Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.03.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Азаматтарды 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңына, "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 326 қаулысына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Қостанай облысы Науырзым ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) арқылы 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасының Республикалық ұланына, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министірлігіне мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. "Науырзым ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі аудандық шақыру учаскесiндегi техникалық жұмыстар үшiн бір қызметкер бөлсін.
Тармақ 3
3. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының Ішкі істер Департаменті Науырзым ауданының Ішкi iстер бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) өз құзыреті шегінде әскери міндеттілікті орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) аудандық әскерге шақыру учаскесінде әскерге шақырылушылар арасында қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. С. Ержановқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған қатынастарға таратылады. КЕЛIСIЛДI: "Қостанай облысы Науырзым ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі мемлекеттік мекемесінің бастығы _______________ А. Тлегенов "Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі Қостанай облысының ішкі істер Департаменті Науырзым ауданының iшкi iстер бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнің бастығы _______________ Н. Байкасов "Науырзым ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының міндетін атқарушы _______________ Е. Сұлтанов