Об организации и обеспечении очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года Қолданыста
Басқа 0
Азаматтарды 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңының 27, 31 баптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурызындағы № 274 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Жарлығына сәйкес, Қазақстан Републикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурызындағы № 326 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурызындағы № 274 Жарлығын іске асыру туралы" және Атырау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 15 наурызындағы № 63 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 326 қаулысын іске асыру туралы" қаулыларын іске асыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі, әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе әскерге шақырудан босатылуға құқығы жоқ азаматтарды 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қарулы Күштерді жасақтау үшін қажетті санында мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Әскери басқару органдарын жабдықтау әскерге шақыру (жиын) пунктерімен, оларды күтіп ұстауға дәрі-дәрмектермен, керек жарақтармен, өртке қарсы, медициналық және шаруашылық мүлкімен, автомобиль көлігімен, сондай-ақ байланыс және күзет құралдарымен қамтамасыз етілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары П.М. Хасановқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.