Об организации общественных работ на 2012 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.04.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2012 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20-бабына сәйкес Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған 2012 жылға арналған ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлем мен нақты жағдайлары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қоғамдық жұмыстарда жұмыспен қамтылған жұмыссыздардың еңбек ақысы аудандық бюджет қаражаттары есебінен айына ең төменгі айлық жалақының бір жарым мөлшерінде бекітілсін.
Тармақ 3
3. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру "Алтынсарин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі және ұйымдар арасындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес жасалған қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған шартта көрсетілген талаптары негізінде қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес жүргізілсін.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік салық, шартпен белгіленген мөлшерінде жалақыны есептеу және төлеу жөніндегі екінші деңгейдегі банктердің қызметіне комиссиялық сыйақы төлеуге арналған шығындар аудандық бюджеттен өтелсін және жұмыс берушілердің есеп айырысу шоттарына аударылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.С. Қазыбаевқа жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7
Әкімдіктің 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 91 қаулысымен бекітілген 2012 жылға арналған ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлем мен нақты жағдайлары Ұйымның атауы Қоғамдық жұмыстардың түрлері Қоғамдық жұмыстардың көлемдері Қоғамдық жұмыстардың нақты жағдайлары "Көмек-Алтын" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны 1. Қызметкердің алдын ала кәсіби даярлықтан өтуін талап етпейтін (қоршауларды сырлау және жөндеуге, елдi мекендер пунктерiн жинауға) көмек:
Тармақша 1
1) барлық селолар аумағын күн сайын қоқыстар мен арамшөптерден жинау;
Тармақша 2
2) барлық селолардағы қоқыстарды көлік құралдарына арттыру;
Тармақша 3
3) Танабай, Докучаев, Лермонтов, Красный Кордон, Свердловка, Новоалексеев, Силантьев, Первомай, Приозерный, Большой Чураков, Обаған селоларындағы көше қоршауларын жөндеуге көмектесу;
Тармақша 4
4) Танабай, Докучаев, Лермонтов, Красный Кордон, Свердловка, Новоалексеев, Первомай, Приозерный, Щербаков, Обаған селоларындағы қоршауларды сырлауға көмектесу;
Тармақша 5
5) Докучаев, Красный Кордон, Новоалексеев, Первомай, Приозерный, Большой Чураков, Щербаков, Свердловка, Силантьев, Обаған селоларында жол маңдарындағы және саябақтардағы шөптерді шабу. 2. Қызметкердің алдын ала кәсіби даярлықтан өтуін талап етпейтін (елді мекендерді көгалдандыру мен абаттандыруға) көмек:
Тармақша 1
1) барлық селоларда топырақты гүлзарлар мен гүл бақтар үшін жырту;
Тармақша 2
2) Танабай, Докучаев, Лермонтов, Красный Кордон, Свердловка, Новоалексеев, Первомай, Обаған, Силантьев, Большой Чураков, Приозерный селоларында ағаштардағы құрғақ бұтақтарды кесу және оларды жинау;
Тармақша 3
3) барлық селоларда жас көшеттерді отырғызу және күнделiктi күту;
Тармақша 4
4) барлық селолардағы жиектегi тастарды шөптерден, қоқыстардан тазарту, жиектердi, шарбақтарды ақтау;
Тармақша 5
5) барлық селолардағы ағаштарды, бағандарды ақтау;
Тармақша 6
6) гүлзарларды бөлу және гүлдерді отырғызу (күн сайынғы күтім);
Тармақша 7
7) барлық селолардағы ескерткiштердi, обелисктерді ақтау, сырлау және айналасындағы аумақты жинау;
Тармақша 8
8) Докучаев, Лермонтов, Красный Кордон, Свердловка, Новоалексеев, Силантьев, Первомай, Приозерный, Щербаков, Обаған селоларындағы автобус аялдамаларын ақтау, інішара сырлау және айналасындағы аумақты жинау. 3. Қызметкердің алдын ала кәсіби даярлықтан өтуін талап етпейтін көмек:
Тармақша 1
1) Докучаев, Лермонтов, Красный Кордон, Свердловка, Новоалексеев, Силантьев, Первомай, Приозерный, Большой Чураков, Щербаков селоларында колонкалар, су құбырлар құдықтары маңындағы аумақтарының маңын қоқыстардан, шөптерден тазарту;
Тармақша 2
2) құдықтар мен колонкалардың айналасына топырақ төсеу және нығыздау. 6390000 шаршы метр 310 тонна 11344 қума метр 10480 шаршы метр 58600 шаршы метр 7530 шаршы метр 8,4 тонна 3760 дана 16139 шаршы метр 6335 шаршы метр 106 дана 364 шаршы метр 23 дана 117 дана 40,7 тонна
Тармақша 1
1) жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиіс;
Тармақша 2
2) заңнамаға сәйкес еңбек жағдайлары мен қорғауды қамтамасыз ету, қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау жүргізу;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеуді қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы барлық еңбек қатынастарын сақтау;
Тармақша 5
5) зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнаманы сақтау.