Об установлении перечня лиц, относящихся к целевым группам населения на 2012 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2012 жылға халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың тізбесін белгілеу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5, 7 баптарына сәйкес, Сайрам ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2012 жылға Сайрам ауданы аумағында тұратын халықтың нысаналы топтары болып мынадай санаттар анықталсын:
Тармақша 1
1) аз табысты адамдар;
Тармақша 2
2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
Тармақша 3
3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған, жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
Тармақша 4
4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
Тармақша 6
6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
Тармақша 7
7) мүгедектер;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
Тармақша 9
9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған тұлғалар;
Тармақша 10
10) оралмандар;
Тармақша 11
11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
Тармақша 12
12) жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты, жұмыстан босатылған адамдар;
Тармақша 13
13) ұзақ (он екі айдан аса) жұмыс істемеген адамдар;
Тармақша 14
14) елу жастан асқан тұлғалар;
Тармақша 15
15) алған мамандығы бойынша еңбек өтілі мен тәжірибесі жоқ, 21 жастан 29 жас аралығындағы жұмыс істемейтін жастар;
Тармақша 16
16) уәкілетті органның жолдамасы бойынша кәсіби оқуды аяқтаған тұлғалар;
Тармақша 17
17) кәсіби және техникалық, сондай-ақ орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдардың түлектері;
Тармақша 18
18) жұмыссыз әйелдер.
Тармақ 2
2. Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Сайрам аудандық жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (Б.Полатов) халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға шаралар көздесін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ш.Р.Халмурадовқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.