Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета 2012 года областными бюджетами на субсидирование повышения продуктивности и качества продукции животноводства Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.09.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстық бюджеттердiң мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шiлдедегi және «2012–2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2011 жылғы 24 қарашадағы заңдарына сәйкес отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерде мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Облыстық бюджеттердiң мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидалары бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.
Басқа 3. Облыстық бюджеттердiң мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидалары
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 16 мамырдағы № 625 қаулысымен бекiтiлген Облыстық бюджеттердiң мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Облыстық бюджеттердiң мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) 088 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялауға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттiк бағдарламасы бойынша 2012 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен және шегiнде мал шаруашылығы өнiмiн өндiрудi ұлғайту, сапасын және бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру үшiн отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi (бұдан әрi – тауар өндiрушiлер) қолдау мақсатында ағымдағы нысаналы трансферттердi (бұдан әрi – бюджеттiк субсидиялар) пайдалану тәртiбiн айқындайды.
Тармақ 2
2. Бюджеттiк субсидиялар тауар өндiрушiлерге:
Тармақша 1
1) сиыр етiн, шошқа етiн, бройлерлiк құс етi мен күрке тауық етiн (бұдан әрi - құс етi), жұмыртқалағыш кроссты тауық жұмыртқасын (бұдан әрi - тағамдық жұмыртқа) өндiру үшiн пайдаланылатын құрама жемнiң және (немесе) маңыздандырылған азықтың (бұдан әрi - маңыздандырылған азық) құнын iшiнара (45%-ға дейiн) арзандатуға, сондай-ақ сүт, биязы қой жүнi (бұдан әрi - биязы жүн), қой етi, жылқы етi, қымыз және шұбат өндiрiсiне жұмсалатын шығындарды iшiнара өтеуге арналады. Бұл ретте субсидиялар тауар өндiрушiлерге сиыр етінің, шошқа етінiң, сүттің, қой етiнің, жылқы етiнің, биязы жүннiң есептік нөмірлері бар қайта өңдеу кәсiпорындарына (цехтарына) (бұдан әрi - қайта өңдеу кәсiпорындары), сою алаңдарына (пункттерiне) немесе қайта өңдеу кәсiпорындарының қызметiн пайдалану шартымен еркiн нарықта, ал құс етінің, тағамдық жұмыртқаның, қымыздың және шұбаттың – облыстардың жергiлiктi атқарушы органдары бекiткен квоталар шегiнде еркiн нарықта сатылған iс жүзiндегi көлемiне төленедi;
Тармақша 2
2) iрi қара малдың аналық басын (бұдан әрi - сиырларды) азықтандыру үшiн пайдаланылатын шырынды және кесек азықтың (бұдан әрi - азықтың) құнын iшiнара (50%-ға дейiн) арзандатуға арналады.
Тармақ 3
3. Тауар өндiрушiлерге қойылатын өлшемдер осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес белгiленедi. Субсидиялау бағдарламасына қатысушылар арасында квоталарды айқындау тұқым мен өнiмдiлiк бағытына байланысты өнiм шығуының зоотехникалық нормаларын есепке ала отырып, бюджеттiк бағдарламаны iске асыруға облысқа жеткiзiлген қаражат шеңберiнде жүзеге асырылады. Асыл тұқымды емес мал үшiн негiз ретiнде өнiмдiлiктiң орташа аудандық статистикалық көрсеткiшi алынады.
Тармақ 4
4. Субсидияланатын мал шаруашылығы өнiмiнiң 1 (бiр) килограмына, 1 (бiр) данасына, сондай-ақ 1 (бiр) бас сиырға арналған бюджеттiк субсидиялардың нормативi осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес белгiленедi.
Тармақ 5
5. Субсидиялауға мыналар жатпайды:
Тармақша 1
1) осы Қағидаларға 1-қосымшамен белгiленген өлшемдерге сәйкес келмейтiн тауар өндiрушiлер өндiрген сиыр етi, шошқа етi, биязы жүн, қой етi, жылқы етi, қымыз, шұбат, құс етi, тағамдық жұмыртқа және сүт (бұдан әрi – өнiм);
Тармақша 2
2) тауар өндiрушiлер одан әрi қайта сату және (немесе) қайта өңдеу үшiн басқа да жеке және (немесе) заңды тұлғалардан сатып алған өнiм;
Тармақша 3
3) өзара есеп айырысу есебiне, сондай-ақ аффилирленген қайта өңдеу құрылымдарына қайта өңдеуге берудi немесе сатуды қоспағанда, аффилирленген құрылымдарға тауар өндiрушiлер айырбас бойынша сатқан өнiм;
Тармақша 4
4) жеке аулада сойылған сиыр етi, шошқа етi, қой етi, жылқы етi, сондай-ақ қайта өңдеу кәсiпорындарында бастапқы қайта өңдеуден өтпеген сүт;
Тармақша 5
5) жануарларды мәжбүрлi санитариялық сою нәтижесiнде, сондай-ақ аса жұқпалы аурулар бойынша карантиндiк және шектеу iс-шараларының әрекет ету кезеңiнде тауар өндiрушiлер алған өнiм;
Тармақша 6
6) етті құс шаруашылығы өнімдері – аяқтары, бастары, сондай-ақ бөтеге мен бауырдан басқа ішкі органдары;
Тармақша 7
7) жұмыртқа ұнтағын өндіру үшін сатылған және (немесе) берілген тағамдық жұмыртқа;
Тармақша 8
8) тауар өндiрушiлер бордақылауда тұрған сиырларды азықтандыру үшiн пайдаланатын азық.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң (бұдан әрi – Министрлiк) ұсынымдары негізінде облыс әкiмiнiң шешiмiмен мынадай құжаттар бекiтiледi:
Тармақша 1
1) субсидиялар алуға өтiнiмдер нысаны;
Тармақша 2
2) аудан бойынша мал шаруашылығы өнiмiн сату, сондай-ақ сиыр саны туралы жиынтық актiнiң нысаны;
Тармақша 3
3) субсидиялау бағдарламасына қатысушылар арасында квоталар мен бюджеттiк субсидиялар мөлшерiн бөлудiң жиынтық тiзiмiнiң нысаны;
Тармақша 4
4) мал шаруашылығы өнiмiнiң сатылған көлемi, сондай-ақ сиыр саны мен субсидиялар төлеу туралы облыс бойынша жиынтық ведомость нысаны;
Тармақша 5
5) облыс бойынша қаражатты игеру жөнiндегі есеп (ақпарат) нысаны;
Тармақша 6
6) мал шаруашылығы өнiмiн сату көлемi жөнiндегі есеп (ақпарат) нысаны.
Тармақ 7
7. Ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетті іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес субсидиялау бағыттары бойынша мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялауға республикалық бюджетте көзделген қаражатты бөлу Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң бұйрығымен айқындалады.
Тармақ 8
8. Министрлiк мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялауға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi облыс әкiмi мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi арасында қол қойылған Ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келiсiм шеңберiнде төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес облыстық бюджеттерге аударады.
Тарау 2. 2. Тауар өндірушілердің субсидия алуға өтініштерін қарау тәртібі
2. Тауар өндірушілердің субсидия алуға өтініштерін қарау тәртібі
Тармақ 9
9. Тиiстi ауданның ауыл шаруашылығы бөлiмi (бұдан әрi – бөлiм) осы Қағидалар ресми жарияланғанынан кейін жеті жұмыс күн ішінде субсидиялау бағдарламасына қатысуға арналған өтінімдер қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыруды аудан әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырады.
Тармақ 10
10. Тауар өндiрушiлер 2012 жылғы 1 қарашадан кешіктірмей, бөлiмге белгiленген нысан бойынша бюджеттiк субсидиялар алуға арналған өтiнiмдер ұсынады.
Тармақ 11
11. Бөлiм өтiнiмдердi алған сәттен бастап жетi жұмыс күнi iшiнде тауар өндiрушiлердiң осы Қағидаларда белгіленген өлшемдерге сәйкестiгiн тексередi. Тауар өндірушілердің осы Қағидаларда белгіленген өлшемдерге сәйкес келмеуі, бюджеттік субсидиялардың бөлінбеген қалдығының болмауы және (немесе) өтінімдерді белгіленген мерзімнен кеш ұсыну осы факторлар анықталған сәттен бастап субсидиялау бағдарламасына қатысуға рұқсат бермеу үшін негіздеме болып табылады. Мұндай жағдайларда бөлім осы фактілер анықталған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде өтiнiмдердi қабылдамаудың себептерiн жазбаша түрінде көрсете отырып, өтінімдерді тауар өндiрушiлерге қайтарады. Бөлiм аудан бойынша субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар алушылардың жиынтық тізімін жасайды және оны тиісті аудан әкімі бекітеді.
Тармақ 12
12. Бөлiм бекітілген жиынтық тiзiмдi тауар өндiрушiлердiң өтiнiмдерiмен бiрге облыс әкiмiнiң ауыл шаруашылығы мәселелерiне жетекшілік ететін орынбасары төрағалық ететiн облыс әкiмiнiң шешiмiмен құрылатын облыстық комиссияның (бұдан әрi – комиссия) қарауына жiбередi. Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы (бұдан әрi – басқарма) комиссияның жұмыс органы болып табылады. Комиссияның құрамына басқарманың, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгінiң Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттiк инспекция комитетi аумақтық инспекциясының мамандары, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың өкiлдерi кiредi.
Тармақ 13
13. Комиссия:
Тармақша 1
1) бес жұмыс күнi iшiнде бөлiмдер ұсынған өтiнiмдердi осы Қағидаларда белгiленген талаптарға сәйкестiгі тұрғысынан қарайды;
Тармақша 2
2) тауар өндiрушiлердiң өтiнiмдерiн қарау қорытындысы бойынша: тауар өндiрушiлердiң жиынтық тiзiмiн, субсидияланатын мал шаруашылығы өнiмдерiн сатудың жоспарланған көлемiне квоталарды және бюджеттiк субсидиялар мөлшерiн субсидиялау бағдарламасына қатысушылардың арасында бөлудi; тауар өндiрушiлердiң жиынтық тiзiмiн, азық бағасын арзандатуға бюджеттiк субсидия алуға арналған квоталарды субсидиялау бағдарламасына қатысушылар арасында бөлудi жасайды.
Тармақ 14
14. Тауар өндiрушiлер өтiнiм бiлдiрген бюджеттiк субсидиялардың талап етілетін көлемi бюджеттiк субсидиялар көлемiнен асып түскен жағдайда, комиссия неғұрлым жоғары деңгейге жатқызылған тауар өндiрушiлердiң өтiнiмдерiн басым тәртіппен қанағаттандырады, қаражаттың қалдығы берілген өтінімдерге сәйкес тең бөлінеді. Бюджеттiк субсидиялар көлемi тауар өндiрушiлер өтiнiм бiлдiрген бюджеттiк субсидиялардың талап етілетін көлемінен асып түскен жағдайда, басқарма бос қаражаттың бар екендігі туралы ақпаратты бөлiмдерге жеткізеді. Көрсетілген ақпарат бөлiмдер үшін осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен субсидиялау бағдарламасына қатысуға арналған өтінімдерді қайта қабылдауды хабарлау үшін негіз болып табылады.
Тармақ 15
15. Комиссияның ұсынуы бойынша облыс әкімі: субсидияланатын мал шаруашылығы өнiмiнiң көлемiн өндiруге квоталар мен тауар өндiрушiлер арасында субсидиялар мөлшерiн бөлудiң жиынтық тiзiмiн; тауар өндiрушiлердің жиынтық тізімін, арзандатылған азыққа бюджеттік субсидиялар алуға квоталарды бағдарламаға қатысушылар арасында бөлуді комиссияның ұсынуы бойынша облыс әкімі бекітеді. Бекiтiлгеннен кейiн басқарма тізімдерді Министрлiкке және тиiстi бөлiмдерге бiр-бiр данадан жiбередi.
Тарау 3. 3. Тауар өндірушілердің субсидия алу тәртібі
3. Тауар өндірушілердің субсидия алу тәртібі
Тармақ 16
16. Сиыр етi, шошқа етi, қой етi, жылқы етi, сүт, биязы жүн бойынша бюджеттiк субсидиялар алу үшiн тiзiмге енгiзiлген тауар өндiрушiлер өнiмнiң сатылуына қарай, ай сайын (желтоқсанда – 2012 жылғы 20 желтоқсаннан кешiктiрмей) бөлiмге мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) өнiмдi қайта өңдеу кәсiпорындарына сатқан жағдайда: өнiмнің сатылғанын растайтын құжаттардың көшiрмелері (шарт, шот-фактура), сондай-ақ сатып алушылардан төлем құжаттарының көшірмелері (бұдан әрi – төлем құжаттары); сиыр етiн сатқан кезде Қазақстан Республикасының бiрыңғай бiрдейлендiру дерекқорынан сатылған (сойылған) малдардың тiркеуден шығарылғаны туралы үзiндi көшiрме;
Тармақша 2
2) өнiмдi дербес сатқан жағдайда: өнiмнің сатылғанын растайтын құжаттардың көшiрмелері (шарт, шот-фактура); өнiмдi бастапқы қайта өңдеу бойынша көрсетiлген қызметтер үшiн (өнiмдi өзiнiң қайта өңдеу кәсiпорындарына немесе цехтарына тапсыру жағдайларын қоспағанда) төлем құжатының көшiрмесi; сиыр етiн сатқан кезде Қазақстан Республикасының бiрыңғай бiрдейлендiру дерекқорынан сатылған (сойылған) малдардың тiркеуден шығарылғаны туралы үзiндi көшiрме;
Тармақша 3
3) өнiмдi өзiнiң қайта өңдеу кәсiпорындарына немесе цехына берген жағдайда: өнiмге арналған жүкқұжаттың көшірмесі; өнiмді сатуға арналған тауар-көлiктiк жүкқұжаттардың тiзiмi; сиыр етiн сатқан кезде, Қазақстан Республикасының бiрыңғай бiрдейлендiру деректер қорынан сатылған (сойылған) малдардың тiркеуден шығарылғаны туралы үзiндi көшiрме.
Тармақ 16-1
16-1. Бюджеттiк субсидиялар алу үшiн тiзiмге енгiзiлген қымыз, шұбат, құс еті және тағамдық жұмыртқаны өндірумен айналысатын тауар өндiрушiлер бөлімге қымыз және шұбат бойынша өнiмнің сатылғанын растайтын құжаттардың көшiрмелерін, ал құс еті және тағамдық жұмыртқа бойынша төлем құжаттарының тізілімін ұсынады.
Тармақ 17
17. Азық құнын арзандатуға бюджеттiк субсидия алу үшiн тiзiмге енгiзiлген тауар өндiрушiлер бөлiмге мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) мал шаруашылығымен айналысатын шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң селекциялық және асылдандыру жұмысына қатысқанын растайтын селекциялық және асылдандыру жұмысының бiрыңғай ақпараттық базасынан деректердiң үзiндi көшiрмесi;
Тармақша 2
2) заңды тұлғалар нысанындағы ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлер үшiн есептің көшірмесі немесе 24-аш статистикалық есептiлiк нысанынан, ал шаруа (фермер) қожалықтары үшiн сиыр бас санының болуын растайтын шаруашылық кiтабынан үзiндi көшiрме.
Тармақ 18
18. Бөлiм ай сайын, құжаттардың түсуiне қарай (желтоқсанда – 2012 жылғы 20 желтоқсаннан кешiктiрмей) тауар өндірушілердің ұсынған құжаттарын тексередi. Олар осы Қағидаларда белгiленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, аудан бойынша бюджеттiк субсидияларды алушылардың жиынтық актiсiн жасайды, аудан әкімі бекіткеннен кейін басқармаға жіберіледі. Басқарма бөлімдер ұсынған субсидиялар алушылардың жиынтық актілері негізінде осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша облыс бойынша бiрiктiрiлген жиынтық ведомость пен төлеуге берiлетiн шоттар қалыптастырады.
Тармақ 19
19. Ұсынылған құжаттар осы Қағидаларда белгiленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда бөлiм өтінімдер тіркелген күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде оларды керi қайтару себептерiн көрсете отырып, өтiнiш берушiлерге қайтарады.
Тармақ 20
20. Тауар өндiрушiлердiң банктiк шоттарына тиесiлi бюджеттiк субсидияларды аударуды басқарма төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне төлеуге берiлетiн шоттардың екі данасымен қоса төлеуге берiлетiн шоттардың тiзiлiмiн ұсыну жолымен жүзеге асырады.
Тармақ 21
21. Қандай да бiр облыс бөлiнген қаражатты толығымен игермеген жағдайда Министрлiк Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен 2012 жылға арналған бюджеттiк бағдарламаны iске асыруға республикалық бюджетте көзделген қаражат шегiнде облыстар бойынша бюджеттiк субсидияларды төлеуге арналған қаражатты қайта бөлу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныс енгiзедi.
Тармақ 22
22. Басқарма Министрлiкке ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың 5-күнiне дейiнгi мерзiмде, бiрақ 2012 жылғы 30 желтоқсаннан кешiктiрмей бекiтiлген нысандар бойынша бюджеттiк бағдарламаның iске асырылу барысы туралы есептi ұсынады.
Басқа 1. Мал шаруашылығы өнiмiн өндiрумен айналысатын тауар өндiрушiлерге қойылатын өлшемдер
Облыстық бюджеттердiң мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларына 1-қосымша Мал шаруашылығы өнiмiн өндiрумен айналысатын тауар өндiрушiлерге қойылатын өлшемдер Р/с № Өл­шем­дер 1. Сиыр етін өн­ді­ру­мен ай­на­лы­са­тын та­у­ар өн­дiру­шiлер­ге (1-дең­гей) 1. Бiр мез­гiл­де ке­мiн­де 3 000 бас iрi қа­ра мал­ды бор­да­қы­лай­тын қу­а­ты бар және ин­фра­құ­ры­лы­мы да­мы­ған ма­ман­дан­ды­ры­л­ған алаң­ның бо­луы: мал­ды күтiп-ба­ғу­ға ар­нал­ған қо­ра­лар; бе­тон жи­ек­тi азық бе­ру­ге ар­нал­ған на­уа; су­мен жаб­дық­тау көз­де­рі­нің бо­луы және ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған су­а­ру көзi­мен қам­та­ма­сыз етiлуi; фе­кал­дық мас­са мен қар суын шы­ға­рып та­ста­у­ға ар­нал­ған мүй­iсi бар дре­на­ж­дық жүйе; азық дай­ын­дау және азық та­ра­ту тех­ни­ка­сы­ның/жабды­ғы­ның, сон­дай-ақ азық сақ­тау қой­ма­сы­ның бо­луы; бекiт­кi­шi бар жiк­те­гi­штiң, та­ра­зы құ­ры­л­ғы­сы­ның бо­луы; ве­те­ри­на­ри­я­лық пункт­тiң бо­луы. 2. Iрi қа­ра (со­ю­ға өт­кiзiлетiн) мал­дың тiрi­дей сал­ма­ғы 450 ки­ло­грам­нан кем емес* 3. Ве­те­ри­на­ри­я­лық iс-ша­ра­лар­ды ұй­ым­да­сты­ру және жү­зе­ге асы­ру 4. Мал­дар­дың бір­дей­лен­ді­ру нө­мiр­лерiнiң және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бiрың­ғай бір­дей­лен­ді­ру де­ректер ба­за­сын­да тiр­ке­уiнiң бо­луы 2. Сиыр етін өн­ді­ру­мен ай­на­лы­са­тын та­у­ар өн­дiру­шiлер­ге (2-дең­гей) 1. Бiр мез­гiл­де ке­мiн­де 1 500 бас ipi қа­ра мал­ды бор­да­қы­лай­тын қу­а­ты бар және ин­фра­құ­ры­лы­мы да­мы­ған ма­ман­дан­ды­ры­л­ған алаң­ның бо­луы: мал­ды күтiп-ба­ғу­ға ар­нал­ған қо­ра­лар; бе­тон жи­ек­тi азық бе­ру­ге ар­нал­ған на­уа; су­мен жаб­дық­тау көз­де­рі­нің бо­луы және ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған су­а­ру көзi­мен қам­та­ма­сыз етiлуi; азық дай­ын­дау және азық та­ра­ту тех­ни­ка­сы­ның/жабды­ғы­ның, сон­дай-ақ азық қой­ма­сы­ның бо­луы; бекiт­кi­шi бар жiк­те­гi­штiң және та­ра­зы құ­ры­л­ғы­сы­ның бо­луы; ве­те­ри­на­ри­я­лық пункт­тiң бо­луы. 2. Iрi қа­ра (со­ю­ға өт­кiзiлетiн) мал­дың тiрi­дей сал­ма­ғы 420 ки­ло­грам­нан кем емес* 3. Ве­те­ри­на­ри­я­лық iс-ша­ра­лар­ды ұй­ым­да­сты­ру және жү­зе­ге асы­ру 4. Мал­дың бір­дей­лен­ді­ру нө­мiрiнiң және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бiрың­ғай бір­дей­лен­ді­ру де­ректер ба­за­сын­да тiр­ке­уiнiң бо­луы 3. Сиыр етін өн­ді­ру­мен ай­на­лы­са­тын та­у­ар өн­дiру­шiлер­ге (3-дең­гей) 1. Бор­да­қы­ла­уда жыл бойы 400 ба­стан кем емес мал ба­сы­ның бо­луы 2. Iрi қа­ра мал­ды бор­да­қы­ла­у­ға ар­нал­ған ма­ман­дан­ды­ры­л­ған үй-жай­дың неме­се алаң­дар­дың бо­луы: мал­ды күтiп-ба­ғу­ға ар­нал­ған қо­ра­лар; су­а­ру көзi­мен қам­та­ма­сыз етiлуi; азық дай­ын­дау тех­ни­ка­сы­ның бо­луы; жiк­те­гi­штiң және та­ра­зы құ­ры­л­ғы­сы­ның бо­луы. 3. Iрi қа­ра (со­ю­ға өт­кiзiлетiн) мал­дың тiрi­дей сал­ма­ғы 400 ки­ло­грам­нан кем емес* 4. Ве­те­ри­на­ри­я­лық iс-ша­ра­лар­ды ұй­ым­да­сты­ру және жү­зе­ге асы­ру 5. Мал­дың бір­дей­лен­ді­ру нө­мiрiнiң және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бiрың­ғай бір­дей­лен­ді­ру де­рекқо­рын­да тiр­ке­уiнiң бо­луы 4. Сүт өн­дiрiсi­мен ай­на­лы­са­тын та­у­ар өн­дiру­шiлер­ге (1-дең­гей) 1. 01.01.12 ж. 400-ден кем емес сиыр мен қа­шар­лар­дың мен­шiк­тi ана­лық ба­сы­ның (2 жастан ере­сек) бо­луы Са­уын сиыр­лар мен құ­на­жын­дар­дың ор­та­ша жыл­дық бас са­ны (2011 жыл­дың қо­ры­тындысы) 350-ден кем емес та­бын бой­ын­ша ор­та­ша са­уым (2011 жыл­дың қо­ры­тындысы) 4500 кг кем емес ***** тиiстi ин­фра­құ­ры­лы­мы бар қазiр­гi за­ман­ғы сүт ке­шенiнiң (ме­ха­ни­ка­лан­ды­ры­л­ған са­уу, көң шы­ға­ру және азық та­ра­ту, ав­то­су­а­ру және азық цехы) бо­луы 2. Ве­те­ри­на­ри­я­лық iс-ша­ра­лар­ды ұй­ым­да­сты­ру және жү­зе­ге асы­ру 3. Се­лек­ци­я­лық және асыл­дан­ды­ру жұ­мыста­ры­ның бiрың­ғай ақ­па­рат­тық ба­за­сын­да тiр­ке­уде бо­луы** 4. Мал­дың бір­дей­лен­ді­ру нө­мiрiнiң және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бiрың­ғай бір­дей­лен­ді­ру де­ректер ба­за­сын­да тiр­ке­уiнiң бо­луы 5. Сүт өн­дiрiсi­мен ай­на­лы­са­тын та­у­ар өн­дiру­шiлер­ге (2-дең­гей) 1. 01.01.12 ж. 400-ден кем емес сиыр мен қа­шар­лар­дың мен­шiк­тi ана­лық ба­сы­ның (2 жастан ере­сек) бо­луы Са­уын сиыр­лар мен құ­на­жын­дар­дың ор­та­ша жыл­дық са­ны (2011 жыл­дың қо­ры­тындысы) 300-ден кем та­бын бой­ын­ша ор­та­ша са­уым (2011 жыл­дың қо­ры­тындысы) 3250 кг кем емес 2. Ма­ши­на­лы са­уын­ның бо­луы 3. Ве­те­ри­на­ри­я­лық iс-ша­ра­лар­ды ұй­ым­да­сты­ру және жү­зе­ге асы­ру 4. Се­лек­ци­я­лық және асыл­дан­ды­ру жұ­мыста­ры­ның бiрың­ғай ақ­па­рат­тық ба­за­сын­да тiр­ке­уде бо­луы** 5. Мал­дың бір­дей­лен­ді­ру нө­мiрiнiң және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бiрың­ғай бір­дей­лен­ді­ру де­ректер ба­за­сын­да тiр­ке­уiнiң бо­луы 6. Сүт өн­дiрiсi­мен ай­на­лы­са­тын та­у­ар өн­дiру­шiлер­ге (3-дең­гей) 1. 01.01.12 ж. 100-ден кем емес сиыр мен қа­шар­лар­дың ана­лық ба­сы­ның (2 жастан ере­сек) бо­луы Са­уын сиыр­лар­дың ор­та­ша жыл­дық са­ны (2011 жыл­дың қо­ры­тындысы) 60-тан кем емес та­бын бой­ын­ша ор­та­ша са­уым (2011 жыл­дың қо­ры­тындысы) 2500 кг кем емес 2. Ве­те­ри­на­ри­я­лық iс-ша­ра­лар­ды ұй­ым­да­сты­ру және жү­зе­ге асы­ру 3. Се­лек­ци­я­лық және асыл­дан­ды­ру жұ­мыста­ры­ның бiрың­ғай ақ­па­рат­тық ба­за­сын­да тiр­ке­уде бо­луы** 4. Мал­дың бір­дей­лен­ді­ру нө­мiрiнiң және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бiрың­ғай бір­дей­лен­ді­ру де­ректер ба­за­сын­да тiр­ке­уiнiң бо­луы 7. Шош­қа етін өн­дiру­мен ай­на­лы­са­тын та­у­ар өн­дiру­шiлер­ге (1-дең­гей) 1. Бір мез­гіл­де бор­да­қы­ла­уда бо­ла­тын бас са­ны 3000-нан кем емес 2. Мы­на­лар­дың: шош­қа ба­сы­ның (мал ба­сын то­лық­ты­ра­тын төл және ана­лық ме­ге­жін); өн­ді­ріс алаң­да­рын ав­то­мат­тан­ды­ру­дың (азық та­ра­ту, су­а­ру және мик­ро­кли­мат же­лі­сі); мал со­я­тын цехы­ның; құ­ра­ма жем цехы­ның; та­ра­зы құ­ры­л­ғы­сы­ның бо­луы. 3. Ве­те­ри­на­ри­я­лық iс-ша­ра­лар­ды ұй­ым­да­сты­ру және жү­зе­ге асы­ру 4. Шош­қа­ның ті­рідей сал­ма­ғы (со­ю­ға өт­кiз­ген­де) 100 кг кем емес* 8. Шош­қа етін өн­дiру­мен ай­на­лы­са­тын та­у­ар өн­дiру­шiлер­ге (2-дең­гей) 1. Бір мез­гіл­де бор­да­қы­ла­уда бо­ла­тын бас са­ны 1000-нан кем емес 2. Мы­на­лар­дың: мал со­я­тын цехы­ның; та­ра­зы құ­ры­л­ғы­сы­ның бо­луы. 3. Ве­те­ри­на­ри­я­лық iс-ша­ра­лар­ды ұй­ым­да­сты­ру және жү­зе­ге асы­ру 4. Шош­қа­ның ті­рідей сал­ма­ғы (со­ю­ға өт­кiз­ген­де) 100 кг кем емес* 9. Қой етiн өн­дiру­мен ай­на­лы­са­тын та­у­ар өн­дiру­шiлер­ге 1. 01.01.12 ж. са­улық­тар­дың (2 жастан ере­сек) ба­сы­ның бо­луы 600-ден кем емес 2. Қой­ды күтiп-ба­ғу­ға ар­нал­ған үй-жай­лар­дың бо­луы 3. Қой­дың (со­ю­ға өт­кiз­ген­де) тiрi­дей сал­ма­ғы 42 кг кем емес* 4. Ве­те­ри­на­ри­я­лық iс-ша­ра­лар­ды ұй­ым­да­сты­ру және жү­зе­ге асы­ру 10. Жыл­қы етiн өн­дiру­мен ай­на­лы­са­тын та­у­ар өн­дiру­шiлер­ге 1. 01.01.12 ж. би­енiң (3 жастан ере­сек) бо­луы 75 ба­стан кем емес 2. Жыл­қы­ның (со­ю­ға өт­кiз­ген­де) тiрi­дей сал­ма­ғы 350 кг кем емес 3. Ве­те­ри­на­ри­я­лық iс-ша­ра­лар­ды ұй­ым­да­сты­ру және жү­зе­ге асы­ру 11. Қы­мы­зды өн­дiру­мен ай­на­лы­са­тын та­у­ар өн­дiру­шiлер­ге 1. 01.01.12 ж. би­енiң (3-жастан ере­сек) бо­луы 35 ба­стан кем емес 2. Са­уын би­енiң ор­та­ша жыл­дық са­ны 20 ба­стан кем емес 3. Қы­мыз өн­ді­ре­тін цех­тың (үй-жай, қы­мыз жи­най­тын және (неме­се) өн­дiретiн ыдыс) бо­луы 4. Ве­те­ри­на­ри­я­лық iс-ша­ра­лар­ды ұй­ым­да­сты­ру және жү­зе­ге асы­ру 12. Шұ­бат өн­дiру­мен ай­на­лы­са­тын та­у­ар өн­дiру­шiлер­ге 1. 01.01.12 ж. түй­енiң ана­лық ба­сы­ның (3-жастан ере­сек) бо­луы 30 ба­стан кем емес 2. Са­уын iн­ген­дер­дiң ор­та­ша жыл­дық са­ны 15 ба­стан кем емес 3. Шұ­бат өн­ді­ре­тін цех­тың (үй-жай, шұ­бат жи­най­тын және (неме­се) өн­дiретiн ыдыс) бо­луы 4. Ве­те­ри­на­ри­я­лық iс-ша­ра­лар­ды ұй­ым­да­сты­ру және жү­зе­ге асы­ру 13. Би­я­зы жүн­ді өн­дiру­мен ай­на­лы­са­тын та­у­ар өн­дiру­шiлер­ге 1. 01.01.12 ж. са­улық қой ба­сы­ның (2 жастан ере­сек) бо­луы 600 ба­стан кем емес 2. Қой­лар­ды күтiп-ба­ғу­ға, сон­дай-ақ қыр­қу­ға ар­нал­ған үй-жай­лар­дың бо­луы 3. Қыр­қы­л­ған жүн­нiң фи­зи­ка­лық сал­ма­ғы (2011 жыл­дың қо­ры­тындысы) 3,2 кг кем емес 4. Жүн­нiң са­па­сы 60-64 са­па­дан кем емес*** 5. Би­я­зы жүн­дi ба­стап­қы қай­та өң­дей­тін кәс­i­по­рын­да­ры­на би­я­зы жүн­ді өт­кi­зу 6. Ве­те­ри­на­ри­я­лық iс-ша­ра­лар­ды ұй­ым­да­сты­ру және жү­зе­ге асы­ру 14. Құс етiн өн­дiретiн та­у­ар өн­дiру­шiлер­ге (1-дең­гей) 1. 2007 жыл­дан ба­стап пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген жа­ңа құс фаб­ри­ка­сы неме­се негіз­гі жабды­ғы бой­ын­ша жа­ңар­ту­дан өт­кен іс­теп тұр­ған құс фаб­ри­ка­сы 2. Жыл бойы құ­стар­ды тех­но­ло­ги­я­лық жағ­дай­да кү­тіп-ба­ғу, тор­да неме­се еден­де кү­тіп-ба­ғу үшін тех­но­ло­ги­я­лық жаб­дық­тың бо­луы 3. Атал­ған сер­ти­фи­кат­тар­дың (ИСО, «Эко­ло­ги­я­лық өнiм» бел­гiсi, ХАС­СП азық-түлiк қа­уiп­сiздiк жүй­есi) бiрiнiң бо­луы 4. Құс сою же­лі­сі­нің бо­луы 5. Өн­дiрiстiң жыл­дық кө­ле­мi 15 000 тон­на­дан кем емес 6. Ве­те­ри­на­ри­я­лық iс-ша­ра­лар­ды ұй­ым­да­сты­ру және жү­зе­ге асы­ру 15. Құс етiн өн­дiретiн та­у­ар өн­дiру­шiлер­ге (2-дең­гей) 1. Жыл бойы құ­стар­ды тех­но­ло­ги­я­лық жағ­дай­да кү­тіп-ба­ғу, тор­да неме­се еден­де кү­тіп-ба­ғу үшін тех­но­ло­ги­я­лық жаб­дық­тың бо­луы 2. Атал­ған сер­ти­фи­кат­тар­дың (ИСО, «Эко­ло­ги­я­лық өнiм» бел­гiсi, ХАС­СП азық-түлiк қа­уiп­сiздiк жүй­есi) бiрiнiң бо­луы 3. Құс сою же­лі­сі­нің бо­луы 4. Өн­дiрiстiң жыл­дық кө­ле­мi 8 000 тон­на­дан кем емес 5. Ве­те­ри­на­ри­я­лық iс-ша­ра­лар­ды ұй­ым­да­сты­ру және жү­зе­ге асы­ру 16. Құс етiн өн­дiретiн та­у­ар өн­дiру­шiлер­ге (3-дең­гей) 1. Жыл бойы құ­стар­ды тех­но­ло­ги­я­лық жағ­дай­да кү­тіп-ба­ғу, тор­да неме­се еден­де кү­тіп-ба­ғу үшін тех­но­ло­ги­я­лық жаб­дық­тың бо­луы 2. Атал­ған сер­ти­фи­кат­тар­дың (ИСО, «Эко­ло­ги­я­лық өнiм» бел­гiсi, ХАС­СП азық-түлiк қа­уiп­сiздiк жүй­есi) бiрiнiң бо­луы 3. Құс сою же­лі­сі­нің бо­луы 4. Өн­дiрiстiң жыл­дық кө­ле­мi 1 500 тон­на­дан кем емес 5. Ве­те­ри­на­ри­я­лық са­ла­у­ат­ты­лық 17. Күр­ке та­уық етiн өн­дiретiн та­у­ар өн­дiру­шiлер­ге 1. 2007 жыл­дан ба­стап пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген жа­ңа құс фаб­ри­ка­сы және/неме­се негіз­гі жаб­дық­та­ры бой­ын­ша жа­ңар­ту­дан өт­кен іс­теп тұр­ған құс фаб­ри­ка­сы 2. Жыл бойы құ­стар­ды тех­но­ло­ги­я­лық жағ­дай­да кү­тіп-ба­ғу, тор­да неме­се еден­де кү­тіп-ба­ғу үшін тех­но­ло­ги­я­лық жаб­дық­тың бо­луы 3. Атал­ған сер­ти­фи­кат­тар­дың (ИСО, «Эко­ло­ги­я­лық өнiм» бел­гiсi, ХАС­СП азық-түлiк қа­уiп­сiздiк жүй­есi) бiрiнiң бо­луы 4. Құс сою же­лі­сі­нің бо­луы (сою цехы) 5. Өн­дiрiстiң жыл­дық кө­ле­мi 3 000 тон­на­дан кем емес 18. Та­у­ар­лық жұ­мырт­қа өн­дiретiн та­у­ар өн­дiру­шiлер­ге (1-дең­гей) 1. 2007 жыл­дан ба­стап пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген құс фаб­ри­ка­сы неме­се негіз­гі жаб­дық бой­ын­ша жа­ңар­ту­дан өт­кен іс­теп тұр­ған құс фаб­ри­ка­сы 2. Жыл бойы құ­стар­ды тех­но­ло­ги­я­лық жағ­дай­да кү­тіп-ба­ғу, тор­да неме­се еден­де кү­тіп-ба­ғу үшін тех­но­ло­ги­я­лық жаб­дық­тың бо­луы 3. Жұ­мыр­тқа­ны сұ­рып­та­у­ға, бел­гі­ле­у­ге және са­лу­ға ар­нал­ған ав­то­мат­ты ма­ши­на­ның бо­луы ти­іс 4. Атал­ған сер­ти­фи­кат­тар­дың (ИСО, «Эко­ло­ги­я­лық өнiм» бел­гiсi, ХАС­СП азық-түлiк қа­уiп­сiздiк жүй­есi) бiрiнiң бо­луы 5. Та­у­ар­лық жұ­мырт­қа өн­дiрi­сі­нің кө­ле­мi 100 млн. да­на­дан кем емес**** 6. Ве­те­ри­на­ри­я­лық iс-ша­ра­лар­ды ұй­ым­да­сты­ру және жү­зе­ге асы­ру 19. Та­у­ар­лық жұ­мырт­қа өн­дiретiн та­у­ар өн­дiру­шiлер­ге (2-дең­гей) 1. Жыл бойы құ­стар­ды тех­но­ло­ги­я­лық жағ­дай­да кү­тіп-ба­ғу, тор­да неме­се еден­де кү­тіп-ба­ғу үшін тех­но­ло­ги­я­лық жаб­дық­тың бол­мауы 2. Атал­ған сер­ти­фи­кат­тар­дың (ИСО, «Эко­ло­ги­я­лық өнiм» бел­гiсi, ХАС­СП азық-түлiк қа­уiп­сiздiк жүй­есi) бiрiнiң бо­луы 3. Та­у­ар­лық жұ­мырт­қа өн­дiрi­сі­нің кө­ле­мi 40 млн. да­на­дан кем емес**** 4. Ве­те­ри­на­ри­я­лық iс-ша­ра­лар­ды ұй­ым­да­сты­ру және жү­зе­ге асы­ру 20. Та­у­ар­лық жұ­мырт­қа өн­дiретiн та­у­ар өн­дiру­шiлер­ге (3-дең­гей) 1. Жыл бойы құ­стар­ды тех­но­ло­ги­я­лық жағ­дай­да кү­тіп-ба­ғу, тор­да неме­се еден­де кү­тіп-ба­ғу үшін тех­но­ло­ги­я­лық жаб­дық­тың бо­луы 2. Атал­ған сер­ти­фи­кат­тар­дың (ИСО, «Эко­ло­ги­я­лық өнiм» бел­гiсi, ХАС­СП азық-түлiк қа­уiп­сiздiк жүй­есi) бiрiнiң бо­луы 3. Та­у­ар­лық жұ­мырт­қа өн­дiрi­сі­нің кө­ле­мi 20 млн. да­на­дан кем емес**** 4. Ве­те­ри­на­ри­я­лық iс-ша­ра­лар­ды ұй­ым­да­сты­ру және жү­зе­ге асы­ру 21. Шы­рын­ды және ке­сек азық­ты суб­си­ди­я­лау үшiн мал ша­ру­а­шы­лы­ғы­мен ай­на­лы­са­тын та­у­ар өн­дiру­шiлер­ге 1. 01.01.12 ж. жағ­дай бой­ын­ша 30 ба­стан кем емес ана­лық мал ба­сы­ның бо­луы 2. Мал азығы да­қы­лы­ның және (неме­се) ша­бын­дық (ша­бы­ла­тын) да­қыл­дың және (неме­се) мал азығ­ын са­тып алу­ға ке­лі­сім-шар­ттың бо­луы 3. Ве­те­ри­на­ри­я­лық iс-ша­ра­лар­ды ұй­ым­да­сты­ру және жү­зе­ге асы­ру 4. Зоо­тех­ни­ка­лық оқи­ға­лар­ды ен­гі­зе оты­рып, се­лек­ци­я­лық және асыл­дан­ды­ру жұ­мыста­ры­ның бiрың­ғай ақ­па­рат­тық ба­за­сын­да ірі қа­ра мал­дың тiр­ке­уде бо­луы 5. Мал­дың бір­дей­лен­ді­ру нө­мiрiнiң және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бiрың­ғай бір­дей­лен­ді­ру де­ректер ба­за­сын­да тiр­ке­уiнiң бо­луы Ескертпе: * Малдың (союға өткiзiлетiн) тiрiдей салмағы тауар өндiрушi қызметтерiн пайдаланған (малды сою жөнiндегi), есептік алу нөмiрi (коды) бар мал шаруашылығы өнiмдерi сатылған қайта өңдеу кәсіпорны немесе есептік нөмірі бар сою цехы берген анықтамамен расталуға тиiс. ** Сүт өндiрiсiмен айналысатын тауар өндiрушiлер селекциялық және асылдандыру жұмыстарының бiрыңғай ақпараттық базасына тiркелуге тиiс. *** Жүннiң сапасы жүн сапасын бағалау жөнiндегi зертхана берген анықтамамен расталады. **** Құс фабрикалары үшiн тауарлық жұмыртқа сатудың жоспарланған көлемiне квотаны жеткiзген кезде республика бойынша орташа жылдық жұмыртқалауды негiз ретiнде алу керек (1 жұмыртқалағыш тауыққа 280 данадан артық емес). ***** Талап 2011 жылы пайдалануға енгізілген тиісті инфрақұрылымы бар қазіргі заманғы сүт кешендеріне қолданылмайды.
Басқа 2
Облыстық бюджеттердiң мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларына 2-қосымша
Тарау 1. 1. Бюджеттік субсидиялар нормативтері
1. Бюджеттік субсидиялар нормативтері Р/с № Өнiм­нiң түрi Мен­шік­ті өн­ді­рі­сі­нің өт­кі­зі­л­ген өні­мі­нің 1 ки­ло­гра­мы­на, 1 да­на­сы­на берiлетiн бюд­жет­тiк суб­си­ди­я­лар нор­ма­тивi, тең­ге 1. Сиыр етi - I дең­гей 220 2. Сиыр етi - II дең­гей 170 3. Сиыр етi - III дең­гей 120 4. Сүт - I дең­гей 25 5. Сүт - II дең­гей 15 6. Сүт - III дең­гей 10 7. Шош­қа еті - I дең­гей 98 8. Шош­қа еті - II дең­гей 60 9. Қой етi 50 10. Жыл­қы етi 92 11. Қы­мыз 60 12. Шұ­бат 55 13. Жүн 105 14. Құс етi - I дең­гей 70 15. Құс етi - II дең­гей 66 16. Құс етi - III дең­гей 50 17. Күр­ке та­уық етi 105 18. Жұ­мырт­қа - I дең­гей 3,0 19. Жұ­мырт­қа - II дең­гей 2,6 20. Жұ­мырт­қа - III дең­гей 2
Тарау 2. 2. Шырынды және кесек азықтың құнын арзандатуға арналған бюджеттiк субсидиялар нормативi
2. Шырынды және кесек азықтың құнын арзандатуға арналған бюджеттiк субсидиялар нормативi Р/с № Өнiм­нiң түрi Сиыр­дың 1 ба­сы­на бюд­жет­тiк суб­си­ди­я­лар нор­ма­тивi, тең­ге 21. Iрi қа­ра мал 4500
Басқа 3. ______________ облысы бойынша 2012 жылғы ____________ ____________ өндіруге және сатуға субсидиялар төлеуге арналған субсидияланатын мал шаруашылығы өнімі – (керегін қалдыру) біріктірілген жиынтық ведомосі
Облыстық бюджеттердiң мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларына 3-қосымша «Бекітемін» _____________________ облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы ___________ (Т.А.Ә., қолы, мөрі) 2012 жылғы «____» ____________ ______________ облысы бойынша 2012 жылғы ____________ ____________ өндіруге және сатуға субсидиялар төлеуге арналған субсидияланатын мал шаруашылығы өнімі – (керегін қалдыру) біріктірілген жиынтық ведомосі Ата­уы Өнім­ді са­ту­дың жыл­дық кво­та­сы, тон­на, мың да­на 1 кг, да­на өнім­ді ар­зан­да­ту нор­ма­ти­ві Бюд­жет­тік суб­си­ди­я­лар­дың жал­пы қа­жет­ті­лі­гі, тең­ге Іс жү­зін­де са­ты­л­ған өнім, тон­на, мың да­на та­у­ар өн­дiру­шi­нің өнім­дер­дің жыл ба­сы­нан ба­стап есеп­ті ай­да кестенің жалғасы Өнім­ді өн­ді­ру және са­ту үшін іс жү­зін­де пай­да­ла­ны­л­ған құ­ра­ма азық­тар (құ­нар­лы азық­тар), тон­на Жыл ба­сы­нан ба­стап бюд­жет­тік суб­си­ди­я­лар­дың ти­е­сі­лі со­ма­сы, тең­ге Жыл ба­сы­нан ба­стап тө­лен­ге­ні, тең­ге Бюд­жет­тік суб­си­ди­я­лар­дың ти­е­сі­лі со­ма­сы­ның қал­ды­ғы, тең­ге Тө­ле­ну­ге жа­та­ты­ны тең­ге жыл ба­сы­нан ба­стап есеп­ті ай­да Мал шаруашылығы бөлімінің бастығы (жауапты тұлға) ____ (Т.А.Ә., қолы) Бухгалтер (жауапты тұлға) __________________________ (Т.А.Ә., қолы)