Об очередном призыве граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 8)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңының 27-бабының 3-тармағына, 28-бабының 1-тармағына, 31-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 01 наурыздағы "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 274 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 01 наурыздағы N 274 Жарлығын іске асыру туралы" N 326 Қаулысына сәйкес Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Селолық округ және Есік қаласы әкімдеріне Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Абай көшесі N 322 үй және Шелек селосы, Кадыров көшесі N 2 үй мекен - жайындағы орналасқан "Еңбекшіқазақ ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) шақыру учаскесі арқылы әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ, он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша белгіленген әскери қызмет мерзімдерін өткермеген азаматтар 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
Тармақ 2
2. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу үшін әскерге шақыруды өткізу кезеңіне аудандық шақыру комиссиясы 1-қосымшаға сәйкес құрылсын.
Тармақ 3
3. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 4
4. Селолық округ және Есік қаласы әкімдері 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында өтетін шақыру мерзімінде әскер қатарына шақырылғандарды, олардың шақыру учаскесіне шақырылғандығы туралы хабардар етіп және олардың дер кезінде келуін ұйымдастырсын.
Тармақ 5
5. "Еңбекшіқазақ аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Каскаров Бақытжан Айдарханұлы (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және жеткізуді өз құзыреті шегінде ұйымдастырып, шақырушыларды жөнелту кезінде шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің бірінші орынбасары Қықимов Сәтжан Манасұлына жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8
Еңбекшіқазақ аудан әкімдігінің
2012 жылғы 06 сәуірдегі
Қазақстан Республикасының
азаматтарын 2012 жылдың
сәуір-маусымында және
қазан-желтоқсанында
кезекті мерзімді әскери
қызметке шақыру туралы"
N 348 қаулысына
1-қосымша
Азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу үшін әскерге
шақыруды өткізу кезеңіне аудандық шақыру комиссиясының құрамы:
Тармақ 1
1. Комиссия төрағасы:
Қиқымов Сатжан Манасұлы - Еңбекшіқазақ аудан әкімінің бірінші орынбасары;
Тармақ 2
2. Комиссия төрағаcының орынбасары:
Казахбаев Төлеген Ермекұлы - "Еңбекшіқазақ ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы;
Тармақ 3
3. Комиссиясының мүшелері:
Саулебаев Мақсат Бақытұлы - "Еңбекшіқазақ ауданының ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары;
Тармақ 4
4. Турикбаев Рысбек Байгужикұлы - "Еңбекшіқазақ аудандық емханасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын" директорының орынбасары;
Тармақ 5
5. Комиссия хатшысы:
Садирмекова Нурсауле Оразаевна - "Еңбекшіқазақ аудандық Емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының медбикесі
Басқа 14
Еңбекшіқазақ аудан әкімдігінің
2012 жылғы 06 сәуірдегі
Қазақстан Республикасының
азаматтарын 2012 жылдың
сәуір-маусымында және
қазан-желтоқсанында
кезекті мерзімді әскери
қызметке шақыру туралы"
N 348 қаулысына
2-қосымша
Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі
№
Селолық округ атаулары
Сәуір
Мамыр
Маусым
12
4
5
9
10
11
11
17
18
22
3
4
1
Ават
+
+
2
Ақши
+
+
3
Асы
+
4
Балтабай
+
5
Бәйтерек
+
+
6
Есік қаласы
+
+
+
7
Болек
+
+
8
Маловодное
+
9
Жаңашар
10
Қазақстан
+
11
Қаражота
+
12
Қаракемер
+
13
Қаратурук
+
14
Көктебе
+
+
+
15
Қорам
+
+
16
Қырбалтабай
+
17
Малыбай
+
18
Масақ
+
19
Сөгеті
+
20
Бартоғай
+
21
Рахат
+
22
Саймасай
+
23
Ташкенсаз
+
+
+
+
24
Тескенсу
+
25
Түрген
26
Шелек
кестенің жалғасы
Қазан
Қараша
Желтоқсан
5
8
9
12
16
7
8
6
14
21
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+
+