Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года Қолданыста
Басқа 0
Азаматтарды 2012 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 "Әскери қызметін белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан- желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы", Жарлығына сәйкес Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Қамысты ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) арқылы 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қаупсіздіқ комитетіне, Қазақстан Республикасы Республикалық ұланына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. "Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігі Қостанай облысы Ішкі істер департаментінің Қамысты аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) әскерге шақыруды өткізу және командаларды жөнелту кезеңінде:
Тармақша 1
1) өз құзыреті шегінде, әскери міндеттілікті орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) әскерге шақырылушыларды әскери бөлімдерге жіберу кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қамысты ауданы әкімінің орынбасары Асқар Жақанұлы Жақсыбаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған кейін сон қолданысқа енгiзiледi және 2012 жылдың 1 сәуірінен бастап туындаған қатынастарға таратылады.
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы ішкі
істер министрлігі Қостанай
облысының Ішкі істер Департаменті
Қамысты ауданының ішкі істер
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
бастығы
_______________ Өмірбаев Р.А.
"Қостанай облысы Камысты
ауданының қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_______________ Абраев М.Д.