Об определении сроков предоставления заявок на включение в список получателей субсидий и оптимальных сроков сева по каждому виду субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур по Аршалынскому району на 2012 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.05.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аршалы ауданы бойынша 2012 жылғы субсидияларды алушылардың тізіміне қосуға құжаттар қабылдау мерзімдерін және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімін анықтау жөнінде «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген, өсімдік шаруашылығы өнімдерінің сапасын және өнімін арттыру үшін жергілікті бюджеттен субсидиялау Ережелеріне, «А.И.Бараевтың атындағы астық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2012 жылғы 19 сәуірдегі № 328 ұсынысына сәйкес, Аршалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сай, Аршалы ауданы бойынша 2012 жылғы субсидияларды алушылардың тізіміне қосуға құжаттар қабылдау мерзімдері және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімі анықталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Аршалы ауданы әкімінің орынбасары Б.Т.Ақшинеевке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы Аршалы ауданы әкімдігінің қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуге алынған күннен бастап күшіне енеді және арнайы жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Аршалы ауданы әкімдігінің «11» мамырдағы 2012 жылғы № А-186 қаулысына қосымша Аршалы ауданы бойынша 2012 жылғы субсидияларды алушылардың тізіміне қосуға құжаттар қабылдау және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері № р/с Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері Субсидия алушылардың тізіміне қосуға құжаттар қабылдау мерзімдері 1. Жазғы егіс 19 мамырдан 4 маусымға дейін 7 маусымға дейін қоса есептегенде 2. Жазғы арпа, сұлы 19 мамырдан 3 маусымға дейін 6 маусымға дейін қоса есептегенде 3. Қарақұмық 25 мамырдан 30 мамырға дейін 1 маусымға дейін қоса есептегенде 4. Бұршақ 20 мамырдан 28 мамырға дейін 31 мамырға дейін қоса есептегенде 5. Күнбағыс 17 мамырдан 28 мамырға дейін 31 мамырға дейін қоса есептегенде 6. Майлы зығыр 17 мамырдан 28 мамырға дейін 31 мамырға дейін қоса есептегенде 7. Жемдік жүгері 18 мамырдан 25 мамырға дейін 29 мамырға дейін қоса есептегенде 8. Көпжылдық дәнді және бұршақты шөптердің көктемгі егілуі 16 мамырдан 20 мамырға дейін 23 мамырға дейін қоса есептегенде 9. Қырыққабат 17 мамырдан 28 мамырға дейін 31 мамырға дейін қоса есептегенде 10. Сәбіз, қызылша 17 мамырдан 25 мамырға дейін 29 мамырға дейін қоса есептегенде 11. Картоп 16 мамырдан 25 мамырға дейін 29 мамырға дейін қоса есептегенде