралы хабардар етіп және олардың дер кезінде келуін ұйымдастырсын.
Тармақ 5
5. "Көксу аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Бақмұрат Дүйсембайұлы Байжұрынов (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және жеткізуді өз құзыреті шегінде ұйымдастырып, шақырылушыларды жөнелту кезінде шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Көксу ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 25 сәуірдегі "1984-1993 жылдары туылған Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында әскери қызметке шақыру туралы" 2011 жылғы 25 сәуірдегі N 153 қаулысы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2011 жылдың 20 мамырында 2-14-110 нөмірімен енгізілген "Нұрлы Көксу" газетінде 2011 жылдың 17 маусымында N 24 жарияланған ) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Әлия Секерғалиқызы Садықоваға жүктелсін.
Тармақ 8
8. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: "Көксу аудандық орталық аурухана" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері Ағыбаев Ғани Бартайұлы 30 наурыз 2012 жыл Көксу аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы, подполковник Байжұрынов Бақмұрат Дүйсембайұлы 30 наурыз 2012 жыл "Алматы облысы Ескелді ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы, подполковник Қанағатов Асан Уахитұлы 30 наурыз 2012 жыл
Басқа 9
Көксу ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 30 наурыздағы "Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір- маусымында және қазан– желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 130 қаулысына 1-қосымша Аудандық шақыру комиссиясының құрамы Садықова Әлия Секерғалиқызы - Аудан әкiмiнiң орынбасары, комиссия төрағасы; Қанағатов Асан Уахитұлы – "Ескелдi аудандық қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің бастығы,комиссия төрағасының орынбасары. Комиссия мүшелерi: Ақбасов Хасен Ерасылұлы – "Көксу аудандық iшкi iстер бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің бастығының орынбасары; Алшынбеков Жұмабек Махатұлы – "Көксу аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік қазынашылық кәсіпорынның бас дәрiгерiнiң орынбасары, медициналық комиссияның төрағасы; Әбiшова Гүлнар Шабалинқызы –" Көксу аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік қазынашылық кәсіпорынның медбикесi, комиссия хатшысы.
Басқа 10
Көксу ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 30 наурыздағы "Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір- маусымында және қазан– желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 130 қаулысына 2-қосымша Аудан бойынша азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткiзу кестесi: Р/с Кент­тiк ауыл­дық округ­тер Сәуiр Ма­мыр Қа­зан 10 11 12 13 14 17 18 19 20 24 25 26 27 28 29 1 Айнабұлақ + + 2 Ал­ға­бас + + 3 Еңбекшi + 4 Жарлыөзек + 5 Қабылиса + 6 Мұқыры + + 7 Мұқаншы 8 Мұсабек 9 Ла­ба­сы 10 Бал­пық