Об определении сроков предоставления заявок на включение в список получателей субсидий и оптимальных сроков сева по каждому виду субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур по Астраханскому району на 2012 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.04.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Астрахан ауданы бойынша 2012 жылға арналған субсидияларды алушылардың тізіміне қосуға өтінімдерді ұсыну мерзімдерін және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша егудің оңтайлы мерзімдерін анықтау туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген, Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 10 тармағына сәйкес, «А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 203 ұсынысының негізінде, Астрахан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Астрахан ауданы бойынша 2012 жылға арналған субсидияларды алушылардың тізіміне қосуға өтінімдерді ұсыну мерзімдері және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша егудің оңтайлы мерзімдері қосымшаға сәйкес анықталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Қ. Қожахметке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Астрахан ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 9 сәурдегі № 96 қаулысына қосымша Астрахан ауданы бойынша 2012 жылға арналған субсидияларды алушылардың тізіміне қосуға өтінімдерді ұсыну мерзімдері және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша егудің оңтайлы мерзімдері № р/с Дақылдардың атауы Егудің оңтайлы мерзімдері Өтінімдерді ұсыну мерзімдері 1 орташа піскен жаздық бидай 14 мамырдан 1 маусымға дейін 7 маусымға дейін 2 орташа кеш жаздық бидай 12 мамырдан 27 мамырға дейін 7 маусымға дейін 3 орташа ерте жаздық бидай 18 мамырдан 4 маусымға дейін 7 маусымға дейін 4 жаздық арпа, сұлы 27 мамырдан 5 маусымға дейін 10 маусымға дейін 5 қарамық 25 мамырдан 3 маусымға дейін 7 маусымға дейін 6 бұршақ 18 мамырдан 31 мамырға дейін 7 маусымға дейін 7 жасымық 18 мамырдан 25 мамырға дейін 7 маусымға дейін 8 ноқат, майлы тұқымға арналған күнбағыс 11 мамырдан 20 мамырға дейін 7 маусымға дейін 9 зығыр 15 мамырдан 31 мамырға дейін 7 маусымға дейін 10 мақсары 11 мамырдан 15 мамырға дейін 7 маусымға дейін 11 картоп 11 мамырдан 20 мамырға дейін 7 маусымға дейін 12 көкөніс 11 мамырдан 15 маусымға дейін 20 маусымға дейін 13 Жемшөп (ағымдағы жылғы көпжылғы шөптер) 11 мамырдан 20 мамырға дейін 7 маусымға дейін 14 сүрлемге арналған жүгері 20 мамырдан 25 мамырға дейін 7 маусымға дейін 15 судандық шөп 20 мамырдан 30 мамырға дейін 7 маусымға дейін