Об определении сроков предоставления заявки на включение в список получателей субсидий и оптимальные сроки сева приоритетных сельскохозяйственных культур в 2012 году в городе Петропавловске Қолданыста
Басқа 0
Субсидиялар алушылардың тізіміне қосуға өтінім беру мерзімдерін және Петропавл қаласында 2012 жылы басым ауыл шаруашылық дақылдарын егудің оңтайлы мерзімдерін анықтау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 2-тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 38-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 12-тармағына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінім беру мерзімдері және Петропавл қаласында 2012 жылы басым ауылшаруашылық дақылдарын егудің оңтайлы мерзімдері анықталсын, қосымшаға сай.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Н.Б. Байбақтиновқа жүктелсін.
Тармақ 3. Субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінім беру мерзімдерін және Петропавл қаласында 2012 жылы басым ауылшаруашылық дақылдарын егудің оңтайлы мерзімдері
3. Осы қаулы оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі Б. Жұмабеков
Петропавл қаласы әкімдігінің
2012 жылғы 13 сәуір
№ 631 қаулысына қосымша
Субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінім беру мерзімдерін және Петропавл қаласында 2012 жылы басым ауылшаруашылық дақылдарын егудің оңтайлы мерзімдері
р/
к
№
Дақылдардың атауы
Өтінім беру мерзімі
Егу мерзімі
1
Картоп
2012 жылғы 15 мамырға дейін
2012 жылғы 15 мамырдан – 2012 жылғы 18 мамырға дейін
2
Сәбіз
2012 жылғы 15 мамырға дейін
2012 жылғы 15 мамырдан – 2012 жылғы 18 мамырға дейін
3
Қызылша
2012 жылғы 15 мамырға дейін
2012 жылғы 05 маусымнан 2012 жылғы 07 маусымға дейін
4
Қияр
2012 жылғы 15 мамырға дейін
2012 жылғы 05 маусымнан 2012 жылғы 08 маусымға дейін
5
Орамжапырақ көшеті
2012 жылғы 15 мамырға дейін
2012 жылғы 10 маусымнан 2012 жылғы 15 маусымға дейін