О предоставлении в 2012 году мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты района Қолданыста
Басқа 0
Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын 2012 жылы ұсыну туралы
"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабы 8 тармағына сәйкес Алтынсарин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2012 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау ұсынылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
"Алтынсарин ауданы әкімдігінің
экономика және қаржы бөлімі"
ММ бастығы
__________________ Е. Павлюк
"Алтынсарин ауданы әкімдігінің
кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық
бөлімі" ММ бастығының
міндетін атқарушы
__________________ Е. Самидосов