Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета 2012 года областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на поддержку племенного животноводства Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.09.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасының «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шiлдедегi және «2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2011 жылғы 24 қарашадағы заңдарына сәйкес асыл тұқымды өнiммен (материалмен) қамтамасыз етуде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидалары бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.
Басқа 3. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидалары
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 24 сәуірдегі № 516 қаулысымен бекiтiлген Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидалары
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) мал шаруашылығындағы асылдандыру iсi бойынша республикалық малды асылдандыру орталығының (бұдан әрi – республикалық малды асылдандыру орталығы), қостанай жылқы тұқымы бойынша асыл тұқымды жылқы зауытының, еттi құс шаруашылығы бойынша асылдандыру шаруашылығының, отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң (бұдан әрi – тауар өндiрушiлер) ағымдағы нысаналы трансферттердi (бұдан әрi – бюджеттiк субсидиялар) асыл тұқымды жануарлардың үлес салмағын, етті ірі қара малдың тектік қорын қалпына келтіру және көбейту, сондай-ақ тауар өндiрушiлердегi ауыл шаруашылығы жануарлары сапасының өнiмдiлiгiн арттыру мақсатында 2012 жылға арналған республикалық бюджетте 083 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттiк бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен және шегiнде пайдалану тәртiбiн айқындайды.
Тармақ 2
2. Бюджеттiк субсидиялар:
Тармақша 1
1) тауар өндiрушiлер отандық асыл тұқымды мал зауыттарынан және (немесе) асыл тұқымды мал шаруашылықтарынан сатып алған отандық тұқымдардың асыл тұқымды төлiнiң құнын iшiнара (50 %-ға дейiн) арзандатуға;
Тармақша 2
2) тауар өндiрушiлер сатып алған, оның iшiнде лизинг шарты негiзiнде сатып алған асыл тұқымды ірі қара мал төлiнiң құнын iшiнара (50 %-ға дейiн) арзандатуға;
Тармақша 3
3) тауар өндiрушiлер ағымдағы жылы және (немесе) өткен жылдың төртінші тоқсанында шетелден, оның iшiнде лизинг шарты негiзiнде сатып алған асыл тұқымды және селекциялық ірі қара мал төлінің (бұдан әрi – шет елден әкелінген асыл тұқымды және селекциялық төл) құнын iшiнара (50 %-ға дейiн) арзандатуға;
Тармақша 4
4) дара кәсіпкерлерге және/немесе заңды тұлғаларға жеке қосалқы шаруашылықтардағы аналық ірі қара мал басын шағылыстыруға пайдаланатын асыл тұқымды етті бағыттағы тұқымдық бұқаларды күтіп-бағуға (бұдан әрі - тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу) жұмсалатын шығындардың құнын iшiнара (50 %-ға дейiн) арзандатуға;
Тармақша 5
5) етті бағыттағы аналық ірі қара мал басының (сиырлар және құнажындар) сапалық құрамын жақсартумен айналысатын тауар өндiрушiлерге селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізумен (ұйымдастырумен) байланысты шығындарының құнын iшiнара (50 %-ға дейiн) арзандатуға;
Тармақша 6
6) отандық құс фабрикалары отандық асыл тұқымды құс фабрикаларынан сатып алған асыл тұқымды тәулiктiк балапандар мен асыл тұқымды жұмыртқаның (бұдан әрi – құс шаруашылығы өнімдері) құнын iшiнара (50 %-ға дейiн) арзандатуға;
Тармақша 7
7) республикалық малды асылдандыру орталығы сатып алатын арнайы технологиялық, зертханалық жабдықтардың құнын толық өтеуге;
Тармақша 8
8) асыл тұқымды бұқаларды, шетелдiк селекцияның ұрығын сатып алу, сондай-ақ асыл тұқымды бұқаларды күтiп-бағу, ұрығын алу, сақтау, ұрпағының сапасы бойынша бағалау (бұдан әрi – бағалау) үшiн олардың ұрығын пайдалану және эмбриондар алу, сақтау, пайдалану бойынша республикалық малды асылдандыру орталығының шығындарын толық өтеуге;
Тармақша 9
9) еттi құс шаруашылығы бойынша асылдандыру шаруашылығында асыл тұқымды құс сатып алу жөнiндегi шығындарды толық өтеуге;
Тармақша 10
10) асыл тұқымды жылқыларды көбейту, күтiп-бағу және тренингі, қостанай жылқы тұқымы бойынша асыл тұқымды жылқы зауытында асыл тұқымды айғырлардың ұрығын алу және сақтау жөнiндегi шығындарды толық өтеуге арналады.
Тармақ 3
3. Тауар өндiрушiлер субсидиялау бағдарламасына қатысу үшiн осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өлшемдерге сәйкес келуi тиiс.
Тармақ 4
4. Сатып алынған асыл тұқымды және селекциялық төлдің, құс шаруашылығы өнімдерінің әрбiр түрiне, 1 бас тұқымдық бұқаны күтіп-бағуға, сондай-ақ селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізуге жұмсалатын бюджеттiк субсидиялардың нормативi осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес белгiленедi.
Тармақ 5
5. Тауар өндiрушiлерге еттi бағыттағы құс шаруашылығы бойынша асылдандыру шаруашылығының балапандарды, сондай-ақ республикалық малды асылдандыру орталығының асыл тұқымды бұқалар ұрығын өткізу бағасы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес белгiленедi.
Тармақ 6
6. Субсидиялауға мыналар жатпайды:
Тармақша 1
1) тауар өндiрушiлер сатып алған асыл тұқымды және селекциялық төл, құс шаруашылығы өнімі, сондай-ақ осы Қағидаларға 1-қосымшада белгiленген өлшемдерге сәйкес келмейтiн тауар өндірушілерде селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізу, тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу жөніндегі шығындар;
Тармақша 2
2) тауар өндiрушiлер өзара есеп айырысу есебiне, сондай-ақ аффилиирленген тұлғалардан айырбас бойынша сатып алған асыл тұқымды және селекциялық төл, құс шаруашылығы өнімі;
Тармақша 3
3) индекстік жүйе бойынша бағаланбаған және таза тұқымдық өсіруге немесе туыстас топтарды шағылыстыруға арналмаған, шетелден (Ресей Федерациясын, Белорусь Республикасын және Украинаны қоспағанда) сатып алған ірі қара малдың асыл тұқымды төлі (қашар және құнажын); ұрпағының сапасы бойынша бағаланбаған және өнімін молайту мақсатында емес сатып алынған бұқалар;
Тармақша 4
4) өнеркәсiптiк шағылыстыруға арналған, шет елден әкелінген және отандық асыл тұқымды малдан алынған асыл тұқымды және селекциялық қашарлар;
Тармақша 5
5) бұрын тауар өндiрушiлер және лизингтiк ұйымдар (бұдан әрi – лизинг берушiлер) арзандатқан және сатқан асыл тұқымды және селекциялық төл.
Тармақ 7
7. Осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген мемлекеттік қолдау бағыттары бойынша өңірлерге бөлінген қаражат шегінде бюджеттік субсидия көлемі ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетті іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң бұйрығымен айқындалады.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнің (бұдан әрi – Министрлiк) жазбаша келісімі бойынша облыс әкiмiнiң шешiмiмен мынадай нысандар бекiтiледi:
Тармақша 1
1) шетелден әкелінген асыл тұқымды және селекциялық төлді, сондай-ақ лизинг шарты негізінде сатып алынған асыл тұқымды және селекциялық ірі қара малдың төлін қоспағанда, асыл тұқымды өнiмдi (материалды) сатып алу-сату шарты;
Тармақша 2
2) сатып алынған асыл тұқымды өнiмге (материалға), тұқымдық бұқаларды күтіп-бағуға, сондай-ақ селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізуге субсидия алуға өтiнiм;
Тармақша 3
3) ауылдық округтегі тұқымдық бұқаға деген қажетілік бойынша өтінім;
Тармақша 4
4) асыл тұқымды өнiм сатып алғаны, тұқымдық бұқалар саны, сондай-ақ селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізу және аудан бойынша тиесiлi субсидия сомасы туралы жиынтық акт;
Тармақша 5
5) асыл тұқымды өнiм сатып алғаны, асыл тұқымды тұқымдық бұқалар саны туралы, сондай-ақ селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізу және облыс бойынша тиесiлi субсидия сомасы туралы жиынтық акт;
Тармақша 6
6) облыс бойынша бюджет қаражатын игеру жөнiндегi есеп (ақпарат);
Тармақша 7
7) облыс бойынша асыл тұқымды өнiмдi (материалды) сатып алу, сондай-ақ селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізу көлемi жөнiндегi бір тоқсандағы есеп (ақпарат);
Тармақша 8
8) тұқымдық бұқаларды бекіту және пайдалану бойынша елді мекен тұрғындары – мал иелері жиналысының шешімі;
Тармақша 9
9) сатып алынған ірі қара малдың асыл тұқымды және селекциялық төлін пайдалану бойынша міндеттеме.
Тармақ 9
9. Министрлiк бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi ретiнде төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына және облыс әкiмi мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi арасында қол қойылған ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келiсiмге сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi облыстық бюджеттерге аударады. Бөлiнген қаражат толығымен игерілмеген жағдайда Министрлiк заңнамада белгiленген тәртiппен бюджеттiк бағдарламаны iске асыруға 2012 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегiнде облыстар бойынша бюджеттiк субсидияларды төлеуге арналған қаражатты қайта бөлу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныс енгiзедi.
Тармақ 10
10. Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы (бұдан әрi – басқарма) ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың 5-күніне дейiнгi мерзiмде, бiрақ 2012 жылғы 30 желтоқсаннан кешiктiрмей Министрлiкке төленген бюджеттiк субсидиялардың көлемi, құны және тиiмдiлiгi туралы есеп бередi.
Тармақ 11
11. Осы Қағидаларда көзделген тауар өндірушілердің міндеттемелері екі данада толтырылады және бір данадан тиісті бөлімде және Министрлік ведомствосының тиісті аумақтық бөлімшесінде тауар өндірушілер оны берген сәттен бастап кемінде бес жыл сақталуға жатады. Тауар өндірушілердің ұсынылған міндеттемлерді сақтамауы тиісті ауданның ауыл шаруашылығы бөлiмінің (бұдан әрi – бөлiм) төленген субсидияларды заңнамада белгіленген тәртіппен өндіріп алуына негіз болып табылады.
Тармақ 2. 2. Тауар өндiрушiлердің шығындарын iшiнара арзандатуды (құнын өтеуді) көздейтін субсидияларға арналған ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану тәртiбi
2. Тауар өндiрушiлердің шығындарын iшiнара арзандатуды (құнын өтеуді) көздейтін субсидияларға арналған ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану тәртiбi
Тармақ 2.1. 2.1. Тауар өндірушілердің субсидия алуға арналған өтінімдерін қарау тәртібі
2.1. Тауар өндірушілердің субсидия алуға арналған өтінімдерін қарау тәртібі
Тармақ 12
12. Осы Қағидалар ресми жарияланғаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде бөлім аудан әкімдігінің интернет-ресурсына субсидиялауға қатысу үшін өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы хабарландыру орналастырады.
Тармақ 13
13. Тауар өндiрушiлер 2012 жылғы 1 қарашадан кешіктірілмейтін мерзімде, бөлiмге отандық асыл тұқымды мал зауыттарынан және (немесе) асыл тұқымды шаруашылықтардан не асыл тұқымды ірі қара мал өсіретін тауар өндірушілерден асыл тұқымды төл, шет елден әкелінген асыл тұқымды және селекциялық төл, отандық асыл тұқымды құс фабрикаларынан құс шаруашылығы өнімдерін, сондай-ақ тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу және селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізу бойынша шығындардың нақты және (немесе) жоспарланған көлемiне өтiнiмдер ұсынады.
Бөлім 14. 14. Бөлiм өтiнiмдердi алған сәттен бастап жетi жұмыс күнi iшiнде тауар өндiрушiлердiң осы Қағидаларда белгiленген өлшемдерге сәйкестiгiн тексередi.
14. Бөлiм өтiнiмдердi алған сәттен бастап жетi жұмыс күнi iшiнде тауар өндiрушiлердiң осы Қағидаларда белгiленген өлшемдерге сәйкестiгiн тексередi. Ұсынылған өтінімдердің осы Қағидаларда белгіленген өлшемдерге сәйкес келмеуі және (немесе) бюджеттік субсидиялардың бөлінбеген қалдығының болмауы өтінімдерді белгіленген мерзімнен кеш ұсыну субсидиялау бағдарламасына қатыстырудан бас тарту үшін негіздеме болып табылады. Осындай жағдайларда бөлім бас тарту себептерін көрсете отырып, өтінімдерді үш жұмыс күні ішінде тауар өндірушілерге кері қайтарады. Тауар өндірушілер өтінімді қайта енгізуге құқылы, бірақ белгіленген мерзімнен кешіктірмейді. Аудан бойынша субсидиялау бағыттары бойынша бюджеттік субсидиялар алушылардың жиынтық тізімін тиісті аудан әкімі бекітеді.
Тармақ 15
15. Бекітілген тізімді бөлiм тауар өндiрушiлердiң өтiнiмдерiмен бiрге облыс әкiмiнiң шешiмiмен құрылған, облыс әкiмiнiң ауыл шаруашылығы мәселелерi бойынша орынбасары төрағалық ететiн облыстық комиссияның (бұдан әрi – комиссия) қарауына жiбереді. Комиссияның құрамына басқарманың, Министрліктің Агроөнеркәсіптік кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетi аумақтық инспекциясының мамандары, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың өкілдері кiредi.
Тармақ 16
16. Комиссия:
Тармақша 1
1) үш жұмыс күнi iшiнде бөлiмдер ұсынған өтiнiмдердi осы Қағидаларда белгiленген талаптарға сәйкестiгi тұрғысынан қарайды;
Тармақша 2
2) өтiнiмдердi қарау нәтижелерi бойынша бюджеттiк субсидиялар, субсидияланатын асыл тұқымды өнiм сатып алуға, тұқымдық бұқаларды күтіп-бағуға, селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүзеге асыруға жылдық квоталар алуға тауар өндiрушiлердiң жиынтық тiзiмiн, сондай-ақ осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетiлген нормативтер негiзiнде бюджеттiк субсидиялар көлемiн облыс әкiмiне бекiтуге ұсынады.
Тармақ 17
17. Тауар өндiрушiлер өтiнiм білдірген бюджеттік субсидиялардың талап етілетін көлемі бюджеттiк субсидиялар көлемiнен асып түскен жағдайда, комиссия тауар өндiрушiлердiң етті бағыттағы iрi қара малдың асыл тұқымды және селекциялық төлiн сатып алуға берген өтiнiмдерiн басым тәртiппен қанағаттандырады, қаражат қалдығы берілген өтінімдерге сәйкес пропорционалды түрде бөлінеді.
Тармақ 18
18. Облыс әкiмi комиссияның ұсынуы бойынша субсидиялау квоталарын көрсете отырып, субсидиялау бағдарламасына қатысушылардың тiзiмiн бекiтедi. Басқарма облыс әкiмiнiң шешiмiн Министрлiкке және тиiстi бөлiмдерге жолдайды.
Тармақ 2.2. 2.2. Тауар өндірушілердің субсидия алу тәртібі
2.2. Тауар өндірушілердің субсидия алу тәртібі
Тармақ 19
19. Тауар өндiрушiлер – субсидиялау бағдарламасына қатысушылар бюджеттiк субсидиялар алу үшiн мәмiлелердiң жасалуына қарай, бiрақ 2012 жылғы 18 желтоқсаннан кешiктiрмей бөлiмге мынадай құжаттарды:
Тармақша 1
1) асыл тұқымды төлдi, құс шаруашылығы өнімін сатып алу кезiнде: сатып алу-сату шартының көшiрмесiн; Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттiк органы таныған асыл тұқымды мал куәлiгiнiң (сертификаттың) түпнұсқасын және көшiрмесiн (бұл ретте, асыл тұқымды мал куәлiгiнiң (сертификаттың) түпнұсқасы көшiрмесiмен салыстырып тексерiлгеннен кейiн бюджеттiк субсидия алушыға қайтарылады); төлем құжаттарының көшiрмелерiн - кiрiс-кассалық ордердi немесе банктiң төлем тапсырмасын (бұдан әрi - төлем құжаттары); төлдi, құс шаруашылығы өнімін кiрiске алу актiсiн;
Тармақша 2
2) шет елден әкелінген асыл тұқымды төлді сатып алу кезiнде: сатып алу-сату шартының көшiрмесiн; төлем құжаттарының көшiрмелерiн; Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттiк органы таныған асыл тұқымды мал куәлiгiнiң (сертификаттың) түпнұсқасын және көшiрмесiн (бұл ретте, асыл тұқымды мал куәлiгiнiң (сертификаттың) түпнұсқасы көшiрмесiмен салыстырып тексерiлгеннен кейiн бюджеттiк субсидия алушыға қайтарылады); ветеринариялық сертификаттың көшiрмесiн; шет елден әкелінген асыл тұқымды төлдi кiрiске алу актiсiн;
Тармақша 2-1
2-1) шет елден әкелінген селекциялық төлді сатып алу кезiнде: сатып алу-сату шартының көшiрмесiн; төлем құжаттарының көшiрмелерiн; әкесінің желісі бойынша малдың таза тұқымдылығын және шығу тегін растайтын асыл тұқымдық куәлiгiнiң немесе оған балама құжаттың түпнұсқасын және көшiрмесiн (бұл ретте, құжаттың түпнұсқасы көшiрмесiмен салыстырып тексерiлгеннен кейiн бюджеттiк субсидия алушыға қайтарылады); ветеринариялық сертификаттың көшiрмесiн; шет елден әкелінген селекциялық төлдi кiрiске алу актiсiн;
Тармақша 3
3) асыл тұқымды ірі қара мал төлiн лизинг шарты негiзiнде сатып алу кезiнде: лизинг шартының көшiрмесiн; лизинг шарты бойынша негiзгi борышты өтеу үшiн лизинг берушiнiң деректемелерiн көрсете отырып, субсидия төлеуге өтiнiмдi;
Тармақша 4
4) шет елден әкелінген асыл тұқымды төлдi лизинг шарты негiзiнде сатып алу кезiнде: лизинг шартының көшiрмесiн; лизинг шарты бойынша негiзгi борышты өтеу үшiн лизинг берушiнiң деректемелерiн көрсете отырып, субсидия төлеуге өтiнiмдi; Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттiк органы таныған асыл тұқымды мал куәлiгiнiң (сертификаттың) түпнұсқасын және көшiрмесiн (бұл ретте асыл тұқымды мал куәлiгiнiң (сертификаттың) түпнұсқасы көшiрмесiмен салыстырып тексерiлгеннен кейiн бюджеттiк субсидия алушыға қайтарылады); ветеринариялық сертификаттың көшiрмесiн;
Тармақша 4-1
4-1) шет елден әкелінген асыл тұқымды төлдi лизинг шарты негiзiнде сатып алу кезiнде: лизинг шартының көшiрмесiн; лизинг шарты бойынша негiзгi борышты өтеу үшiн лизинг берушiнiң деректемелерiн көрсете отырып, субсидия төлеуге өтiнiмдi; әкесінің желісі бойынша малдың таза тұқымдылығын және шығу тегін растайтын, экспорттаушы елдің құзыретті органдары берген асыл тұқымдық куәлiктiң немесе оған балама құжаттың түпнұсқасын және көшiрмесiн (бұл ретте құжаттың түпнұсқасы көшiрмесiмен салыстырып тексерiлгеннен кейiн бюджеттiк субсидия алушыға қайтарылады); ветеринариялық сертификаттың көшiрмесiн;
Тармақша 5
5) жеке қосалқы шаруашылықтардағы аналық ірі қара мал басын шағылыстыруға пайдаланатын асыл тұқымды етті бағыттағы тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу құнын арзандату кезінде: шағылысу маусымы аяқталғаннан кейін шаруашылық жүргізуші субъектіде селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстардың жүргізілгендігі туралы бірыңғай ақпараттық талдау жүйесінің деректер базасынан үзіндіні; тұқымдық бұқаларды бекіту және пайдалану бойынша елді мекеннің тұрғындары – мал иелері жиналысының көшірмесін; тұқымдық бұқалардың асыл тұқымды куәлігінің және ветеринариялық сертификатының көшірмесін;
Тармақша 6
6) селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізу шығындарын өтеуге: шағылысу маусымы аяқталғаннан кейін шаруашылық жүргізуші субъектіде селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстардың жүргізілгендігі туралы бірыңғай ақпараттық талдау жүйесінің деректер базасынан үзіндіні; 24-аш статистикалық есептілік нысанынан (заңды тұлғалар нысанындағы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін), шаруашылық кітабынан (дара кәсіпкерлер үшін) үзіндімен расталған ірі қара мал басының бар екендігі туралы анықтаманы береді.
Тармақ 20
20. Асыл тұқымды өнiм (шет елден әкелінген ірі қара малдың асыл тұқымды және селекциялық төлін қоспағанда) құнының кемiнде 50%-ын төлеген тауар өндiрушiлердi бюджеттiк субсидиялар алушылардың тiзiмiне енгiзуге жол берiледi. Бұл ретте, тауар өндiрушiлер бөлiмге: сатып алу-сату шартының көшiрмесiн; кемiнде 50 % төленгенiн растайтын төлем құжаттарының көшiрмелерiн; сатып алынған малдардың асыл тұқымды малдардың мемлекеттiк тiзiлiмде тiркелгенiн растайын құжатты ұсынады (селекциялық малдан басқа). Қалған сомаға төлем құжаттарының көшiрмелерiн, сондай-ақ оларды жеткiзiп беру немесе пайдалану актiлерiн тауар өндiрушiлер құнын толық төлегеннен кейiн, бiрақ бюджеттiк субсидиялар алған күннен бастап жетi жұмыс күнiнен кешiктiрмей бөлiмге ұсынады.
Бөлім 21. 21. Бөлiм құжаттардың түсуiне қарай бес жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттарды тексередi. Ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың 19 және 20-тармақтарында белгiленген талаптарға сәйкес болған және осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген өтінімнен бас тартуға негіз болмаған жағдайда бөлім асыл тұқымды және селекциялық төлдiң, құс шаруашылығы өнімдерінің сатып алынғаны туралы, селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүзеге асыру, сондай-ақ тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу туралы жиынтық акт жасайды, бе
21. Бөлiм құжаттардың түсуiне қарай бес жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттарды тексередi. Ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың 19 және 20-тармақтарында белгiленген талаптарға сәйкес болған және осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген өтінімнен бас тартуға негіз болмаған жағдайда бөлім асыл тұқымды және селекциялық төлдiң, құс шаруашылығы өнімдерінің сатып алынғаны туралы, селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүзеге асыру, сондай-ақ тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу туралы жиынтық акт жасайды, бекiтедi және төлем құжаттарының көшiрмелерiн қоса бере отырып, басқармаға ұсынады. Бұл ретте, бөлім басқармаға ұсынылатын растау құжаттарының дұрыстығын және сапасын қамтамасыз етеді. Ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың 19 және 20-тармақтарына сәйкес келмеген және осы Қағидалардың 6-тармағымен бюджеттік субсидиялар ұсыну мүмкін болмаған жағдайда, бөлім ұсынылған құжаттарды оларды тіркеген күнінен бастап жеті жұмыс күнiнен кешiктiрмей керi қайтару себептерiн көрсете отырып, тауар өндірушілерге қайтарады. Ірі қара малдың сатып алынған асыл тұқымды және селекциялық төлiнің арзандатылғаны туралы мәлiметтi бөлiм бюджеттiк субсидиялардың тауар өндiрушiнiң (не лизинг берушінің) банктiк шотына аударылғаны туралы ақпаратты басқармадан алған күннен бастап жеті жұмыс күнi iшiнде бiрыңғай ақпараттық-талдау жүйесiне енгiзуi тиiс.
Тармақ 22. Республикалық малды асылдандыру орталығының, еттi құс шаруашылығы бойынша асылдандыру шаруашылығының, қостанай жылқы тұқымы бойынша асыл тұқымды жылқы зауытының шығындарын толық өтеуді көздейтін субсидияларға арналған ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану тәртiбi
22. Басқарма ұсынылған құжаттарды бес жұмыс күнi iшiнде, бiрақ 2012 жылғы 20 желтоқсаннан кешiктiрмей қарайды. Оларда көрсетiлген бюджеттiк субсидиялардың көлемi мен нормативтерi негiзiнде басқарма белгiленген квоталар шегiнде тиесiлi бюджет ақшасының көлемiн айқындайды, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жиынтық ведомост және ақы төлеу шоттарын қалыптастырады. Тауар өндiрушiлердiң, лизинг берушiлердiң банктiк шоттарына тиесiлi бюджеттiк субсидияларды аударуды басқарма төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне екі данада ақы төлеу шоттарын қоса бере отырып, ақы төлеу шоттарының тiзiлiмiн ұсыну жолымен жүзеге асырады. Басқарма екі жұмыс күні ішінде бөлімге аудан бойынша тауар өндірушілерге төленген бюджет ақшасының көлемі туралы ақпарат жібереді. Ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың 16 және 17-тармақтарында белгiленген талаптарға сәйкес болмаған және/немесе осы Қағидалардың 6-тармағы негізінде субсидиялау мүмкіндігі болмаған жағдайда, басқарма ұсынылған құжаттарды оларды тіркеген күнінен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей керi қайтару себептерiн көрсете отырып бөлімге пысықтауға қайтарады. Республикалық малды асылдандыру орталығының, еттi құс шаруашылығы бойынша асылдандыру шаруашылығының, қостанай жылқы тұқымы бойынша асыл тұқымды жылқы зауытының шығындарын толық өтеуді көздейтін субсидияларға арналған ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану тәртiбi
Тармақ 23
23. Шығындарды толық өтеу үшін 2012 жылғы 20 желтоқсаннан кешіктірмей басқармаға:
Тармақша 1
1) республикалық малды асылдандыру орталығы: Министрлiкпен келiсiлген тiзбе бойынша тұқымдық бұқаларды, шетелдiк селекцияның ұрығын, жабдықты, техниканы сатып алуға арналған шарттарды бiр-бiр данадан; асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды күтiп-бағуға, олардың ұрықтарын алуға, сақтауға және бағалауға, сондай-ақ эмбриондарды алуға, сақтауға және пайдалануға жұмсалған шығындарды (жүзеге асырылуына қарай) растайтын құжаттардың бiр данасын ұсынады;
Тармақша 2
2) еттi құс шаруашылығы бойынша асылдандыру шаруашылығы балапандарды сатып алуға арналған шарттардың бір данасын ұсынады;
Тармақша 3
3) қостанай жылқы тұқымы бойынша асыл тұқымды жылқы зауыты асыл тұқымды жылқыларды өсiруге, ұстауға, тренингке және айғырлардың ұрығын сақтауға арналған шығындарды (жүзеге асырылуына қарай) растайтын құжаттардың бiр данасын ұсынады. Басқарма ұсынылған шарттарды үш жұмыс күнi iшiнде тексередi, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жиынтық ведомост, сондай-ақ ақы төлеу шоттарын қалыптастырады және төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттiк субсидияларды республикалық малды асылдандыру орталығының, еттi құс шаруашылығы бойынша асылдандыру шаруашылығының, қостанай жылқы тұқымы бойынша асыл тұқымды жылқы зауытының банктiк шотына аударады. Республикалық малды асылдандыру орталығы асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды, ұрықты және жабдықты сатып алғаннан кейін, сондай-ақ еттi құс шаруашылығы бойынша асылдандыру шаруашылығы балапандарды сатып алғаннан кейін жеті жұмыс күнi ішінде Басқармаға төлем құжаттары мен кiрiске алу актiсiнiң көшiрмелерiн ұсынады.
Тармақ 24
24. Басқарма осы Қағидалардың 20-тармағына сәйкес бюджеттiк субсидияларды төлеу үшiн аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне екi данада ақы төлеу шотын қоса бере отырып, ақы төлеу тiзiлiмiн ұсынады.
Басқа 69. Мал шаруашылығы және құс шаруашылығы саласындағы тауар өндiрушiлерге қойылатын өлшемдер
Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларына 1-қосымша Мал шаруашылығы және құс шаруашылығы саласындағы тауар өндiрушiлерге қойылатын өлшемдер р/с № Суб­си­ди­я­лау ба­ғыт­та­ры Өл­шем­дер 1 2 3 1. Та­у­ар өн­дiру­шiлер отан­дық асыл тұқым­ды мал за­уыт­та­ры­нан және (неме­се) асыл тұқым­ды мал ша­ру­а­шы­лық­та­ры­нан са­тып ал­ған отан­дық тұқым­дар­дың асыл тұқым­ды төлiнiң құ­нын iшi­на­ра ар­зан­да­ту Мы­на­лар ту­ра­лы мін­дет­те­ме­лер ұсы­ну: 1) са­тып алын­ған асыл тұқым­ды ана­лық мал ба­сын өз тө­лі­нен өсі­ру мақ­са­тын­да ке­мiн­де екі жыл (тұқым­дық­тар­ды ке­мін­де екі рет ша­ғы­лы­сты­ру мау­сы­мы­нан кем емес) пай­да­ла­ну ту­ра­лы; 2) зоо­тех­ни­ка­лық нор­ма­лар­ға сәй­кес кү­тіп-ба­ғу және ве­те­ри­на­ри­я­лық iс-ша­ра­лар­ды жү­зе­ге асы­ру ту­ра­лы. 2. Та­у­ар өн­дiру­шiлер са­тып ал­ған асыл тұқым­ды ірі қа­ра мал төлiнiң құ­нын iшi­на­ра ар­зан­да­ту 1. Бі­рың­ғай ақ­па­рат­тық тал­дау жүй­е­сі­нің ба­за­сы­нан алын­ған үзін­ді­мен рас­тал­ған се­лек­ци­я­лық және асыл­дан­ды­ру жұ­мысы­ның бiрың­ғай ақ­па­рат­тық ба­за­сын­да тiр­ке­уде бо­луы. 2. Мал­дар­дың бiр­дей­лен­дi­ру нө­мiрiнiң және ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­рын бiр­дей­лен­дi­ру жө­нін­де­гі бiрың­ғай де­ректер ба­за­сын­да тiр­ке­уде бо­луы. 3. Са­тып алы­на­тын асыл тұқым­ды төл­дің жа­сы шарт жа­са­су ке­зін­де мы­на­лар­дан ас­па­уы ти­іс: қа­шар­лар – 18 ай­ға дей­ін; құ­на­жын­дар және тұқым­дық бұ­қа­лар – 26 ай­ға дей­ін. 4. Отан­дық се­лек­ци­я­ның асыл тұқым­ды қа­шар­ла­рын (құ­на­жын­да­рын) са­тып алу ке­зін­де мы­на­дай мін­дет­те­ме­лер ұсы­ну Қо­сым­ша мы­на­лар та­лап еті­ле­ді: 1) та­за тұқым­ды кө­бей­ту жо­лы­мен қа­шар­лар­ды (құ­на­жын­дар­ды) өз тө­лі­нен өсі­ру мақ­са­тын­да ке­мін­де екі жыл пай­да­ла­ну ту­ра­лы; 2) сүт­ті ірі қа­ра мал ша­ру­а­шы­лы­ғын­да ірі қа­ра мал­дың ша­ғы­лы­сты­ру кон­тин­ген­тін ба­ға­лан­ған тұқым­дық бұ­қа­лар­дың ұры­ғы­мен 100 % жа­сан­ды ұрық­тан­ды­ру­ды қол­да­ну бой­ын­ша; 3) ет­ті ірі қа­ра мал ша­ру­а­шы­лы­ғын­да ірі қа­ра мал­дың ша­ғы­лы­сты­ру кон­тин­ген­тін ба­ға­лан­ған тұқым­дық бұ­қа­лар­дың ұры­ғы­мен жа­сан­ды ұрық­тан­ды­ру­ды пай­да­ла­ну және/неме­се өз өнім­ді­лі­гі бой­ын­ша ба­ға­лан­ған асыл тұқым­ды тұқым­дық бұ­қа­лар­ды пай­да­ла­ну қол­дан ұрық­тан­ды­ру бой­ын­ша; 4) ти­іс­ті тұқым­дар бой­ын­ша рес­пуб­ли­ка­лық па­ла­та­лар ұсын­ған заң­ды және же­ке тұ­лға­лар­дың ғы­лы­ми және/неме­се кон­сал­тинг­тік сүй­е­мел­де­уі ту­ра­лы; 5) зоо­тех­ни­ка­лық нор­ма­лар­ға сәй­кес кү­тіп-ба­ғу және ве­те­ри­на­ри­я­лық iс-ша­ра­лар­ды жү­зе­ге асы­ру ту­ра­лы. Шет ел­дік се­лек­ци­я­ның асыл тұқым­ды қа­шар­ла­рын (құ­на­жын­да­рын) са­тып алу ке­зін­де*: 1) та­за тұқым­ды кө­бей­ту жо­лы­мен қа­шар­лар­ды (құ­на­жын­ды) өз тө­лі­нен өсі­ру мақ­са­тын­да ке­мін­де екі жыл пай­да­ла­ну ту­ра­лы; 2) сүт­ті ірі қа­ра мал ша­ру­а­шы­лы­ғын­да ша­ғы­лы­сты­ру кон­тин­ген­тін ба­ға­лан­ған тұқым­дық бұ­қа­лар­дың ұры­ғы­мен 100 % жа­сан­ды ұрық­тан­ды­ру­ды қол­да­ну бой­ын­ша; 3) ет­ті ірі қа­ра мал ша­ру­а­шы­лы­ғын­да ірі қа­ра мал­дың ша­ғы­лы­сты­ру кон­тин­ген­тін ба­ға­лан­ған тұқым­дық бұ­қа­лар­дың ұры­ғы­мен жа­сан­ды ұрық­тан­ды­ру­ды пай­да­ла­ну және/неме­се қол­дан ұрық­тан­ды­ру­да өз өнім­ді­лі­гі бой­ын­ша ба­ға­лан­ған асыл тұқым­ды тұқым­дық бұ­қа­лар­ды пай­да­ла­ну бой­ын­ша; 4) ти­іс­ті тұқым­дар бой­ын­ша рес­пуб­ли­ка­лық па­ла­та­лар ұсын­ған заң­ды және же­ке тұ­лға­лар­дың ғы­лы­ми және/неме­се кон­сал­тинг­тік сүй­е­мел­де­уі ту­ра­лы; 5) зоо­тех­ни­ка­лық нор­ма­лар­ға сәй­кес кү­тіп-ба­ғу және ве­те­ри­на­ри­я­лық iс-ша­ра­лар­ды жү­зе­ге асы­ру ту­ра­лы. Же­ке қо­сал­қы ша­ру­а­шы­лық­тар­да­ғы мал ба­сы­нан құ­рал­ған, жал­пы та­бын­ға пай­да­ла­ну үшін және/неме­се та­у­ар­лы та­бын­ның тұқым­дық құ­ра­мын өзгер­ту үшін асыл тұқым­ды тұқым­дық бұ­қа­лар­ды са­тып алу ке­зін­де: 1. Мы­на­дай мін­дет­те­ме­лер ұсы­ну: 1) же­ке қо­сал­қы ша­ру­а­шы­лық­тар­да­ғы мал ба­сы­нан құ­рал­ған та­у­ар­лы және/неме­се жал­пы та­бын­да асыл тұқым­ды тұқым­дық бұ­қа­лар­ды өз тө­лі­нен өсі­ру мақ­са­тын­да ке­мін­де екі жыл ша­ғы­лы­сты­ру мау­сы­мын­да пай­да­ла­ну ту­ра­лы; 2) зоо­тех­ни­ка­лық нор­ма­лар­ға сәй­кес кү­тіп-ба­ғу және ве­те­ри­на­ри­я­лық iс-ша­ра­лар­ды жү­зе­ге асы­ру ту­ра­лы; 2. Же­ке қо­сал­қы ша­ру­а­шы­лық­тар­да­ғы мал ба­сы­нан құ­рал­ған жал­пы та­бын­да – осы бе­кі­ті­л­ген асыл тұқым­дық бұ­қа­лар­ды бе­кі­ту және пай­да­ла­ну бой­ын­ша ел­ді ме­кен тұр­ғын­да­ры­ның ти­іс­ті ауыл­дық округ әкі­мі рас­та­ған жи­на­лыс ше­ші­мі­нің бо­луы. 3. Та­у­ар өн­дiру­шiлер са­тып ал­ған шет ел­ден әке­лін­ген асыл тұқым­ды ірі қа­ра мал тө­лі­нің құ­нын iшi­на­ра ар­зан­да­ту 1. Бі­рың­ғай ақ­па­рат­тық тал­дау жүй­е­сі­нің ба­за­сы­нан алын­ған үзін­ді­мен рас­тал­ған се­лек­ци­я­лық және асыл­дан­ды­ру жұ­мысы­ның бiрың­ғай ақ­па­рат­тық ба­за­сын­да тiр­ке­уде бо­луы.** 2. Мал­дар­дың бiр­дей­лен­дi­ру нө­мiрiнiң және ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­рын бiр­дей­лен­дi­ру жө­нін­де­гі бiрың­ғай де­ректер ба­за­сын­да тiр­ке­уде бо­луы.** 3. Өзі­нің өнім­ді­лі­гі бой­ын­ша ба­ға­лан­ған асыл тұқым­ды тұқым­дық бұ­қа­лар­дың ДНК – пас­пор­ты­ның бо­луы. 4. Са­тып ала­тын асыл тұқым­ды төл­дің жа­сы шарт жа­са­су ке­зін­де мы­на­лар­дан ас­па­уы ти­іс: қа­шар­лар – 18 ай­ға дей­ін; құ­на­жын­дар және тұқым­дық бұ­қа­лар – 26 ай­ға дей­ін. 5. Мы­на­дай мін­дет­те­ме­лер ұсы­ну: 1) та­за тұқым­ды кө­бей­ту жо­лы­мен қа­шар­лар­ды (құ­на­жын­ды) және өзі­нің өнім­ді­лі­гі бой­ын­ша ба­ға­лан­ған асыл тұқым­ды тұқым­дық бұ­қа­лар­ды өз тө­лі­нен өсі­ру мақ­са­тын­да ке­мін­де екі жыл та­за тұқым­ды өсі­ру жо­лы­мен пай­да­ла­ну ту­ра­лы; 2) асыл тұқым­ды ірі қа­ра мал­ды және одан алын­ған төл­ді та­бын­ды өз тө­лі­нен өсі­ру үшін тек Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ау­ма­ғын­да үш жыл ішін­де пай­да­ла­ну ту­ра­лы; 3) ет­ті ірі қа­ра мал ша­ру­а­шы­лы­ғын­да ірі қа­ра мал­дың ша­ғы­лы­сты­ру кон­тин­ген­тін ба­ға­лан­ған тұқым­дық бұ­қа­лар­дың ұры­ғы­мен жа­сан­ды ұрық­тан­ды­ру­ды пай­да­ла­ну және/неме­се қол­дан ұрық­тан­ды­ру­да өз өнім­ді­лі­гі бой­ын­ша ба­ға­лан­ған асыл тұқым­ды тұқым­дық бұ­қа­лар­ды пай­да­ла­ну бой­ын­ша; 4) ти­іс­ті тұқым­дар бой­ын­ша рес­пуб­ли­ка­лық па­ла­та­лар ұсын­ған заң­ды және же­ке тұ­лға­лар­дың ғы­лы­ми және/неме­се кон­сал­тинг­тік сүй­е­мел­де­уі ту­ра­лы; 5) зоо­тех­ни­ка­лық нор­ма­лар­ға сәй­кес кү­тіп-ба­ғу және ве­те­ри­на­ри­я­лық iс-ша­ра­лар­ды жү­зе­ге асы­ру ту­ра­лы. 4. Да­ра кә­сіп­кер­лер­ге және/неме­се заң­ды тұ­лға­лар­ға же­ке қо­сал­қы ша­ру­а­шы­лық­тар­да­ғы ана­лық ірі қа­ра мал ба­сын ша­ғы­лы­сты­ру­ға пай­да­ла­на­тын асыл тұқым­ды ет­ті ба­ғыт­та­ғы тұқым­дық бұ­қа­лар­ды кү­тіп-ба­ғу­ға жұм­са­ла­тын шы­ғын­дар­дың құ­нын iшi­на­ра ар­зан­да­ту 1. Тұқым­дық бұ­қа­ның бі­рың­ғай ақ­па­рат­тық тал­дау жүй­е­сі­нің ба­за­сы­нан алын­ған үзін­ді­мен рас­тал­ған се­лек­ци­я­лық және асыл­дан­ды­ру жұ­мысы­ның бiрың­ғай ақ­па­рат­тық ба­за­сын­да тiр­ке­уде бо­луы. 2. Мал­дар­дың бiр­дей­лен­дi­ру нө­мiрiнiң және ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­рын бiр­дей­лен­дi­ру жө­нін­де­гі бiрың­ғай де­ректер ба­за­сын­да тiр­ке­уде бо­луы. 3. Асыл тұқым­ды тұқым­дық бұ­қа­лар­дың асыл тұқым­ды ку­ә­лі­гі­нің және ве­те­ри­на­ри­я­лық сер­ти­фи­ка­ты­ның бо­луы. 4. Же­ке қо­сал­қы ша­ру­а­шы­лық­тар­да­ғы мал ба­сы­нан құ­рал­ған және зоо­тех­ни­ка­лық нор­ма­тив­тер­ге сәй­кес қол­мен және/неме­се ер­кін ша­ғы­лы­сты­ру­ға пай­да­ла­ны­ла­тын жал­пы та­бын­да­ғы асыл тұқым­ды тұқым­дық бұ­қа­лар­дың бо­луы, олар­ды пай­да­ла­ну, бе­кі­ту және ал­ма­сты­ру. 5. Же­ке қо­сал­қы ша­ру­а­шы­лық­тар­да­ғы мал ба­сы­нан құ­рал­ған жал­пы та­бын­да – осы бе­кі­ті­л­ген асыл тұқым­дық бұ­қа­лар­ды бе­кі­ту және пай­да­ла­ну бой­ын­ша ел­ді ме­кен тұр­ғын­да­ры­ның ти­іс­ті ауыл­дық округ әкі­мі рас­та­ған жи­на­лыс ше­ші­мі­нің бо­луы. 5. Ет­ті ба­ғыт­та­ғы ана­лық ірі қа­ра мал ба­сы­ның са­па­лық құ­ра­мын жақ­сар­ту­мен ай­на­лы­са­тын та­у­ар өн­дiру­шiлер­ге се­лек­ци­я­лық және асыл тұқым­дық жұ­мыстар­ды жүр­гі­зу­мен бай­ла­ны­сты шы­ғын­да­ры­ның құ­нын iшi­на­ра ар­зан­да­ту 1. Бі­рың­ғай ақ­па­рат­тық тал­дау жүй­е­сі­нің ба­за­сы­нан алын­ған үзін­ді­мен рас­тал­ған се­лек­ци­я­лық және асыл­дан­ды­ру жұ­мысы­ның бiрың­ғай ақ­па­рат­тық ба­за­сын­да тiр­ке­уде бо­луы.*** 2. Мал­дар­дың бiр­дей­лен­дi­ру нө­мiрiнiң және ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­рын бiр­дей­лен­дi­ру жө­нін­де­гі бiрың­ғай де­ректер ба­за­сын­да тiр­ке­уде бо­луы. 3. Зоо­тех­ни­ка­лық нор­ма­лар­ға сәй­кес кү­тіп-ба­ғу және ве­те­ри­на­ри­я­лық iс-ша­ра­лар­ды жү­зе­ге асы­ру. Қо­сым­ша Тұқым­дық құ­ра­мын өзгер­ту­ге қа­ты­са­тын та­у­ар­лы та­бын үшін: 1) Асыл тұқым­дық ку­ә­лі­гі бар және зоо­тех­ни­ка­лық нор­ма­тив­тер­ге сәй­кес қол­дан және/неме­се ер­кін ша­ғы­лы­сты­ру­ға пай­да­ла­на­тын асыл тұқым­ды тұқым­дық бұ­қа­лар­дың бо­луы, олар­ды пай­да­ла­ну, бе­кі­ту және ал­ма­сты­ру. Отан­дық се­лек­ци­я­лық асыл тұқым­ды мал ба­сы үшін: 1) ти­іс­ті тұқым­дар бой­ын­ша рес­пуб­ли­ка­лық па­ла­та­лар ұсын­ған заң­ды және же­ке тұ­лға­лар­дың ғы­лы­ми және/неме­се кон­сал­тинг­тік сүй­е­мел­де­уі ту­ра­лы; 2) асыл тұқым­ды ана­лық та­бын­дар­да ұр­па­ғы­ның са­па­сы бой­ын­ша ба­ға­лан­ған тұқым­дық бұ­қа­лар­дың ұры­ғы­мен жа­сан­ды ұрық­тан­ды­ру­ды және/неме­се қол­дан ша­ғы­лы­сты­ру­да асыл тұқым­дық ку­ә­лі­гі бар асыл тұқым­ды тұқым­дық бұ­қа­лар­ды пай­да­ла­ну. Ер­кін ша­ғы­лы­сты­ру­ға жол бе­ріл­мей­ді. Ше­тел­дік се­лек­ци­я­ның асыл тұқым­ды мал ба­сы үшін*: 1) ти­іс­ті тұқым­дар бой­ын­ша рес­пуб­ли­ка­лық па­ла­та­лар ұсын­ған заң­ды және же­ке тұ­лға­лар­дың ғы­лы­ми және/неме­се кон­сал­тинг­тік сүй­е­мел­де­уі ту­ра­лы; 2) шет ел­дік се­лек­ци­я­ның асыл тұқым­ды ана­лық та­бын­да­рын­да ба­ға­лан­ған тұқым­дық бұ­қа­лар ұры­ғы­мен жа­сан­ды ұрық­тан­ды­ру­ды және/неме­се қол­дан ша­ғы­лы­сты­ру­да өз өнім­ді­лі­гі бой­ын­ша ба­ға­лан­ған асыл тұқым­ды тұқым­дық бұ­қа­лар­ды пай­да­ла­ну. 6. Отан­дық құс фаб­ри­ка­ла­ры отан­дық асыл тұқым­ды құс фаб­ри­ка­ла­ры­нан са­тып ал­ған асыл тұқым­ды тәулiк­тiк ба­ла­пан­дар мен асыл тұқым­ды жұ­мыр­тқа­ның құ­нын iшi­на­ра ар­зан­да­ту 1) Тор­да және еден­де ұстау үшiн тех­но­ло­ги­я­лық жаб­дық­тар­дың бо­луы; 2) Ве­те­ри­на­ри­я­лық iс-ша­ра­лар­ды ұй­ым­да­сты­ру және жү­зе­ге асы­ру. 7. Та­у­ар өн­дiру­шiлер са­тып ал­ған ше­тел­ден са­тып ал­ған се­лек­ци­я­лық ірі қа­ра мал тө­лі­нің құ­нын iшi­на­ра ар­зан­да­ту 1. Бі­рың­ғай ақ­па­рат­тық тал­дау жүй­е­сі­нің ба­за­сы­нан алын­ған үзін­ді­мен рас­тал­ған се­лек­ци­я­лық және асыл­дан­ды­ру жұ­мысы­ның бiрың­ғай ақ­па­рат­тық ба­за­сын­да тiр­ке­уде бо­луы.** 2. Мал­дар­дың бiр­дей­лен­дi­ру нө­мiрiнiң және ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­рын бiр­дей­лен­дi­ру жө­нін­де­гі бiрың­ғай де­ректер ба­за­сын­да тiр­ке­уде бо­луы.** 3. Са­тып алы­на­тын се­лек­ци­я­лық төл­дің жа­сы шарт жа­са­су ке­зін­де мы­на­лар­дан ас­па­уы ти­іс: қа­шар­лар – 18 ай­ға дей­ін; құ­на­жын­дар – 26 ай­ға дей­ін. 4. Мы­на­дай мін­дет­те­ме­лер ұсы­ну: 1) се­лек­ци­я­лық қа­шар­лар­ды (құ­на­жын­ды) өз тө­лі­нен өсі­ру мақ­са­тын­да ке­мін­де екі жыл та­за тұқым­ды өсі­ру жо­лы­мен пай­да­ла­ну ту­ра­лы; 2) се­лек­ци­я­лық ірі қа­ра мал­ды және одан алын­ған төл­ді та­бын­ды өз тө­лі­нен өсі­ру үшін тек Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ау­ма­ғын­да үш жыл ішін­де пай­да­ла­ну ту­ра­лы; 3) ет­ті ірі қа­ра мал ша­ру­а­шы­лы­ғын­да өз өнім­ді­лі­гі бой­ын­ша ба­ға­лан­ған асыл тұқым­ды тұқым­дық бұ­қа­лар­ды пай­да­ла­ну бой­ын­ша; 4) ірі қа­ра мал­дың ти­іс­ті тұқым­да­ры бой­ын­ша рес­пуб­ли­ка­лық па­ла­та­лар ұсын­ған заң­ды және же­ке тұ­лға­лар­дың ғы­лы­ми және/неме­се кон­сал­тинг­тік сүй­е­мел­де­уі ту­ра­лы; 5) зоо­тех­ни­ка­лық нор­ма­лар­ға сәй­кес кү­тіп-ба­ғу және ве­те­ри­на­ри­я­лық iс-ша­ра­лар­ды жү­зе­ге асы­ру ту­ра­лы. Ескертпе: * Шетелдік селекцияның асыл тұқымды мал басы деп шет елден әкелінген асыл тұқымды және одан алынған асыл тұқымды төлдің үшінші ұрпағына дейін түсініледі. ** Асыл тұқымды және селекциялық төлді жоспарланған сатып алу (әкелу) бойынша тиісті тіркеу мерзімі тиісті тауар өндірушінің міндеттемесінде көрсетіледі. *** Аталған субсидиялау бағыттары бойынша ұсынылған талаптар барлық санаттар үшін бірыңғай.
Басқа 70. Бюджеттік субсидиялар нормативтері
Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларына 2-қосымша Бюджеттік субсидиялар нормативтері
Тармақ 1. 1. Тауар өндiрушiлер отандық асыл тұқымды мал зауыттарынан және (немесе) асыл тұқымды мал шаруашылықтарынан сатып алған отандық тұқымдардың асыл тұқымды төлiнiң құнын iшiнара арзандату бойынша бюджеттік субсидиялар нормативтері
1. Тауар өндiрушiлер отандық асыл тұқымды мал зауыттарынан және (немесе) асыл тұқымды мал шаруашылықтарынан сатып алған отандық тұқымдардың асыл тұқымды төлiнiң құнын iшiнара арзандату бойынша бюджеттік субсидиялар нормативтері Р/с № Мал­дың түр­ле­рі мен тұқым­да­ры 1 ки­ло­грамм ті­рі сал­ма­ғы­на ар­нал­ған бюд­жет­тік суб­си­ди­я­лар нор­ма­тив­те­рі, тең­ге 1 2 3 Қой 1. Қа­з­ақ­тың би­я­зы жүн­ді қойы Са­тып алу құ­ны­ның 50% ар­тық емес, бі­рақ 1 ки­ло­грамм­нан ті­рі сал­ма­ғы­на 161 тең­ге­ден ас­пай­ды 2. Қа­з­ақ­тың ар­қар ме­ри­но­сы 3. Оң­тү­стік қа­зақ ме­ри­но­сы 4. Сол­тү­стік қа­зақ ме­ри­но­сы 5. Ав­стра­лия ме­ри­но­сы 6. Ци­гай қойы 7. Қа­з­ақ­тың би­я­зы­лау кросс­бред­ті жүн­ді қойы 8. Де­ге­рес ет­ті-жүн­ді қойы 9. Еділ­бай қойы 10. Қа­з­ақ­тың ұяң жүн­ді және қы­л­шық жүн­ді құй­рық­ты қойы 11. Са­ры­ар­қа құй­рық­ты қойы 12. Гис­сар қойы 13. Қа­ра­көл қойы Жыл­қы 1. Қа­з­ақ­тың жа­бы жыл­қы­сы Са­тып алу құ­ны­ның 50% ар­тық емес, бі­рақ 1 ки­ло­грамм­нан ті­рі сал­ма­ғы­на 118 тең­ге­ден ас­пай­ды 2. Кө­шім жыл­қы­сы 3. Мұ­ғал­жар жыл­қы­сы 4. Қа­з­ақ­тың адай жыл­қы­сы Шош­қа 1. Ірі ақ шош­қа Са­тып алу құ­ны­ның 50% ар­тық емес, бі­рақ 1 ки­ло­грамм­нан ті­рі сал­ма­ғы­на 139 тең­ге­ден ас­пай­ды 2. Немі­стің асыл тек­ті шош­қа­сы 3. Дю­рок Түйе 1. Қа­з­ақ­тың ай­ыр өр­ке­ш­ті түй­е­сі Са­тып алу құ­ны­ның 50% ар­тық емес, бі­рақ 1 ки­ло­грамм­нан ті­рі сал­ма­ғы­на 86 тең­ге­ден ас­пай­ды 2. Ару­а­на
Тармақ 2. 2. Тауар өндiрушiлер сатып алған асыл тұқымды ірі қара мал төлiнiң құнын iшiнара арзандату бойынша бюджеттік субсидиялар нормативтері
2. Тауар өндiрушiлер сатып алған асыл тұқымды ірі қара мал төлiнiң құнын iшiнара арзандату бойынша бюджеттік субсидиялар нормативтері р/с № Мал­дың тип­те­рі мен тұқым­да­ры 1 бас­қа ар­нал­ған бюд­жет­тік суб­си­ди­я­лар нор­ма­тив­те­рі, тең­ге Ірі қа­ра мал 1. Қа­ра-ала (гол­ш­тин) сиыр Са­тып алу құ­ны­ның 50% ар­тық емес, бі­рақ 1 бас­қа 107 000 тең­ге­ден ас­пай­ды 2. Қы­зыл (қыр­дың қы­зыл) сиыр 3. Қо­ңыр (ала­тау) сиыр 4. Қыз­ғы­лт са­ры шұ­бар (сим­мен­тал) сиыр 5. Әу­ли­е­а­та сиы­ры 6. Айр­шир сиы­ры 7. Қа­з­ақ­тың ақ­бас сиы­ры 8. Әу­лие­көл сиы­ры 9. Сан­та-гер­тру­да сиы­ры 10. Ша­ро­ле сиы­ры 11. Ге­ре­форд сиы­ры 12. Ан­гус сиы­ры 13. Гал­ло­вей сиы­ры 14. Швиц сиы­ры 15. Қал­мақ сиы­ры
Тармақ 3. 3. Тауар өндiрушiлер сатып алған шетелден әкелінген асыл тұқымды төлдiң құнын iшiнара арзандату бойынша бюджеттік субсидиялар нормативтері
3. Тауар өндiрушiлер сатып алған шетелден әкелінген асыл тұқымды төлдiң құнын iшiнара арзандату бойынша бюджеттік субсидиялар нормативтері р/с № Тұқы­мы Экс­порт­та­у­шы ел­дер 1 бас­қа ар­нал­ған бюд­жет­тік суб­си­ди­я­лар нор­ма­тив­те­рі, тең­ге 1. Ет­ті, сүт­ті және ара­лас тұқым­дар Еуро­па ел­де­рі Са­тып алу құ­ны­ның 50% ар­тық емес, бі­рақ 1 бас­қа 140 000 тең­ге­ден ас­пай­ды 2. Ет­ті, сүт­ті және ара­лас тұқым­дар Ав­стра­лия, Сол­тү­стік және Оң­тү­стік Аме­ри­ка ел­де­рі Са­тып алу құ­ны­ның 50% ар­тық емес, бі­рақ 1 бас­қа 214 000 тең­ге­ден ас­пай­ды 3. Сүт­ті тұқым­дар Ре­сей Фе­де­ра­ци­я­сы, Бе­ла­русь Рес­пуб­ли­ка­сы және Укра­и­на Са­тып алу құ­ны­ның 50% ар­тық емес, бі­рақ 1 бас­қа 107 000 тең­ге­ден ас­пай­ды
Тармақ 3-1. 3-1. Тауар өндiрушiлер сатып алған шет елден әкелінген ірі қара малдың селекциялық төлiнің құнын iшiнара арзандату бойынша бюджеттік субсидиялар нормативтері
3-1. Тауар өндiрушiлер сатып алған шет елден әкелінген ірі қара малдың селекциялық төлiнің құнын iшiнара арзандату бойынша бюджеттік субсидиялар нормативтері р/с № Тұқы­мы Экс­порт­та­у­шы ел­дер 1 бас­қа ар­нал­ған бюд­жет­тік суб­си­ди­я­лар нор­ма­тив­те­рі, тең­ге 1. Ет­ті тұқым­дар Ав­стра­лия Са­тып алу құ­ны­ның 50% ар­тық емес, бі­рақ 1 бас­қа 170 000 тең­ге­ден ас­пай­ды
Тармақ 4. 4. Дара кәсіпкерлерге және/немесе заңды тұлғаларға жеке қосалқы шаруашылықтардағы аналық ірі қара мал басын шағылыстыруға пайдаланатын асыл тұқымды етті бағыттағы тұқымдық бұқаларды күтіп-бағуға жұмсалатын шығындардың құнын iшiнара арзандату бойынша бюджеттік субсидиялар нормативтері
4. Дара кәсіпкерлерге және/немесе заңды тұлғаларға жеке қосалқы шаруашылықтардағы аналық ірі қара мал басын шағылыстыруға пайдаланатын асыл тұқымды етті бағыттағы тұқымдық бұқаларды күтіп-бағуға жұмсалатын шығындардың құнын iшiнара арзандату бойынша бюджеттік субсидиялар нормативтері р/с № Өнім­нің ата­уы 1 бас­қа ар­нал­ған бюд­жет­тік суб­си­дия нор­ма­тив­те­рі, тең­ге 1. Ет­ті ба­ғыт­та­ғы тұқым­дық бұ­қа­лар 47 000
Тармақ 5. 5. Етті бағыттағы аналық ірі қара мал басының сапалық құрамын жақсартумен айналысатын тауар өндiрушiлерге селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізумен байланысты шығындарының құнын арзандату бойынша бюджеттік субсидиялар нормативтері
5. Етті бағыттағы аналық ірі қара мал басының сапалық құрамын жақсартумен айналысатын тауар өндiрушiлерге селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізумен байланысты шығындарының құнын арзандату бойынша бюджеттік субсидиялар нормативтері р/с № Өнім­нің ата­уы 1 бас­қа ар­нал­ған бюд­жет­тік суб­си­дия нор­ма­тив­те­рі, тең­ге 1. Сиыр­лар және құ­на­жын­дар 12 000
Тармақ 6. 6. Отандық құс фабрикалары отандық асыл тұқымды құс фабрикаларынан сатып алған асыл тұқымды тәулiктiк балапандар мен асыл тұқымды жұмыртқаның құнын iшiнара арзандату бойынша бюджеттік субсидиялар нормативтері
6. Отандық құс фабрикалары отандық асыл тұқымды құс фабрикаларынан сатып алған асыл тұқымды тәулiктiк балапандар мен асыл тұқымды жұмыртқаның құнын iшiнара арзандату бойынша бюджеттік субсидиялар нормативтері Р/с № Асыл тұқым­ды өнім­нің тү­рі Тәу­лік­тік ба­ла­пан және асыл тұқым­ды жұ­мырт­қа са­тып алу­ға ар­нал­ған бюд­жет­тік суб­си­ди­я­лар нор­ма­ти­ві, тең­ге ата-тек­тік та­бын­нан* ата-ене­лік та­бын­нан ** 1. Тәу­лік­тік ба­ла­пан (ет­ті) Са­тып алу құ­ны­ның 50% ар­тық емес, бі­рақ 1 бас­қа 275 тең­ге­ден ас­пай­ды 2. Тәу­лік­тік ба­ла­пан (жұ­мырт­қа) Са­тып алын­ған құ­ны­ның 50% ар­тық емес, бі­рақ 1 бас­қа 45 тең­ге­ден ас­пай­ды 3. Та­уық жұ­мырт­қа­сы (жұ­мырт­қа) - Са­тып алу құ­ны­ның 50% ар­тық емес, бі­рақ 1 жұ­мырт­қа­ға 19 тең­ге­ден ас­пай­ды * Етті құс шаруашылығында ата-енелік табынды қалыптастыру үшін. ** Жұмыртқа бағытындағы құс шаруашылығында өнеркәсіптік табынды қалыптастыру үшін. - Асылдандыру шаруашылығы мәртебесін алған асыл тұқымды құс фабрикалары өткізген асыл тұқымды өнім (тәуліктік балапандар, асыл тұқымды жұмыртқа) субсидиялауға жатады.
Басқа 78. Асыл тұқымды өнімді (материалды) өткізудің шекті ең жоғары бағасы, теңге
Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларына 3-қосымша Асыл тұқымды өнімді (материалды) өткізудің шекті ең жоғары бағасы, теңге Асыл тұқым­ды өнім­нің (ма­те­ри­ал­дың) ата­уы Бір­лі­гі үшін Шек­тел­ген ба­ға­лар, тең­ге Рес­пуб­ли­ка­лық мал­ды асыл­дан­ды­ру ор­та­лы­ғы­ның тұқым­дық бұ­қа­лар (ұр­па­ғы­ның са­па­сы бой­ын­ша ба­ға­лан­ған) ұры­ғын өт­кі­зуі: 1) екі жы­ны­сты ұрық 1 до­за 1000-ге дей­ін 2) бір жы­ны­сты ұрық 2000-ге дей­ін Ет­ті құс ша­ру­а­шы­лы­ғы бой­ын­ша асыл­дан­ды­ру ша­ру­а­шы­лы­ғы­ның ет­ті крос­сты асыл тұқым­ды тәу­лік­тік ба­ла­пан­дар­ды өт­кі­зуі 1 бас 550-ге дей­ін
Басқа 79. _______________________ облысы бойынша 2012 жылдың ___ ____ үшін асыл тұқымды өнімді (асыл тұқымды материалды) _____________________________________________________________________ (асыл тұқымды және селекциялық төл, асыл тұқымды жұмыртқа, балапандар - қажеттісі қалдырылсын) сатып алу және субсидиялар төлеу туралы біріктірілген жиынтық ведомост *
Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларына 4-қосымша «Бекітемін» _______________ облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы _________ (аты-жөні, қолы, мөрі) 2012 жылғы «__» ____________ _______________________ облысы бойынша 2012 жылдың ___ ____ үшін асыл тұқымды өнімді (асыл тұқымды материалды) _____________________________________________________________________ (асыл тұқымды және селекциялық төл, асыл тұқымды жұмыртқа, балапандар - қажеттісі қалдырылсын) сатып алу және субсидиялар төлеу туралы біріктірілген жиынтық ведомост * Ата­уы Жыл­дық кво­та Бір бір­лік (бас, кг т/с, да­на) үшін бюд­жет­тік суб­си­ди­я­лар нор­ма­ти­ві, тең­ге Асыл тұқым­ды өнім­нің асыл­дан­ды­ру мақ­са­ты­на нақ­ты са­тып алын­ға­ны (бас, кг т/с, да­на) Жыл­дың ба­сы­нан ба­стап бюд­жет­тік суб­си­ди­я­лар­дың ти­е­сі­лі со­ма­сы, тең­ге Жыл­дың ба­сы­нан ба­стап тө­лен­ген, тең­ге Бюд­жет­тік суби­ди­я­лар­дың ти­е­сі­лі со­ма­сы­ның қал­ды­ғы, тең­ге Тө­ле­у­ге жа­та­ды, тең­ге аудан асыл тұқым­ды өнім­ді неме­се асыл тұқым­ды ма­те­ри­ал­ды са­тып алушы (бас, кг, да­на) тең­ге жыл ба­сы­нан­ба­стап есеп­ті ай ішін­де * сатып алынған асыл тұқымды өнімнің (асыл тұқымды материалдың) әрбір түріне жеке жасалады. Мал шаруашылығы бөлімінің бастығы (жауапты тұлға) __________________ (аты-жөні, қолы) Бухгалтер (жауапты тұлға) _____________________ (аты-жөні, қолы)
Басқа 80. Малды асылдандырушы орталыққа, асылдандырушы шаруашылыққа, қостанай тұқымы бойынша асыл тұқымды жылқы зауытына 2011 жылғы ___________ үшін тиесілі бюджеттік субсидиялар туралы (ай) жиынтық ведомость
Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларына 5-қосымша «Бекітемін» _______________ облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы ___________ (аты-жөні, қолы, мөрі) 2012 жылғы «__» ____________ Малды асылдандырушы орталыққа, асылдандырушы шаруашылыққа, қостанай тұқымы бойынша асыл тұқымды жылқы зауытына 2011 жылғы ___________ үшін тиесілі бюджеттік субсидиялар туралы (ай) жиынтық ведомость Шы­ғын­дар­дың бап­та­ры Бюд­жет қа­ра­жа­тын бө­лу сме­та­сын­да көз­дел­ген со­ма, мың тең­ге Са­тып алын­ған та­у­ар­лар­дың (жа­ну­ар­лар­дың), орын­дал­ған қыз­мет­тер мен жұ­мыстар­дың нақ­ты кө­ле­мі Жыл ба­сы­нан ба­стап ти­е­сі­лі со­ма, мың тең­ге Жыл­дың ба­сы­нан ба­стап тө­лен­ген, мың тең­ге Ти­е­сі­лі со­ма­ның қал­ды­ғы, мың тең­ге Тө­ле­у­ге жа­та­ды, мың тең­ге ЖИЫ­НЫ Мал шаруашылығы бөлімінің бастығы (жауапты тұлға) _____________ (аты-жөні, қолы) Бухгалтер (жауапты тұлға)                         _____________ (аты-жөні, қолы)