Об очередном призыве граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.04.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңының 27-бабының 3-тармағына, 28-бабының 1-тармағына, 31-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" № 274 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 01 наурыздағы № 274 Жарлығын іске асыру туралы" № 326 Қаулысына сәйкес Іле ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Кенттік, ауылдық округ әкімдеріне Өтеген батыр кенті, Титов көшесі, № 30 үй мекен–жайында орналасқан "Іле ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесі арқылы әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ, он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша белгіленген әскери қызмет мерзімдерін өткермеген азаматтар 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
Тармақ 2
2. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу үшін әскерге шақыруды өткізу кезеңіне аудандық шақыру комиссиясы 1-қосымшаға сәйкес құрылсын.
Тармақ 3
3. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 4
4. Кенттік, ауылдық округ әкімдері 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында өтетін шақыру мерзімінде әскер қатарына шақырылғандарды, олардың шақыру учаскесіне шақырылғандығы туралы хабардар етіп және олардың дер кезінде келуін ұйымдастырсын.
Тармақ 5
5. "Іле аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Құсайнов Мақсат Болатұлына (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және жеткізуді өз құзыреті шегінде ұйымдастырып, шақырушыларды жөнелту кезінде шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Тұрымбетов Ерболат Сапарұлына жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8
Іле ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 05 сәуірдегі "Қазақстан Республикасының Азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан–желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 3-352 қаулысына 1-қосымша Аудандық шақыру комиссиясының құрамы Комиссия төрағасы: Тұрымбетов Ерболат Сапарұлы Іле ауданы әкімінің орынбасары Комиссия төрағасының орынбасары: Аширбаев Нұрқанат Өксіханұлы "Іле ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы; Комиссия мүшелері: Құсайнов Мақсат Болатұлы "Іле аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары; Әмірбаев Тоқтағали Әмірбайұлы "Іле аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны директорының орынбасары, медициналық комиссия төрағасы; Комиссия хатшысы: Көмекова Гуля Қасабекқызы "Іле аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының медбикесі.
Басқа 9
Іле ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 05 сәуірдегі "Қазақстан Республикасының Азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан–желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 3-352 қаулысына 2-қосымша Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі № ауылдық аймақтың атауы шақыру- шылар- дың саны күнтізбелік кестесі және жасөспірімдердің саны наурыз 30 31 1 4 5 6 7 8 11 12 13 1 Ақши 330 2 Ащибұлақ 876 3 Байсерке 1123 50 50 50 4 Боралдай 1127 50 50 50 5 Жетіген 785 50 50 50 6 Казцық 401 7 Қараой 395 8 Междуреченское 423 9 Первомайский 352 10 Чапай 249 50 50 11 Энергетик 1150 Барлығы 1300 50 50 50 50 50 50 50 50 50 50 50 Кестенің жалғасы мамыр 14 15 18 19 20 21 22 25 26 27 28 29 2 3 4 50 50 50 50 50 50 50 50 50 50 50 50 50 50 50 50 50 50 50 50 50 50 50 50 50 50 50 50 50 50