Об очередном призыве граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года по Т. Рыскуловскому району Қолданыста
Басқа 0
2012 жылдың сәуір-маусымда және қазан-желтоқсанында Т.Рысқұлов ауданы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы
«Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 27 - бабына, «Әскери қызметтiң белгiленген мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзiмдi әскери қызметке кезектi шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығына және "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 326 Қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әскерге шақыруды кейiнге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ он сегiз жастан жиырма жетi жасқа дейiнгi ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жетi жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгiленген мерзiмдерiн өткермеген азаматтарды 2012 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және жүргізу үшін келесі құрамда аудандық шақыру комиссиясы құрылсын:
Қарсыбаев Ахтан - Т.Рысқұлов ауданы әкімінің
Ахатұлы орынбасары, комиссия төрағасы;
Ердосов Күмісбек - «Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы
Жарылқасынұлы қорғаныс стері жөніндегі бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы,
комиссия төрағасының орынбасары
(келісім бойынша).
Комиссия мүшелері:
Сегізбаев Болат - «Жамбыл облысы Ішкі істер
Тұрмаханұлы департаментінің Т.Рысқұлов аудандық
ішкі істер бөлімі» мемлекеттік
мекемесі бастығының орынбасары,
(келісім бойынша).
Күрішбекова Бақтыгүл - «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық
Мырзағалиқызы сақтау басқармасы, Т.Рысқұлов
аудандық орталық ауруханасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық
кәсіпорнының бас дәрігерінің
орынбасары, дәрігерлік комиссияның
төрайымы, (келісім бойынша).
Сүйінбаева Айнагүл - «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық
Орынтайқызы сақтау басқармасы, Т.Рысқұлов
аудандық орталық ауруханасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық
кәсіпорнының медбикесі, комиссия
хатшысы, (келісім бойынша).
Тармақ 3
3. «Жамбыл облысының Ішкі істер департаменті Т.Рысқұлов ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) өздерінің құзыреті шегінде әскери қызметке шақырудан жалтарған адамдарды жеткізуді қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 1 сәуірінен туындайтын қатынастарға таралады.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қарсыбаевқа жүктелсін.