Об определении оптимальных сроков начала и завершения посевных работ по видам продукции растениеводства подлежащим обязательному страхованию в растениеводстве на 2012 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.04.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2012 жылғы өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімін анықтау туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 5) тармақшасына, «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңының 5 бабының 3 тармағының 3) тармақшасына сәйкес, «А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 203 ұсынысының негізінде, Астрахан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2012 жылғы өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімі қосымшаға сәйкес анықталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Қ.Қожахметке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Астрахан ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 9 сәурдегі № 97 қаулысына қосымша 2012 жылғы өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің түрлері бойынша егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері № р/с Дақылдарды атауы Егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері басталуы аяқталуы 1 Орташа кештік жаздық бидай 12 мамырда 27 мамырда 2 Орташа піскен жаздық бидай 14 мамырда 1 маусымда 3 Орташа ерте жаздық бидай 18 мамырда 4 маусымда 4 Жаздық арпа, сұлы 27 мамырда 5 маусымда 5 Қарақұмық 25 мамырда 5 маусымда 6 Майлы тұқымға арналған күнбағыс 11 мамырда 20 мамырда 7 Зығыр 15 мамырда 31 мамырда 8 Мақсары 15 мамырда 25 мамырда